I теоретические основы логопедии



бет72/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   220
Операцияға дейінгі логопедиялық жұмыстың мақсаты – патологиялық әдеттерін болдырмау және қалыпты сөйлеуін дамытудың базасын (негізін) қалыптастыру. Бұл кезең келесі бағыттарда жүргізіледі:

  1. операциядан кейін таңдай шымылдығын түйістіруге дайындау және

жұтқыншақ бұлшық еттерін дистрофиядан сақтандыру;

  1. ауа жолын бағытты шығаруға дағдыландыру және бұғаналық дем

алуын тежеу;

  1. жұтқыншақ бұлшық еттерін қатайту;

  2. дыбыстарды дұрыс айтуын, оральді праксисті дамытудың және ауыз

қуысында тілдің алға қарай орнығуының алғы шарттарын жасау;

  1. фонемаларды естіп қабылдау, ажырату.

Екінші кезеңде жүргізілетін логопедиялық сабақтардың негізгі мақсаты – таңдай – жұтқыншақтың толық жабысуын, түйісуін дамыту. Сабақ дауысты а, э айтқызудан басталады. Алдымен дыбысты асықпай, созып, орташа дауыспен ашық артикуляциямен айтады. Үшінші, төртінші сабақтан дауысты дыбыстар қосарлап айтылады. Дауысты дыбыстар мына кезектілікпен айтылады: а,э,о,ө,ы,и,у,ұ.
Үшінші кезеңнің негізгі мақсаты – тыныс алумен сәйкестендіре отырып дауыссыз дыбыстарды түзету. Осы кезеңде дыбыс айтуын түзету мен қоса дұрыс дауыстау дағдыларын қалыптастырады. Ол үшін арнайы фонопедиялық жаттығулар қолданады.
Төртінші кезеңнің негізгі мақсаты – жаңа дағдыларды толығымен машықтандыру, үшінші денгейде қойылған дыбыстарды ауызекі сөйлеуде қолдану болып табылады. Әліде болса байқалатын ринофонияны жою және жұмсақ таңдайдың қимылын дамыту үшін вокалды жаттығулар қолданылады.
Қазіргі кезде жиі қолданылатын А. Г. Ипполитованың түзету жүйесі болып саналады. Бұл әдістеме әсіресе баланың дыбыс айтуын түзетуде өте нәтижелі. А. Г. Ипполитова операцияға дейін түзету жұмысын жүргізу қажеттілігін алғашқы негіздеген авторлардың бірі. Бұл әдістеменің ерекшелігі тыныс алу мен артикуляциялық жаттығуларды бірден қатар жүргізу, дыбыс кезектілігін артикуляциясы ұқсас негізінде қалыптастыру болып табылады.
Оқу құралында ринолалияны түзету жұмысы А. Г. Ипполитованың жүйесі бойынша берілген.
Қорытынды. Логопед-мамандар мен дәрігерлер ашық ринолалия кезіндегі сөйлеу ақауларын жоюдың белгілі бір әдістемелерін ұсына отырып, таңдай-жұтқыншақ қақпағының қалыптасуына және нығаюына ұмтылғандарын ринолалия туралы ілімнің даму тарихы көрсетеді. Бұл үшін жеткілікті ұзындықтағы және қозғалыстағы таңдай пердесінің және таңдайдың Пассаван валигімен тоғысу мүмкіндігі болуы қажет. Сонымен бірге, жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының арасындағы және жұмсақ таңдай мен тілдің арқасы арасындағы қашықтықтардың арақатынасы маңызды мағынаға ие болып келеді.
Осыған байланысты, логопедиялық сабақтарда таңдай-жұтқыншақ қақпағының нығаюына байланысты шарттардың дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар, ринолалиялардың бүтін симптоматикасын есепке алып, атап айтқанда, тілдің ауыз қуысындағы ақаулық жағдайын ескере отырып жұмыс істеу қажет.


Жоғарғы еріннің және қатты тандайдың туа біткен жарықтары, олардың баланың жалпы және сөйлеу тілінің дамуына тигізетін әсері

Жақ-сүйек патологияларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және жұмсақ таңдайдың жарықтары болып табылады. Жылдан жылға бұндай ақаулықтардың саны өсуде. Жақ – сүйек патологиясы сөйлеу тілінің дұрыс дамуына кедергі болады.




Жарықшалардың түрлері

Қазіргі кезде төменде көрсетілген топтастыру қолданылады.


Туа біткен үстіңгі еріннің жарығы: жасырынды, жартылай жарық (жарық мұрынның төменгі қуысына жетпейді): а) мұрынның тері-шеміршек бөлімінің деформациясыз; б) мұрынның тері-шеміршек бөлімінің деформациясымен;
Тұтас (толық) жарық (мұрынның төменгі қуысы және кейбір кезде мұрын жолы түбінің шетіне дейін жарықтың болуы). Жарықтар екі жақты және біржақты болуы мүмкін (44 - 45сурет).
Жас кезінен бастап хирургиялық емдеу және қажет болған жағдайда, ортодонт мамандарының бақылауы пайдаланылады. Бұл ақаулық сөйлеудің дамуы үшін қалыпты жағдай тудырады.



44 сурет 45 сурет

Хирургиялық емдеу дер кезінде көрсетілген жағдайда жарықшалардың орнында сәл көрінетін тырқтық қалады (46-49 сурет).



46 сурет 47 сурет



48 сурет 49 сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет