Хватцев М. Е. әдістемесі. Жеке тәжірибе негіздемесіндегі неміс мектебінің қағидалары М. Е. Хватцевпен модификацияланған болатын.
Ол ұсынған әдістеме, отандық, сондай-ақ, шетелдік көптеген мамандардың тәжірибесін жалпылай отырып, тіпті ең қиын жағдайларда оңды нәтижелерге қол жеткізеді, бірақ, логопедтен жоғары шеберлікті және сөйлеу аппаратының анатомиясы мен физиологиясын жетік білуін, ал науқастардан – күш салуды және ынталануды талап етеді. Ол науқастың сөйлеу аппаратын дамыту үшін жаттығулардың күрделі кешенін, жұмыстардың көптеген механикалық әдістемелерін ұсынады.
Осы әдістеменің қиындығы мен жеткіліксіз тиімділігі автордың өзімен бірнеше рет айтылған болатын.
«3-4 ай бойы өтілген курс ерекше қиын жағдайларда әлі толығымен таза (мыңқылдамау) және анық ұғымды сөйлеуге қол жеткізбейді: алғашқы кездерде, дыбыстық үйлесім бойынша жасалған жұмыс пен сөйлеудегі жеке дыбыстарды нығайтуға қарамастан, тірі сөйлеудің қайта игерілген дыбыстары бірін-бірі тежейді және бұрмалайды, жиі мүлдем түсіп қалады және ескі бекітілімдермен ауыстырылады және т.б.»1 Француз бағыты кейбір модификациямен кеңес авторларының (Ф.А. Рау, Е. Ф. Рау, З. Г. Нелюбова, Т. Н. Воронцова, А. Г. Ипполитова) жұмыстарының бірқатарында дамыды.
Осы жұмыстарда операцияға дейінгі, сондай-ақ, операциядан кейінгі ринолалия кезіндегі логопедиялық жәрдемнің қажеттілігі көрсетілген болатын. Дегенмен, көптеген жағдайларда, назар операциядан кейінгі жұмысқа берілетін және операцияға дейінгі сабақтардың мүмкіндіктері туралы тек байқап қана айтылатын.
1931 жылы Ф. А. Раудың «Дооперационные логотерапевтические упражнения при врожденных небных щелях», («Туа біткен таңдай қуыстары кезіндегі операцияға дейінгі логотерапевттік жаттығулар») тақырыбындағы рефераты жарияланған еді.
Осы жұмыста операцияға дейінгі кезеңдегі дұрыс сөйлеуді тәрбиелеуге бағытталған сабақтарды дыбыстарды қоюдың жалпы қабылданған әдістемесі бойынша жүргізу ұсынылған болатын. Ф.А. Рау дұрыс артикуляцияларды операцияға дейін тәрбиелеу қиынырақ, ал дұрыс емес тәрбиеленген қозғалыстар операциядан кейінгі логопедиялық жұмысты шиеленістіру мүмкіндігі туралы ойын айтқан. Осыған байланысты, ол операцияға дейінгі сабақтар кезіндегі сөйлеуді қалыптастыруға өте мұқият болу керек дейді.
1933 жылы жарыққа Е. Ф. Раудың «Практическое руководство по исправлению речи при открытой гнусавости» («Мыңқылдаудың ашық түрлеріндегі сөйлеуді түзету бойынша тәжірибелік нұсқаулығы») шықты. Ол жерде он бір сабақтардағы жұмыстың әдістемесі беріледі. Мұнда мұрынның қысылған жақтары кезіндегі дыбыстарды дұрыс айтуды тәрбиелеу қағидасын пайдалану мен логопедиялық сабақтардың қысқа тізбекті әдістемесін беруге тырысып көрді.
1938 жылы З. Г. Нелюбованың қысқа әдістемелік жазбашасымен «Книга по исправлению недостатков произношения», («Сөйлеудің кемшіліктерін түзету бойынша кітабы») басылып шығарылған еді. Бұл кітапта науқастармен жұмыстардың сегіз бөлімдері келтірілген және туа біткен жарықтары бар балалардың сөйлеу тілін тәрбиелеудің тәсілдері айтылған.
Алдағы жұмыстармен салыстырғанда, З. Г. Нелюбова көптеген жаңа тәсілдерді енгізді: таңдай пердесінің массажы, таңдай пердесіне арналған арнайы жаттығулар (есінеу, басты шалқайтқан кезде бірнеше су тамшыларын жұту, тіл шығарылған кезіндегі жөтелу). Автор дауыс - дем шығару ағымының қалыптасуына және диафрагмалды тыныс алудың қалыптасуына көп назар аударды. Сондай-ақ, өте қатты дауысты, дыбыстық сөйлеуді айту кезіндегі қатты шабуылды кең пайдалану көзделді. Бұл жерде алғашқы рет ринолалиясы бар адамда өзінің сөйлеуіне есту зейінін дамыту қажеттілігі айтылып бет бұлшықеттерінің тик түріндегі және хореикалық қозғалыстардың туындауын болдырмау мүмкіндіктері көрсетілді.
Осылайша, З. Г. Нелюбова ринолалия кезіндегі сөйлеу жаттығуларының жүйесін ұсынды.
Ринолалия кезіндегі логопедиялық жұмыстың қиындықтары ақауға әсер етудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүрледі.
1952–1955ж.ж. А. Г. Ипполитова т.б. ғалымдар «Логопедические приемы работы при открытой гнусавости и псевдобульбарном параличе» («Ашық мыңқылдау мен псевдобульбарлы паралич кезіндегі логопедиялық жұмыстың тәсілдері») (1952) және «Приемы логопедической работы при открытой гнусавости» («Ашық мыңқылдау кезіндегі логопедиялық жұмыстың тәсілдері») (1955) мақалаларында осындай науқастармен жұмыс істеудің тәжірибесін жалпылаған еді.
Т.Н. Воронцованың жұмыстарында (1966) ересек науқастардағы уранопластикадан кейінгі логопедиялық әсер етудің дифференциациясы жүргізілген болатын. Жұмсақ таңдайдың ұзындығына, қозғалымдылығына және жұтқыншақ бұлшықеттердің дамуына байланысты Т.Н. Воронцова науқастарды 3 топқа бөліп, олармен жұмыс істеудің ерекшелігін көрсеткен болатын. Сонымен қатар, логотерапия мен физиотерапияны пайдаланудың кезектілігі мен үйлесуі көрсетілді, әсер ету кезеңдері мен олардың мазмұндары анықталды.
Ақауды игерудің анағұрлым тиімді жолдарын іздей отырып, логопед-мамандар дәрігерлермен бірлесе отырып, ақауды талдаудың жаңа әдістерін пайдаланған болатын. Мысалы, логопед Н. И. Сереброва дәрігер Л. В. Дмитриевпен бірлесе отырып (1969), ринолалиясы бар балалармен түзету жолдарының динамикасын көруге және бір логопедиялық тәсілдермен сөйлеудің қызметтерін толық қалпына келтіру мүмкіндігін болжауға мүмкіндік беретін рентгенография әдісін қолданған еді.
Осы әдісті пайдалану, логопедиялық жұмыстың тиімділігі бірқатар факторларға: жұмсақ таңдайдың және жұтқыншақтың артқы қабырғасының қозғалымдылығына, жұтқыншақтың артқы қабырғасы мен жұмсақ таңдай арасындағы қашықтыққа, жұтқыншақтың орта бөлігінің еніне тәуелді екендігін көрсетті.
Берілген сөйлеудің бұзылуы кезінде логопедиялық жұмыстың нұсқаулықтарының біреуі ұсынылды: логопедиялық сабақтарда науқастар сөйлеу кезінде дем шығарудың негізгі тәртіптерін үйренді. Ол таңдай пердесінің кернеуі кезінде, тілдің түбірі түсірілген, төменгі жақтың мүмкін болғанша көп түсірілуі кезінде жасалынуы керек. Дұрыс сөйлеу кезіндегі тыныс алуын өңдеумен бірге, әдістеме дауысты түзетуді және дыбыстарды артикуляциялауды қарастырды.
Н. И. Сереброваның байқаулары, дауыстың қалыпты дыбыстануы үшін жұмсақ таңдайдың жұтқыншақтың артқы қабырғасымен толық түйісуі міндетті еместігі туралы болжамдарын растады. Егер жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасындағы қашықтық жұмсақ таңдай мен тіл арқасы арасындағы қашықтыққа қарағанда аз болса, онда оқыту үрдісінде сөйлеуді мұрын ерекшеліктерінсіз алуға болады.
Осындай жағдайда, ринолалия кезіндегі сөйлеу ақауларын түзету тәжірибесінде рентгенография әдісін қолдану түзету жұмысы басталуына дейін сөйлеуді түзету нәтижелерін алдын-ала болжауға және жұмыстың жоспарын белгілеуге қол жеткізді. Сабақтардың үрдісінде жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының қозғалымдылығы жақсаруы және олардың арасындағы қашықтық маңызсыз дәрежеде қысқаруы ескерілген.
Ересектерге арналған С. Л. Таптапованың әдістемесінде үндемеу режимін, дауысты дыбыстарды іштен айтуы ұсынылады. Ондай шаралар бет –ауыздың тыжырайтушылығын және мұрыннан сөйлеуін азайтуға дайындайды. Сонымен қатар автор вокалдық жаттығулар жасауды ұсынады.
В.И. Ермакова (1980) дыбыс айту және дауысты түзетудің денгейлік әдістемесін құрастырады. Автор туа біткен жарықшақтары бар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дауыс шығарудың функциональді ауытқулары болатынын, соған байланысты ортофониялық жаттығуларды өңдейді, жетілдіреді. Операциядан кейінгі кезеңге ерекше назар аударады және жұмсақ таңдайдың қимыл–қозғалысын дамытуға бағытталған тәсілдерді ұсынады.
Ринолалияны түзету – педагогикалық жұмысын төрт кезеңге бөледі:
1. Операцияға дейінгі дайындық кезең. 2. Операциядан кейінгі кезең. Дауысты дыбыстарды қою. Мұрындық резонансты жою.
3. Дыбыс айтуын түзету, тыныс алуын, фонациясын және артикуляциясын үйлестіру кезеңі.
4. Жаңа дағдыларды толық машықтандыру кезеңі.