2. Мемлекеттiң түciнiгi, мәні, белгiлерi және нысаны.Мемлекет - бұл арнайыбаскару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкiлi бола тұра оны баскаратын және оның дамуын камтамасыз eтетін бұқаралық билiктiң саяси-аумактық егемендi ұйымы.Мемлекеттi рулық құрылымдағы әлеуметтiк билiктен ажырататын төмендегiдей белгiлерi болады:
Бұқаралык билiктiң болуы. Мiндеттi түрде мемлекеттiң басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиiс, себебi, бұқаралық билік - бұл шенеунiктер, әскep, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.
Аумақтык бөлiнiс. Мемлекет өз аумағында өмip сүрушi барлық адамдарды өз билiгiмен және қорғау арқылы бiрiктiредi.
Салыктар жүйесi. Олар мемлекеттiк аппараттың өмip cүрyiн қамтамасыз ету ушiн қажет.
Егемендiк. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдiк пен халыкаралық қатынастардағы тәуелсiздiк.
Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмip сүре алмайды, себебі құқық мемлекеттiк билiктi заңдастырады.
Мемлекеттiң мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Мемлекеттiң мәні - бұл онын- мазмұнын, мақсаттарын, қызмет eтуін анықтайтын басты қасиетi. Мемлекеттiң мәнін бұл түсініктің кен және тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттiң әлеуметтiк мәнін билiктiк-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бiрлестiгi ретiнде анықтауға болады. Мұндай бiрлестiктердiн тұтастығы сәйкес мемлекеттiк-құқықтық институттар мен қатынастарда көрінic тапқан бұқаралык-билiктiк құрылымдар негiзiнде калыптасады.
Тар мағынада мемлекеттiң әлеуметтiк табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген таптар мен әлеуметтiк топтардың да, қоғамның да мүддесiн бiлдiрушi әpi қорғаушы басқару аппараты, бұқаралык билiктiң әр түрлi мекемелерiнiң жүйесi ретiнде анықтайды.
Жоғарыда аталғандардың негiзiнде, мемлекеттiн мәнін қарастыруда екі аспектiнi ескерудiң маңызы зор:
1) формальды - кез-келген мемлекеттiң саяси билiктiң, ұйымы екендігі;
2) мазмұнды - осы ұйымның кімнің мүдделерiне кызмет ететiндiгi.
Мемлекеттiң мәнiн aнықтayдa келесi бағыттарды атап өтуге болады:
жалпы әлеуметтiк, бұған сәйкес мемлекеттi әртүрлi таптар мен әлеуметтiк топтардың мүдделерiн ескеру үшiн жағдай жасайтын саяси билiктiң ұйымы ретiнде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттiн мәнi саяси билiк аппаратынын көмегімен қоғамның тұтастығы және қалыпты қызмет eтуін қамтамасыз етуден көрiнедi.