Құқық теориясының негіздері. Мемлекет және құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихы. «ҚР құқық негіздері»


Мемлекеттiк билiк әлеуметтiк билiктiң ерекше түpi ретінде



бет3/7
Дата23.02.2022
өлшемі49,98 Kb.
#132933
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекция Кукык жэне мемлекет
Ата-аналармен жұмыс, фото түсті металдар, Ы Алтынсарин
3.Мемлекеттiк билiк әлеуметтiк билiктiң ерекше түpi ретінде. Мемлекеттiк билiкке сипаттама берместен бұрын әлеуметтік билiкке аныктама берiп алу кажет. Әлеуметтiк билiк- бұл адамдардың кез-келген бiрiгуiне тән үстемдiк пен бағынушылық қатынастары. Бұл кезде бip тұлғалардың - билiк құрушылардың еркі мен әрекеттерi басқа тұлғалардын - бағынушылардың – epкі мен әрекеттерiне үстемдiк құpaды. Әлеуметтiк билiк кез-келген ұйымдacқaн, белгiлi бip дәрежеде тұрақты адамдар тобына - руға, тайпаға, отбасына, қоғамдык ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамғa және т.б. тән.
Мемлекеттiк билiк әлеуметтiк билiктiң ерекше бiр түpi ретiнде көрініс табады. Бұл мемлекеттiк мәжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдiк және бағынушылык сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас.
Мемлекеттiк билiктiң ерекшелiктерi:

  1. Бұқаралық билiк. Ол бүкiл қоғамның, халықтың атынан қызмет етедi және өз қызметiнде бұқаралық, негiзгі қазына мүлкіне, өз кipicтеріне, салықтарға ие.

  2. Аппараттық билік. Ол аппаратка. мемлекетгiк органдар жүйесіне сүйенедi және олара арқылы жузеге асырылады.

  3. Заң қолдайтын билік. Сол себептi. ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегi барлык халық үшiн мiндеттi сипатты иеленеді.

  4. Егемендi билiк- ол кез-келген билiктен дербес және тәуелсiз.

  5. Заңдастырылған билiк. Яғни, ал заңды негiздi және қоғамдык тануды иеленген.

Мемлекетте енбек бөлiнiсi болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түpiнe негiзделген дербес билiк түрлерi қалыпасқан жағдайда ғана, мемлекеттiк билiктiн тиiмдiлiгi артады. Мұндай билiктiң үш түpi бар: заң шығарушы билiк, атқарушы билiк және сот билiгi.
Басқару нысаны - бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамнын немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, баскарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика болып табылады.
Монархия - бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархта, болуымен сипатталатын баскару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен баска бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген монархиялар, өз кезегіңде, өкілдік (дуалистік) және парламентарлық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылык билікті жүзеге асыра алады. ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құкықтарын иеленеді. Ал парламен тарлық монархияда монархтың құқыктык жағдайы әлдеқайда шек телген болады. монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
Республика - жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түр лерге бөлінеді: 1) парламентгік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі, шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады; 2) пре зиденттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды кызметінен босатады; 3) аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет