I. Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары Төтенше жағдай


-бап. Ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы міндеттері



бет3/28
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#166001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
5-бап. Ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы міндеттері
Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлап, өткізуге;
- төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі туралы немесе пайда болуы туралы белгіленген тәртіппен ақпарат беріп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнінде хабардар етуге;
- қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезінде әскерилендірілмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдістерін үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететін жергілікті жүйе құрып, оны үнемі әзірлікте ұстауға;
- қарауындағы өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерде, соларға іргелес аумақтарда бекітілген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтіру және төтенше жағдайларды жою жөніндегі басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге;
- заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру шараларын жүзеге асыруға міндетті.
ҚР Үкіметі белгіленген тізбе бойынша қызметінде төтенше жағдайлардың пайда болу қатері басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерін жасап, ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі күштер құрылуын, дайындалуы мен әзірлікте ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті.
13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкілеттілігі
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге қатысады;
- халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, ТЖ алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;
- ТЖ алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды жергілікті қорлардан қаржыландыруды жүзеге асырады;
- материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;
- ТЖ салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, ТЖ аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
- ТЖ жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет