Егер көшеде болсыңыз:
Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.
Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз
Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
Сынған терезелердің құлауы;
Үзілген электр желілері;
Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
Өрт;
Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.
Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.
Жер сілкінісен кейін:
Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
Радиоқабылдағышты қосыңыз;
Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;
Ашық отты пайдаланбаңыз;
Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.
Назар аударыңыздар!
Радио үнемі қосулы тұрсын!
Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!
Өрт
Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
Автокөліктен шыққан жалынға;
Күн күркірегендегі найзағайларға;
Майланған материалдың үйкелісіне;
Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.
Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.
Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.
Достарыңызбен бөлісу: |