Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Қарағанды облысының азаматтарын құқықтық



Дата14.04.2017
өлшемі161,74 Kb.
#13748
Қарағанды облысы

мәслихаты XVIII сессиясының

2005 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 265 шешімімен

бекітілген

Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті

қалыптастыру, Қарағанды облысының азаматтарын құқықтық

оқыту және тәрбиелеу бойынша 2006-2007 жылдарға арналған

АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМА
1 бөлім. Бағдарламаның паспорты.


Бағдарламаның атауы:

Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Қарағанды облысының азаматтарын құқықтық оқыту және тәрбиелеу бойынша 2006-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама

Негізі:


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2005-2007 жылдарға арналған құқық түсіндіру жұмысы, құқық мәдениетін қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу Бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1382 қаулысы.

Негізгі әзірлеушілер:

Қарағанды облысының Әділет департаменті, Қарағанды облысы әкімінің аппараты

Мақсаты:

Қарағанды облысы азаматтарының құқықтық түсінік және құқық мәдениеті деңгейін арттыру, Заңға құрметпен қарауды қалыптастыру

Міндеттері:

Қазақстан заңнамасын түсіндіру бойынша мақсатты жұмыс жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық дайындық, құқықтық біліктілік деңгейін арттыру.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекеттерді жандандыру, құқық түсіндіру жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды, соның ішінде бүкіләлемдік «Интернет» желісін кеңінен қолдану.

Барлық үлгідегі оқу орындарында құқықтық оқытудың жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу


Іске асыру мерзімдері:


2006-2007 жылдар

Қаржыландырудың көлемдері мен көздері:

Бағдарлама қосымша қаржыны талап етпейді және ұйымның өз қаржысы мен Қазақстан

Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.



Күтілетін нәтижелер:

Бағдарламада көзделген іс-шараларды орындау мүмкіндік береді:

облыс азаматтарының құқықтық хабардарлығы деңгейін арттыру, осы мақсатпен жергілікті басылымдарда, теле және радиохабарларда құқықтық тақырыптағы арнайы айдарлар санын арттыру;

Қарағанды облысы азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейін елеулі арттыру;

құқық тәртібі мен заңға құрметтің нақты жағдайын жасау;

мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың құқық түсіндіру жұмыстарын, азаматтарды құқықтық оқытуы мен тәрбиелеуін үйлестіру.




2 бөлім. Кіріспе

Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Қарағанды облысының азаматтарын құқықтық оқыту және тәрбиелеу бойынша 2006-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) азаматтардық құқықтық танымы мен мәдениетін арттырудың мақсаттары мен міндеттерін, сол сияқты оларды іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерін айқындайды, себебі олар қоғамдағы азаматтық келісім мен құқық тәртібін нығайтуға, азаматтық қауымдастықтың барлық мүшелерінің құқық пен Заң құндылықтарын толық қабылдауға ықпал етеді.

Тұрғындарды құқықтық оқыту бойынша жүргізілетін жұмыстарға қарамастан тұрғын халықтың мәдениет деңгейі әлі жеткіліксіз деңгейде қалып келеді.

Әділет, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, сол сияқты бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан мемлекет пен оның тұрғын халқы алдында тұрған мәселелерге кешенді келуді құру қажет. Тек бірлесе қимылдағанда Қазақстан Республикасының Президенті қойған тапсырмаларды шешуде күткен нәтижелерге жетуге болады.

Бұл Бағдарлама қылмыспен күресте, қолданымдағы заңнама туралы және басқа бағыттар бойынша ақпарат алмасуда бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ), құқық қорғау органдарымен белсене іс-қимылдар жасауда кең мүмкіндіктер мен перспективаларға жол ашады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2005-2007 жылдарға арналған құқық түсіндіру жұмысы, құқық мәдениетін қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу Бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1382 қаулысына сәйкес әзірленген.

Осы Бағдарламаны іске асыру тұрғын халықты құқықтық оқыту жөніндегі жұмысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
3 бөлім. Мәселенің қазіргі жағдайын талдау
Құқық түсіндіру, құқық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық оқыту және тәрбиелеу мәселелері өзара байланысты және қоғам өмірінің барлық жақтарына қатысты.

Мәселенің қазіргі жағдайын талдау акценттерді ауыстыру, жаңа ағымдарды, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескеру, азаматтардың құқықтық қатынастардың жаңа түрлеріне бейімделулеріне ықпал ету керектігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру шаралары туралы» 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысын орындауға орай Қарағанды облысында ұйымдар мен мекемелер базасында құқықтық білім мектептері ұйымдастырылды.

Алайда, құқықтық жұмыс қаланың барлық мекемелерінде бірдей жүргізілмейді, жүргізілсе де жеткілікті деңгей мен көлемде емес.

Мұндай жағдайда осы бағыттағы жұмысты әріптестік және өзара байланыс жолымен Қарағанды облысы аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелерде құқықтық оқыту жұмысын жаңа ұйымдастыру деңгейіне көтеру үшін жандандыру қажет.

Құқықтық түсіндіру жұмысында, әсіресе құқықтық білім мектептерінде тыңдаушылардың білімін, кәсібін, салалық бағытын ескере отырып, жеке ыңғайда жасауға қол жеткізу керек. Ақпарат ағынының үнемі артуы, оның жүйесіз сипаты мұны тұрғын халықтың қабылдамауына әкеліп соқтырады.

Сол себепті бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, аса маңызды, түйінді мәселелерді бөліп көрсетіп, тұрақты жариялауға қол жеткізу қажет. Алайда, мерзімді басылымдар бетінде жарияланатын, теле және радиохабарларында эфирге шығатын материалдардың талдауы құқықтық тақырыпты жариялаудың әлі де жеткіліксіздігін көрсетеді.

Мемлекеттік органдардың, әрбір мемлекеттік қызметшінің, кәсіби заңгердің, әсіресе құқық түсіндіру жұмысына қатысатын құқық қорғау жүйесі субьектілерінің, сол сияқты ғылыми мекемелердің, ғылыми-педагогикалық кадрлардың ролін арттыру қажет. Өзінің кезегінде мемлекеттік органдардың қатысуымен оқу орындары, ғылым мекемелері зерттеулер жүргізуді жандандыруы және осы мәселенің теориялық базасын қамтамасыз етуі кекрек. Осы салада перспективалы ғылыми әзірлемелер жүргізетін жас ғалымдарды ынталандыру мақсатымен гранттар ұсыну жүйесін дамыту керек, құқықтық мәдениет пен азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми зерттеулермен айналысу үшін жағдайлар жасау қажет.

Облыстың мемлекеттік органдарының құқық түсіндіру саласындағы жұмыстың бөлектенуіне жол бермеу керек.

Жаңа ақпараттық технология жетістіктерін ескерумен құқық түсіндіру жұмысы бойынша іс-шаралар өткізудің түрлері мен тәсілдерін өзгерту талап етіледі, біртұтас талап, жалпы методология жасау қажет. Лекциялық насихаттың құқық түсіндіру жұмысының басты түрлерінің бірі ретіндегі ролі әлсірегендіктен бұған құқық қорғау, сот органдарының білікті лекторларын, барынша тәжірибелі маман-практиктерді белсенді түрде тарту керек, олардың еңбегі тиісінше төленуі қажет.

БАҚ-та жарияланатын құқықтық сипаттағы көптеген материалдар біліксіз, төмен деңгейде даярланады, біржақты беріледі және шағын ведомстволық мүддені көздейді. БАҚ-тағы көптеген материалдарда оларда келтірілетін фактілер бойынша тиісті талдаулар мен қорытындылар жоқ. Құқық түсіндіру, ескерту-профилактикалық қызметтің тиімділігіне көрсетілетін төмен сапалы фильмдер мен хабарлар теріс әсерін тигізуде.

Құқық мәдениетін түзуде, құқық білімін таратуда әртүрлі әдебиеттер шығарудың үлкен маңызы бар, олардың жетіспеушілігі барлық оқу орындарында сезілуде. Өйткені құқық түсіндіру жұмысы байыпты теориялық білімге сүйенуі керек.

Бүгінгі күнде облыстың көптеген оқу орындарындағы тарих кабинеттерінде құқық бұрыштары жабдықталған, оларда құқық тақырыбына арналған әдебиеттер жинақталған. Осыған байланысты тиісті әдебиеттермен және көрнекі құралдармен жабдықтап, құқық білімінің жеке кабинеттерін ұйымдастыру керек.

Барлық оқу орындарында құқық пәндер бойынша білікті педагогикалық кадрлар дайындау шешілмеген мәселенің бірі болып табылады. Жалпы білім беру мектебінде «Мемлекет пен құқықтың негіздері» пәні аптасына бір сағат жүктемемен тек 9 сыныпта ғана беріледі. Сол сияқты жекелеген мектептерде аптасына бір сағат факультативті түрде «Демократия» пәні 10 сыныпта, «Құқық мозаикасы», «Баршаға арналған заң» пәндері 5 сыныпта өткізіледі. Жалпы білім беру мектептерінде әзірше құқық негіздерін оқытуда «экспериментальдық» сипат басым.

Мемлекеттік шешімдердің қабылдануы мен олардың орындалуын бақылауға азаматтардың белсенді түрде қатысулары қабылданатын шешімдердің сапасына және оларды іске асырудың тиімділігіне оң әсерін тигізеді.

Қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің тиісті сапасын қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, тұрғын халықтың құқықтық тәрбиесін уақыт талабына сай келтіру, заңгерлерді, басқа мемлекеттік қызметшілерді кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу оң құқық мәдениетін түзуге, Заңды жаппай құрметтеу жағдайына ықпал етеді.

Осылайша жағдайдың талдауы құқық түсіндіру жұмысында, құқықтық оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда барлық түрлер мен тәсілдер үйлесімін қолдану керектігін, сол сияқты барлық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтың қоғамдағы құқықтық мәдениетті түзу жөніндегі қызметін үйлестіру керектігін көрсетеді.

4 бөлім. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты Қарағанды облысы азаматтарының құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету мына міндеттерді шешуге ықпал етеді:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру, онда анықталған кемшіліктерді жою жұмысын жүргізу;

2) мемлекеттік қызметшілердің жаңа генерациясының құқықтық даярлық деңгейін арттыру;

3) бұқаралық ақпарат құралдарының өзара байланысы, құқық түсіндіру жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;

4) барлық түрдегі оқу орындарында жаңа оқу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу.



5 бөлім. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетіктері
Бағдарламада қойылған міндеттерге жету үшін шаралар кешені қарастырылған, олар құқық түсіндіру жұмысы жолымен тұрғын халықтың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға, құқық мәдениетін түзуге, барлық оқу орындарында құқықтық оқыту деңгейін арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімін арттыруға бағытталған.

1. Құқық түсіндіру жұмысы, құқық мәдениетін қалыптастыру
Бұл бағытта бірінші кезекте «Қазақстан-2030» Стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасының қағидаларын орындау жөніндегі түсінік жұмысын жүргізуді, Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруді, заңнан туындаған актілерді уақытында түсіндіруді қамтамасыз етуге үлкен көңіл аударылуы керек.

Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес саясатын ізгілендіру бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, өлім жазасына кезеңмен тыйым салу мәселесіне мониторинг өткізу жұмысын жандандыру қажет.

Бұған қоса, Қарағанды облысының мемлекеттік органдарының күш-қуатын мына негізгі міндеттерді орындауға жұмылдыру керек:


  1. құқықтық түсіндіру жұмысын жетілдіру, маңызды құқықтық ақпаратты жедел тарату және алу, облыс әкімдігінің ресми сайтында ұйымдастырылатын оң тәжірибелермен алмасу мақсатында Қарағанды облысының барлық мемлекеттік органдарында, соның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде электрондық парақтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  2. жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық айдарлар ашу;

  3. БАҚ-та басшылар мен мамандардың барынша маңызды құқықтық мәселелер бойынша тұрақты сөз алуларын тәжірибеге енгізу;

  4. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген жағдайда тұрғын халық пен заңды тұлғалар үшін БАҚ-та түсініктеме беретін жарияланымдарды қамтамасыз ету;

Мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін құқықтық түсіндіру жұмысының басты қағидасы ақпараттың тұрғын халықтың кең ауқымына барынша қолжетімділігі болуы қажет.
2. Құқықтық оқыту және тәрбиелеу
Жалпы білім беру мектептерінде оқушылар үшін құқықтық ақпарат алудың қалыптасып қалған қасаң түрлерін өзгерту, балаларға құқықтық тәрбие беру тәсілдерін жетілдіру, білім берудің дистанциялық, тәжірибе алмасу және тағы басқа жаңа формалары мен түрлерін кеңінен пайдалану қажет.

Орта және жоғары оқу орындары оқушыларының бойында отаншылдық, заңға бағыну, адамгершілік қасиет сезімі, басқа азамсатттардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу сезімін қалыптастыру мақсатында оқушыларға қолжетімді қалыпта (турнирлер, іскерлік ойындар, сынып сағаттары, тағы басқа) іс-шаралар өткізу талап етіледі.

Құқықтық оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша оқытушыларға аймақтық конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастыру қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің заңнама саласындағы білімін жетілдіру және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерін даярлау мен қайта даярлауға көңіл бөлу керек. Бұл жағдайда сабақтар өткізу барысында ғалым-заңгерлерді, политологтарды, құқық қорғау, сот және басқа органдардың барынша тәжірибелі практикалық қызметшілерін белсенді түрде тарту талап етіледі.


6 бөлім. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
2006-2007 жылдарға арналған құқық түсіндіру жұмысы бойынша іс-шаралар, құқық мәдениетін түзу, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу шаралары қосымша қаржы бөлусіз, мемлекеттік ұйымдарды ұстауға көзделген қаражаттың есебінен өткізілуі мүмкін.
7 бөлім. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламада көзделген іс-шараларды орындау мыналарға мүмкіндік береді:

1) Қарағанды облысының барлық мемлекеттік органдарының, соның ішінде орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілерден және оларды түсіндіруден тұратын электрондық парақтарының қызметін қамтамасыз етуге;

2) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық тақырыпқа арналған айдарлар, соның ішінде «сұрақ-жауап» ұйымдастыруға;

3) Мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандарының барынша маңызды құқықтық мәселелер бойынша БАҚ-та тұрақты сөз алуларын қамтамасыз етуге;

4) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген жағдайда жергілікті деңгейде қажетті түсініктеме беретін жарияланымдарды қамтамасыз етуге;

5) облыс тұрғындарының құқықтық мәдениетін елеулі арттыруға;



6) мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық түсіндіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеуді қамтамасыз етудегі күш-жігерін үйлестіруге.

8 бөлім. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары



Р/с №

Іс-шаралар


Аяқтау түрі


Орындауға жауаптылар


Орындау мерзімі


Күтілетін шығыстар

(млн.теңге)

Қаржыландыру көздері

1. Құқық түсіндіру жұмысы, құқық мәдениетін қалыптастыру

1

Облыс әкімдігінің ресми сайтында облыстың мемлекеттік органдарының электронды парақтарының жұмысын ұйымдастыру (нормативтік құқықтық актілер мен заңнама нормаларының түсіндірмесі)

Мемлекеттік органдардың электрондық беттері

Қалалар мен аудандардың әкімдері, басқармалардың, департаменттердің, комитеттердің, облыстың мемлекеттік мекемелерінің бөлімдерінің басшылары


Тұрақты, 2006 жылдың ІІ тоқсанында ресми сайт ұйымдастырылған соң



Мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаржының есебінен іске асырылады




2

«Қазақстан-2030» Стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасының қағидаларын орындау жөніндегі түсінік жұмысын жүргізу

Бұқаралық ақпарат құралдарында (одан әрі – БАҚ) сөз алулар және лекциялық сабақтар



Қалалар мен аудандардың әкімдері, басқармалардың, департаменттердің, комитеттердің, облыстың мемлекеттік мекемелерінің бөлімдерінің басшылары

Тұрақты

Мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаржының есебінен іске асырылады




3

Мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандарының барынша маңызды құқықтық мәселелер бойынша БАҚ-та тұрақты сөз алуларының жоспарын бекіту

БАҚ-та сөз алулар жоспары


Қалалар мен аудандардың әкімдері

Жыл сайын І тоқсанда

Мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаржының есебінен іске асырылады




4

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, баспа басылымдарында құқықтық тақырыпқа арналған айдарлар, соның ішінде «сұрақ-жауап» ұйымдастыру

БАҚ-тағы тұрақты айдарлар

Қалалар мен аудандардың әкімдері, жергілікті БАҚ

2006 жылдың І тоқсаны, одан әрі – тұрақты

Мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаржының есебінен іске асырылады




5

Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес саясатын ізгілендіру бойынша белсенді құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз алулар және лекциялық сабақтар


Әділет департаменті, құқық қорғау органдары (келісім бойынша)


Тұрақты

Мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаржының есебінен іске асырылады




6

Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес саясатын ізгілендіру, Қазақстан Республикасында өлім жазасына кезеңмен тыйым салу мүмкіндіктері бойынша мониторинг жүргізуді іске асыру

Анкеталау



Әділет департаменті, басқармалардың, департаменттердің, комитеттердің, облыстың мемлекеттік мекемелері бөлімдерінің басшылары

Жыл сайын ІІ тоқсанда

Мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаржының есебінен іске асырылады




7

Қазақстан Республикасының жаңа нормативтік құқықтық актілеріне және заңнамасына өзгерістер енгізуді жедел түсіндіруді қамтамасыз ету


БАҚ-та түсіндіру

Қалалар мен аудандардың әкімдері, басқармалардың, департаменттердің, комитеттердің, облыстың мемлекеттік мекемелерінің бөлімдерінің басшылары

Тұрақты, нормативтік құқықтық акт қабылданған соң бір ай ішінде

Мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаржының есебінен іске асырылады




2. Құқықтық үйрету және тәрбиелеу

8

Облыстың ұйымдарының, мекемелерінің базасында, әсіресе ауылдық жерлерде құқықтық білім мектебінің жұмысын жандандыру

Әділет департаментіне ақпарат

Қалалар мен аудандардың әкімдері, Әділет департаменті (келісім бойынша)

Ай сайын 25 жұлдызға дейін

Мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаржының есебінен іске асырылады




9

Мұғалімдер үшін құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша аймақтық конференциялар өткізу

Әділет департаментіне, облыстық әкімдікке ақпарат

Білім беру департаменті

Жыл сайын, жылдың қорытындылары бойынша

Мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаржының есебінен іске асырылады




10

Жоғары, орта және арнаулы, жалпы білім беру мектептерінде әдебиетпен және көрнекі құралдармен жабдықтап, құқықтық білімнің жекелеген кабинеттерін ұйымдастыру

Әділет департаментіне ақпарат



Қалалар мен аудандардың әкімдері, Білім беру департаменті

2006 жылдың І тоқсанынан бастап

Мемлекеттік ұйымдарды ұстауға қарастырылған қаржының есебінен іске асырылады









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет