Бөтеннің ісін жүргізу бұл
а)Доминиустың белгілі бір іс-әрекетті жасауы
б)бір адамның заңсыз іс-әрекет жасауы
в)Гестордың белгілі бір заңды әрекетті жасауы (дұрыс)
8.Доминиустың қойған тапсырмасы кімге болмауы керек
а)Гестор(дұрыс)
б)акцептант
в)оферта
9.Бөтеннің ісін жүргізу қалай орындалады.
а)Сот арқылы
б)Ақысыз жүргізу(дұрыс)
в)Ақы алу арқылы
10.Бөтеннің ісін жүргізуге бел буған адам оған
а)Ақы төлеуге міндетті
б)Көмектесуге міндетті
в)Жанашырлықпен қарауға міндетті
Лекция-11(2 сағат)
Жеке деликтерден және деликт тәрізді әрекеттерден туындайтын міндеттемелер.
1.Жеке құқық бұзушылық түсінігі.
2.Жеке деликтердің түсінігі
3.Деликт тәрізді әрекеттерден туындайтын міндеттемелер.
1.Рим мемлекетінде жеке құқық бұзышылыққа (delіctum prіvatum) қылмыстық әрекеттерге қарағанда жеке тұлғалардың құқығы мен мүдделерінің бұзылуы жататын.Сондықтан деликт жасаушы тұлға жәбірленушіге айыппұл,шығынды өндіру сияқты өтемдер жасайтын.Жеке құқық бұзушылық қатарына Рим мемлекетінде қазіргі замандағы ауыр қылмыстардың қатарына жататын кейбір қылмыстар жататын.Мыс:ұрлық,тонау.
Құқық бұзушылықтан туындайтын міндеттеме міндеттеменің ең көне түрлерінің бірі болып табылады.Ерте заманда оған санкция ретінде жәбірленуші және оның туыстары тарапынан жеке ақысын алу болатын.Уақыт өте келе кінәлі тараппен жәбірленуші тарап келісіп,жеке ақысының орнына айыппұл төлейтін болды.Заман дамыған сайын жеке ақысын алу мүлде жойылып ,тек айыппұл төлеу сияқты жазалау шаралары қолданылатын болды.
Құқықтың дамуымен әрекетті жеке деликт деп тану үшін деликт жасаушының субьективтік кінәсі болуы керек еді.Заңды деликт болу үшін мына элементтер болуы керек:
Бір тұлғаның 2-ші тұлғаға заңсыз әрекетпен келтірген обьективті зияны болуы тиіс;
Заңсыз іс-әрекет жасаушының кінәсі(абайсыздық немесе қасақаналық );
Жасалған әрекеттің заңға қайшы болуы;
2.Іnіurіa-термині жалпы заңға қарсы әрекетті білдіретін. ХІІ-кесте заңдарында жеке кінәнің бірнеше түрлері көрсетілген.Мыс:адамның денесінің сыртқы қабатын зақымдау,”қанға қан” принципімен жазаланатын,ішкі сүйектерін зақымдау.
Furtum-қазіргі замандағы ұрлық терминімен ұқсас келеді.Ертедегі Рим мемлекетінде ұрлық жасаған адамды билік басшылары біраз жазалап ,кейін жәбірленушінің билігіне беретін болған.Ал егер түнде қаруланған ұрлық жасаған адамды өлтіруге жол берілген.Ал қылмыс үстінде ұсталмаған ұрыға мүліктің 2-есе құнын төлеттіретін болған.
Damnum іnіurіa datum-бөтеннің мүлкіне зиян келтіру немесе заңсыз бүдіру.Ертедегі Рим мемлекетінде деликтің бұл түрі болмаған,бұндай құқық бұзушылықтар тек Аквилийдің заңдарында баяндалды.Мыс:бөтеннің ағашын кесу,үйін өртеу.
3.Заң бойынша рұқсат етілмеген,бірақ деликт қатарына да кірмейтін іс-әректтер деликт тәрізді әрекеттер деп аталатын.Және мұндай іс-әрекеттер үшін міндеттеме белгіленеді.
Деликт тәрізді әрекеттерден туындайтын міндеттемелерге мысал ретінде төмендегілерді жатқызуға болады:
Егер ғимараттың терезесінен адам жүретін жерге бір нәрсе түсетін немесе төгілетін болса және осыдан біреу қандай да зардап шегетін болса,онда ол адам преторлық эдикт бойынша төгілген үйдің иесіне қарсы талап қоюға құқығы болатын.Үйдің иесінің кінәлілігіне қарамастан ол міндеттемеге ие болатын.Мыс: егер жоғарыдан құлаған заттың кесірінен бөтеннің мүлкі бүлінетін болса,онда оның екі есе құнын төлеттіретін болған; ал егер азат адамның өліміне әкеп соғатын болса, онда 50 мың сестерции көлемінде айыппұл төлеттіретін болған.
Деликт тәрізді әрекеттен туындайтын міндеттемелерге тағы бір мысал ретінде, егер үйдің терезесінде құлау қауіпі бар және содан зиян келтіру қауіпі бар зат ілініп тұратын болса, онда кез келген азамат зиян келтірмегеніне қарамастан үй иесіне қарсы талап қоюға құқылы болатын.Мұндай талап бойынша 10 мың сестерции айыппұл төленетін.
Достарыңызбен бөлісу: |