Іазаістан республикасы


Furtum-терміні нені білдіреді



бет44/46
Дата07.02.2022
өлшемі438,5 Kb.
#87716
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Лекция РИМ ҚҰҚЫҒЫ

7. Furtum-терміні нені білдіреді
а)ұрлық(дұрыс)
б)тонау
в)кісі өлтіру


8. Damnum іnіurіa datum-термині нені білдіреді
а)бөтеннің мүлкіне зиян келтіру(дұрыс)
б)ұрлық
в)кісі өлтіру

9.Деликт тәрізді іс-әрекет деп


а)заңға қайшы әрекеттерді айтады
б)заң тиым салмаған,бірақ рұқсат та бермеген іс-әрекеттерді айтады(дұрыс)
в)заң рұқсат береген әрекеттерді айтады.


10.Деликт дегеніміз
а)қоғамға қауіпті іс-әрекет
б)құқыққа қайшы іс-әрекет(дұрыс)
в)жеке адамға қарсы іс-әрекет

Лекция 12 (2-сағат)




Мұрагерлік құқық



  1. Мұрагерлік құқық ұғымы.

  2. Өсиет бойынша мұрагерлік.

  3. Заң бойынша мұрагерлік.

  4. Легаттар және фидеокомистер.

1. Мұрагерлік деп-қайтыс болған адамның мүлкінің бір немесе бірнеше өзге тұлғаларға көшуін айтамыз. Мұрагерліктің бір ерекшелігі мұра алушыға мұра бойынша барлық құқықтар мен міндеттер өтеді.


Мұрагерлік өсиет бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Мұрагерлік бұл екі институт Рим мемлекетінде бөлек-бөлек болатын. Мыс: бір мүліктің жартысы өсиет бойынша, жартысы заң бойынша болып бөлінбейтін. Мұрагерлік процесінде мұраның ашылуы мен мұраны алуға көп көңіл бөлінген. Мұра мұра қалдырушының қайтыс болуынан бастап ашылады, ал мұраны алу тек мұрагердің мұраны алуға келісімі болған жағдайда ғана болады.

2. Өсиет деп Рим құқығында тұлғаның өз мүлкіне билігін қайтыс болғанда өзге нақты тұлғаға өту туралы шешімі. Классикалық құқықта мұндай сілтеме өсиеттің басында болуы тиіс еді. Мұрагердің нақты айтылуы өсиеттің басты ерекшелігі. Өсиет бойынша егер мұрагерлер бірнеше бөлік және мүліктің әр бөлігін бөліп қойылған болса, Бірақ мұрагердің аты көрсетілмесе өсиет жарамсыз болып табылады. Өсиеттің ішінде сонымен қатар өсиеттен бас тарту (легаттар) , жас мұрагерлерге қамқоршы тағайындау жөніндегі нұсқаулар болуы мүмкін. Өсиет қалдыру үшін арнайы қабілеттілік-testamentіfactіo actіva қажет еді. Өсиет қалдыруға әрекетке қабілетсіз тұлғалар, кейбір ауыр қылмстары үшін сотталған адамдарға құқық берілмейтін.


Өсиет қалдырудың өзі белгілі-бір ережемен өтетін. Мыс: Юстинианның кезеңінде 7-куәнің қатысуы қажет еді.
Өсиет бойынша мұрагер нақты көрсетілуі тиіс және мұра қалдырушы қайтыс болған кезден бастап ашылады. Ал егер өсиет бойынша мұра қалдырушы өсиетте мұрагерге қатысты шарт қоятын болса, осы шарт орындалғаннан кейін ашылады.



  1. Алғашқы кезде мұрагарлер 3-ке бөлінді:

  1. азаматпен тікелей туыстық қатынаста болған кезде. Олар-әйелі, балдары, қайтыс болған баласынан асырап алғаг немересі. Мұндай жағдайда әйелі мен баласының үлесі теңдей бөлінеді. Ал немересінің үлесі өзінің қайтыс болған әкесінің үлесімен теңестіріледі.

  2. Жақын туыстары-ағасы, қарындасы.

  3. Жақын адамдар- жақын адамдардың мұрагерлік кезегі 1,2-ші болмауы немесе мұрадан бас тартуы.

Юстиниан императорының кезінде мұрагерлерді бірнеше топқа бөлді. Онда қандық туыстық алғашқы орынға қойылды.

  1. Балдары, қыздары және бұрын қайтыс болған баласының немересі.

  2. Әкесі, шешесі,әжесі,атасы, ағасы, қарындасы және бұрын қайтыс болған ағасының балдары мен қыздары.

  3. Әкесі бір, шешесі бөлек іні-қарындастары.

  4. Жанамалай туыстар: жиен, нағашы.

Император юстинианның кезінде әйелдердің үлесі ерекше тәртіппен белгіленді. Әйелдің үлесі осы жоғарыда көрсетілген 4-топқа жататын мұрагарердің қайсысы ие болған жағдайда соның 1/4 үлесі әйелдің үлесі деп есептелінді.
4. Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бір немесе бірнеше адамның (бас тартушылардың) пайдасына қандай болсын міндеттемені (өсиеттік бас тарту) орынауды жүктеуге құқылы.
Заң бойынша мұрагерлер қатарына кіретін адамдар да, кірмейтін адамдар да бас тартушылар (легатарийлер) болуы мүмкін.
Өсиет қалдырушы өсиеттік бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәніндегі құны шегінде және мұра қалдырушы қарыздарының өзіне артылған бөліктерін шығарып тастап орындауы тиіс болған.
Өсиеттік бас тарту мұра ашылғанаға дейін немесе ашылғаннан кейін бас тартылушы қайтыс болған жағдайда, бірақ өсиет бойынша мұрагер оны қабылдапт үлгерген кезге дейін орындалмайды. Сонымен қатар, бас тартылушы мұра қалдырушының борыштары үшін жауап бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет