ІҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет17/21
Дата01.06.2020
өлшемі285,93 Kb.
#71950
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дизайн және модельдеу

Өндірістік киім – барлық өндіріс саласындағы көптеген мамандық жұмысшыларының қолданатын киімі. Бұлар – арнайы киімдерге мақтадан сырып тігілген куркалар, плащтар, жолда істейтін жұмысшылардың сары түсті көкірекшелері, дәрігерлердің ақ халаты, т.б. Өз қызметіне сәйкес өндірістік киімді жобалағанда еңбек шарты мен іс-әрекет ерекшелігіне сай қойылатын талаптар ескеріледі. Өндірістік киім ішіндегі – арнайы қорғаныш киімдері қолайсыз ортада жұмыс істейтін адамдарға арналады, мысалы, құрыш қорытушы, шахтердің киімі, химиялық өндіріс қызметкерінің, құрылысшы, мұнай-газ өндірісінің қызметкері киімі, ғарышкердің скафандры және т.б. Бұл киімдер қорғаныстық қызмет атқаруы тиіс, әрі әрекет жасау үстінде ыңғайлы болуы қажет. Мұндай костюмді жобалау кезінде, ең алдымен, қандай қолайсыз жағдайда болмасын киімнің жұмысшыны қорғайтындығы ескерілуі қажет. Костюм жанғыш, тұтанғыш, ыстық сұйық заттардан, от ұшқынынан, қираған металдың түйіршігінен, шамадан тыс ылғалдан, жоғары немесе төмен температурадан, будан, газдан, жылу және радиоактивті зақымданудан, т.б. қорғауы керек. Костюм жұмысқа ыңғайлы болуы үшін өндіріс процесіндегі хал-жағдай ғана зерттеледі. Әрбір мамандықтың өндірістік костюмге қояр талабы бар.

Спорттық костюм – белгілі бір спорт түріне арналған киім және қосымшалары. Әр түрлі спорт түріне арналған киімідер жобас негізінен бір принцип бойынша жасалынады. Сонымен бірге бұл костюм маусым түріне, әрбір спорт түрінің қажеттілігін қанағаттандырғып қана қоймай, сол спорт түріне сәйкес қимыл қозғалыс процесін жеңілдететіндей қолайлы болуы шарт.

Ойын-сауық киіміне – театр мен кино костюмі, эстрадалық костюм, цирк костюмі, карнавал костюмі, дәстүрлі ұлттық өнер шығармаларын орындайтын би және музыкалық ұжымның фольклорлық костюмі жатады. Ойын-сауық киіміне ерекше талаптар қойылады: олар сол өнер түрінің талабына сай, әрі маусымдық сән үлгісіне сәйкес, әрі ашық бейнелі болуы керек.

14 Жастар киімін модельдеу және көркемдік безендіру принциптері

Заман талабына сай жастар киімін жасауда хиппи басты рөл атқарады. Жастар буржуазиялық құндылықтарға қарсы болды, оның ішінде жалпыға бірдей сән үлгісіне де қарсы тұрды. Олар сол кезде «киюге болмайтын» деп саналтын («заңсыз») киімдерді – джинсы, жамалған киім, түрлі суреттер салынған курткаларды, ұзын белдемшелерді (ол кезде бәрі өте қысқа белдмешемен жүретін), этникалық сарындағы романтикалық жейделерді киіп, заңдастырды.

Шаштары ұзын болды (ол кезде сән үлгісінде қысқа шаштар болатын). Дегенмен, көп ұзамай – ақ бұл стиль сәнге айналды.

Бұлардың типтік гардеробын шешу үшін, оның иесінің темпераментін, сәнге көзқарасын, дене құрылысын, шашының түсін, мінез – құлқын, іс – әрекетінің түрін анықтау керек. Осы жалпыланған бейне (жастарға тән бейне) жеке тұлғаның негізгі даралық қасиетін айқындайды және пішін құрылымын, пішін бөліктерін, оның сызықтарының стильдік бірлігін, тіпті киім кешегінің түржиындық құрамын анықтайды.

Жастар киімінің түржиыны өзіне әртүрлі сипатты киімдер тізімін жинақтайды, оған ішкиім, жеңіл киім, сыртқы киімдер кіреді.

Жастар киімін жобалау үрдісі ересектерің киімін жобалау принципіне негізделеді. Жастар киіміне белгілі бір талаптар қойылады, сондықтан олар үш топпен: функционалдық, эстетикалық және экономикалық топпен сипатталады.

Киімнің функционалдығы (қызмет көрсетуі) оның қолданылуына сәйкес келуін анықатйды, яғни нақты бір жағдайда, белгілі бір уақытта адамның іс-әрекет жасауына ыңғайлы жеке көлемдерді (жең, нымша, бұйым етегі) пайдалануы. Бұл жерде эргономикалық, гигеналық жіне қанаушылық талаптар ескеріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет