ІҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Адам дене бітімінің конструктивтік белдеулері



бет13/21
Дата01.06.2020
өлшемі285,93 Kb.
#71950
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Дизайн және модельдеу

11 Адам дене бітімінің конструктивтік белдеулері

Сәнгер белгілі бір дәрежеде материалдарды дене бітімге ыңғайлай отырып, оның құрылымын пішін құрылымына, сән үлгісіне сәйкестендіреді, яғни костюмде жаңа пішін дамуына үлес қосады.

Адамның дене бітімі өз құрылымында сұлулық заңдылығына-көркемдік пропорцияға бағынады, бірақ бұл ғана емес, киімді модельдеуде конструктивтік белдеу деген термин бар. Бұл шартты түрде – мойын, иық, қолтық асты, кеуде, көкірек асты, балтыр аясы, сирақ (жіліншік), табанды айнала ойша сызылған дөнгелек сызықтармен горизантальды проекциялар.Бұл модельдеу тәжірибесінде конструктивтік сызықтарымен сәйкес келеді, адамның дене бітімі пропорциясына сай келетін конструктивтік пішінді бөлшектеу негізін анықтайды.

Үнемі тірек болатын белдеулер және жылжымалы белдеулерде бар.

Бірінші тірек белдеуге – сәндік әшекейлер, орамал, бас киімдер бекітілген бас белдеуі жатады. Келесі тірек белдеуі - иық белдеуі, оған көйлек, жакет, пальто, плащь, желбегей, т.б киіледі. Киімнің дұрыс құрылымынан оның дене бітімге қонымдылық сапасы анықталады, бұл жерде мойындық сызықтарының қалпы, иық, жең, қолтық ойындысы, жең түбінің қалпы айқындалады. Дұрыс шешімге байланысты костюм пішіні, оның стиль бағыты өзгереді. Иық сызығы силуэтте басты рөл атқарады, ол сәннің негізі белгілерін – қиықшалы, тік, дөңгелнетігін, т.б. көрсестеді.

Костюм тарихында иықты киімдердің әр түрлі пішіндері болғаны белгілі: желбей-жамылғы, туника типтес (көйлек, жейде типтес) және таза иінішті (сарафандар).

Дене бітімге тығыз қондырылған және тірек иініш белдігімен бекітілген киім дене бітімінің құрылымын жасырады, сонымен қатар құндылық, маныздылық, айбындылық әсер береді. Мұндай киім үлгісіне ұлттық киім түрелері жатады.

Киімді конструкциялаудың негізгі белдеулерінің бірі- кеуде және мықын белдеулері.



Мықын сызығы – басы тірек сызығы. Мықын белдеуі – белден басталатын сызықты дамытатын киімнің негізгісі. Мұндай киім – белдік киім деп аталады, оған шалбарлар, қысқа шалбар «бермуд», түрлі белдемшелер жатады. Мықын сызықтарының орналасуына қарай киімнің силуэті де өзгереді.

Костюмде бел сызықтарының жоғары болуы (кеуде астында) египеттік, готикалық, ампир стиліндегі көйлек пішіндеріне тән, бұл пішін дене бітімді көзбен қарағанда ұзартып, пропорционалды бөлшектеу жағынан ұтады. Қынамалы силуэт белді қынап көрсетеді.

Сән мықын сызықтарына ауысқанда, мысалы кен етекті романтикалық белдемшелер, әйелдің нәзіктігін айқын көрсетеді. Қыналы силуэтте «сигарет» типтес силуэт пішіннің жеңіл және сәнді қалпын береді.

Костюмнің мықын сызығы мен сан ет сызығының (мықын сызығының ен төменгісі) қиысыуы киім пішінін тік бұрышты пішінге жақындатқандығы көйлектегі конструктивизм стилінен байқалады. Мұндай киімде кеуде мен мықын сызығы байқалмайды.



Төменгі бөлік сызығы дене сызығы дене бітімнің барлық пропорциясын анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет