8 Костюм декоры және фактурасы
Фактура костюм қолданысында, пішім қабылдауда, оның сәнді элементтерімен қатысында, сән және пішін қалыптасуының өзара байланысында көркемдік мәнерліліктің белсенді құралы болып зор маңыз атқарады.
Фактура – материалдың сыртқы сипатын көзбен қабылдау. Ол жұмсақ бедерлі, күңгірт, жылтырақ, т.б. болуы мүмкін. Пішін бетінің фактуралық шешімі бәрінен бұрын болашақта костюмнің қолданылуына байланысты болады (14 – сурет). Мысалы, сыртқы киім түржиынында тегіс беттің жылтырақ және бедерлі (былғары, тері, драп) матамен үйлесімі; сәнді киімде – жылтырақ және күңгірт құрылымның былғарымен, жібекпен, терімен, шілтермен; қамқаның органзамен, атластың барқытпен үйлесімділігі болуы мүмкін (15-сурет).
Фактура пішіннің құрылымдық қарым-қатынасын көрсетеді, тектоникалық сипатына, костюмнің жеке бөліктерінің үйлесімділік ерекшелігіне рең береді, иллюзиялы түрде маңыздылығын, жеке бөліктерімен элементтерінің өлшемін өзгертуі де мүмкін. Мысалға, ашық реңкті жұқа маталар кеңістікте пішінді өзгертіп, көрінбейтін етіп жіберуге қабілетті. Барқыт беттері нақты, өте активті пішінді көрсетеді. Жылт-жылт еткен жылтырақ маталар пішіннің әлдебір құпиялығын, оның контурының көзге шалынбайтындығын сезіндіреді. Фактураның негізгі айқын белгісі ретінде бедерлік тегіс беттермен үйлескенде, негізгі ритмді күшейтуі мүмкін немесе оның жеке бөліктері мен тұтас пішінінің көлемі көзге үлкейтіліп, масштабтық сипатын толықтыруы мүмкін.
Киім модельдеуде тек бұйымды сәндек ғана емес, оның композициясын байытатын түрлі өңдеу (әрлеу) қолданылады. Өңдеу (әрлеу) бұйымының пішінін немесе бөліктерін бөлуге, пішінді бөлшектеуге, пішін бөліктерін немесе бірнеше әр түрлі дербес пішінді біріктіру үшін, пішін бетінде белгілі бір бағыттағы қозғалысты ұйымдастыру үшін қолданылады.
Өңдеу костюмнің көркем бейнелі сипатын байытады. Өңдеу түрлері декоративтік (сәндік) және конструктивтік, декоративтік және утилитарлық мағыналарға ие.
Өңдеу пішіні мен материалы әр түрлі болады. Көп түрлігіне қарай оны жеті топқа бөлуге болады:
барлық бедерлі бүкпе тігістері, қатпарлар, көйлекке тігілген қатармалар, күлтелеу, бүрме, плиссе, кеңірдектеулер, тігім әрлеуі нәтижесінде алынған өңдеу;
бұйым матасынан не өңделген матадан орындалған өңдеу бөлшектері, қос етіктің желбіршектігі, желбіреуіші, жиек оқа жиектелген тігіс, өңір, белдікше, банттар, галстуктер;
арнайы әрлеу материалдарымен өңдеу өңдеу: шілтер, ызба, бау, сутаж, шашақ, таспа және жасанды гүлдер;
фурнитурамен әрлеу: түймелер, ілгектер, қапсырмалар, декоративтік кнопкалар, темір тесіктер, хольнитен, декорациялық қарсы ілгектер,сыдырмалар;
кестемен әрлеу (жіппен, стекляруспен, пайеткамен, аппликациямен, эмблемамен);
басқа материалдармен өңдеу: былғары мен тері (жасанды, табиғи), трикотаж, күдері, барқыт, шілтер жайма маталар;
бұйым бөліктерін баспалы суретпен әрлеу.
Өңдеудің (әрлеудің) коспозициялық қолданымында бір ереже бар, ол – өлшем сақтау.
Қазіргі модельдеу әр сипаттағы өңдеуді қолдануды ұсынады. Кейде модельдерде фактура мен өңдеу шамадан тыс жабдықталады, ал бұл ерекше композициялық сезімді, өлшем сақтауды керек етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |