ІҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Түс және оның негізгі қасиетттері



бет8/21
Дата01.06.2020
өлшемі285,93 Kb.
#71950
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Дизайн және модельдеу
Аяпбергенова Жаухар, 5 апта адам Office Word, 5 апта адам Office Word
6 Түс және оның негізгі қасиетттері

Түс - адамның көзімен қабылданатын физиологиялық сезім.

Барлық түстер екі топқа бөлінеді: хроматикалық (боялған) және ахроматикалық (бояусыз). Хроматикалық немесе хромос - грек тілінен енген сөз, түсті, боялған деген мағынаны білдіреді. Бірінші топқа барлық спектрлі түстер - қызыл, көк, жасыл және солардың аралас түстері кіреді. (13- сурет). Екінші топқа - ахроматикалық түске - ақ, қара және сұр түстің барлық реңктері жатады.

Әрбір хроматикалық түстің өзіне тән үш қасиеті немесе ерекшелігі бар: түс реңкі, жарықтық және түс қанықытығы.


  1. түс реңкі - бұл хроматикаық түстің өзіне жарықтығы жағынанан тең келетін ахроматикалық түстен негізгі айырмашылығы, негізгі қасиеті;

  2. жарықтық ұғымы хроматикалық түсте қара не ақ пигменттің қаншалықты мөлшері бар болуымен түсіндіріледі;

  3. түс қанықтығы - түстегі таза бояутектің болу дәрежесі. Ең қанық бояу спектр түстері болып саналады (мысалы, қанық қызыл, қанық көк түс, т.б.). Қанық бояу деп түстегі ашықтық дәрежесін, түс қуатын, үдемелі қарқындылықты түсінуге болады.

Түс реңкі бір түсте екінші түс қоспаларының араласуымен сипатталады. Мысалы, қызыл күрең (бүлдірген түсті) түсте көк түс; қызғылт сары түсте - сары түс қатысады; яғни реңкі бойынша қызыл түстер әр түрлі болады. Табиғатта түс реңктері түс бояуларының аттарына қарағанда әлдеқайда көп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет