5 Композицияның қасиеттері
Киім композициясының да өз заңы мен ережелері бар, ол кез келген костюм түрінде орындалуы тиіс:
келісімділік – композиция компонеттері мен композициялық құралдардың киім мақсатына бағынылуы;
композицияның барлық бөліктері мен компонеттерінің өзара және адам дене бітімімен өлшем прокипорциялылығы;
композициялық орталығының болуы;
композицияның тұтастығы ( қатар бағыну).
Киім композициясы мен композициялық құралдарының мақсатқа бағынушылық ережесін келісімділік заңы нақтылайды:
киімнің арналуы мен пішінінің органикалық бірлігі;
материалдың пішінге және киім арналуына сәйкестігі;
материал мен сәндік әрлеу бірлігінің киім арналуы мен пішініне сәйкестігі. Осыдан әрлеу сипаты, оның түрі мен орындау техникасы анықталады.
Костюм композициясындағы өлшем шамалылылығы келесі факторлардың және киім элементтерінің сандық арақатынасымен анықталады:
киім көлемінің жарасымдылығы (нымша, жеңдер, белдемшелер және тағы да басқа) және дене бітімінің шамаластығы;
материалдың түсуі мен фактурасы;
киім бөліктері;
әрлеулер (тігістер, кестелеу, фурнитура, тағы да басқа).
Кез келген пішіннің құрылыс негізінде симметрия принципі жатады. Симметрия орта-радиалдық ( мысалы, гүл пішінінде, теңіз жұлдызы тәрізді) немесе орта-осьтік(мысалы, көбелек, құстар пішінінде) болы мүмкін.
Симметрияның мынадай түрлері болады:
классикалық (бейне, айналым, кеңістіктегі бұрылыстар, жазықтықтағы бұрылыстар симметриясы);
афиндық (созылым, қысым, жылжу симметриясы);
ұқсастық (К – ұқсастық симметриясы, L – ұқсастық симметриясы);
қисық сызықты (айналым, қысымдау, бұзу, жай бүгіліс симметриясы).
Симметрия – анық және көрнекті композиция қасиетін, пішін жағдайын белгілейді. Осы тәсіл көмегімен пішін ұйымдастырылады, бұл белсенді композиция заңдылығы саналады. Фигураның ұқсас элементтері симметриялы орналасады. Осьтің немесе жазықтың бір нүктесіне қатысты бірдей орналасқан орталық ось немесе жазық симметриясы деп аталады. Фасонды симметриялы құру кезінде үлгінің оң жағы сол жағындағы барлық элементтерді қайталайды, яғни пішінді, конструкцияны, сызықтарды, түр-түсті, бөлшектерді қайталайды (2-сурет). Кейде пальтодағы, костюмдегі, жакеттегі фасонды симметриялы құруда өңір шеті оң жаққа қарай (немесе сол жаққа) орналасқан сияқты болып көрінеді. Бірақ зер салып қарағанда өңір шеті жоғары және ішкі өңір шетімен бірдей қашықтықтағы киім вертикальдық осьте орналасқан болып табылады.
«Асимметрия» түсінігі симметрияның осі немесе жазықтың симметриясы жоқ кезіндегі элементтердің орналасуын бідіреді. Асимметрия динамикаға әр түрлі деңгейдегі пішінді береді, ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін.
Симметрия және статика, асимметрия және динамика түсініктері бір-бірімен байланысты.
Статика - кеңістіктегі тұрақты пішін жағдайы. Тұрақты қалып пішін бөліктерінің тепе-теңдігімен сипатталады (ереже бойынша, костюм вертикальдық ось симметриясымен тұрақты қалыпта).
Динамика - қозғалыстың, дамудың, өзгерістің белсенді шарты, яғни пішіннің біржақты бағыты болып табылады:
пішін сыртындағы асимметриялық пішін ізденісі;
костюм бөліктерінің пішіннен кеңістікке шығуы;
адам қозғалысының ішкі және сыртқы динамикамен келісімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |