ІҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Костюмдік пішін және пішін қалыптасуы



бет5/21
Дата01.06.2020
өлшемі285,93 Kb.
#71950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Дизайн және модельдеу
Аяпбергенова Жаухар, 5 апта адам Office Word, 5 апта адам Office Word

3 Костюмдік пішін және пішін қалыптасуы


Пішін (форма) қалыптасу - костюм бөліктерінің адамның дене бітіміне, қоршаған ортаға байланысты өзара әрекет жасау процесі, оның қалыптасуы, дамуы.

Пішін қалыптасу процесінде бұйымдардың функционалдық, конструктивтік, кеңестік - пластикалық, технологиялық құрылымы пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, пішін қалыптасуы - жеке заттарды құрастыру (бөлшектеу және қайта құрау).

Костюм үлгісіндегі сәндік ауысымдар пішінінің үздіксіз қозғалыста болуын қамтамасыз етеді.

Пішін қалыптастыру костюмді жобалау ісінде үлкен рөл атқарады, себебі бұл процесс композициялық ізденіспен пішіннің жүйелі құрылымын қажет етеді. Пішін қалыптасуы пішін құруға және пішін элементтерін өзара үйлесімділік байланысына негізделген принциптерінің жалпы заңдылығына сүйенеді.

Пішін қалыптасуы, ең алдымен, пішіннің кеңістікпен уақытта «қосылуы». Пішін қалыптасуы пішіннің сапалы және сансыз белгілерінің үздіксіз өзгеруі мен көбеюіне байланысты дамып отырады.

Пішін заттың морфологоиялық және кеңістікті - көлемдік құрылымы, ол материалдың мазмұнды өзгеруінің нәтижесінде пайда болады.

Киім пішіні (сәулет өнері, жиһаз, ыдыс - аяқ т.б., айырмашылығы) нақты қозғалыс үстіндегі объектіге - белгілі бір өлшеммен берілген адам дене бітіміне негізделеді. Киім пішінің көлемі адам дене бітімінің өлшеміне және бойына байланысты қарастырылады. Киім ұзындығы оның қызметімен өзара байланысты.

Жобалау процесінде костюм пішіні ең басты орын алады. Киім пішінін пішіннің тұтас геометриялық түрі, оның көлемі, құрылымы, бөлшектенуі (құрастырылуы), материал мен пропорция анықтайды. Құрылым негізінде түрлі вариациялары бар пішін базалық деп аталады. Бұйым сериясының негізіне жинақталған базалық пішін белгілі бір стильді білдіреді.

Стильді базалық пішін сол кезеңнің негізгі белгілерін жинақтап бере алса, классикалық болып табылады. Классикалық пішінде эстетикалық және утилитарлық қызметтердің тепе - теңдігі сақталады. Классикалық пішіннің үлгісі ретінде ағылшын костюмі, свитер, қатпарлы шотланд белдемшесі, пальто - реглан, фрак, редингот, қайық - туфли, жейде - көйлек, шалбар, пиджак, жұмсақ фетрлі ерлер қалпағы, құлақшын, етік, тағы да басқа киімдерді алуға болады. Классикалық элементтер біздің заманыымыздың бар талабына жауап бере алатын заттар, олар: орамалдар, галстуктер, желбірек, т.б.

Пішін жасау тәсілі костюмнің геометриялық негізімен матриалының сапасына байланысты жүзеге асады. Мысалы, матаның қаттылығы немесе жұмсақтылығы, тез жыртылғыштығы пішінге келтіру процесіне әсер етеді.

Костюм пішінің түрі оны конструкциясына да қатысты болады. Киім адамның дене пішініне, ұсынысы мен талабына байланысты (бұйымның технологиялық сапасы мен материал сапасына байланысты) әртүрлі бөлікке бөлінуі мүмкін.

Киімнің жағдайы үш қалыпта айқындалады: алдынан қарағандағы көрінісі, артынан және қырынан қарағандағы көрінісі, т.б., яғни силуэті.

Костюм силуэті деп оның негізгі ерекшеліктерін айқындайдтын пішін көлемінің тегістігін айтады. Бірақ силуэт бұйым пішінінің немесе жалпақтығының көшірмесі емес, дәлірек айтқанда, бұйымның реттелген символы (бейнелі силуэт А, Д, Т, Х). Силуэтті анықтау үшін оны шаршы, тік бұрыш, трапеция, сопақша, т.б. геометриялық формалармен салыстыруға болады. Бірақ та силуэт бірқатар қарапайым әрі күрделі формалардан тұрады. Осы алғашқы нобайдан ойға алған костюмнің силуэтін жасауға болады.



Силуэтті былайша жіктеуге болады:

  • геометрилық формада - тікбұрыш, трапеция, сопақша, икс тәрізді;

  • дене бітімге қонымдылығына байланысты жартылай жабысқан, тар, кең, қолпылдақ, төменгі жағы тарылған немесе кеңейтілген.

Адамның дене бітімінің артықшылықтарын немесе кемшілігін көрсететін силуэт мүсін өнерлі силуэт деп аталады. Табиғи кескіннен көрі оны бүркемелеп, дененің пішінімен пропорциясын ойша өзгертуді декоративтік деп атайды. Сонымен, костюм пішіні силуэтпен белгілі бір геометриялық формамен, өлшеммен, массамен айқындалады.

Киімнің сыртқы кескінін, силуэт контурын сызықтар кескіндейді. Сызықтар силуэтке айқындық бейнесін береді, пропорцияны анықтайды, композиция мазмұнын ашады, сән бағытын айқындайды. Костюм сәні бағытының ауысымы силуэт ауысымымен тектен - текке орайласпайды. Киімдегі сән үлгісі арқа бөлігіне ауысқанда, силуэт профильді түрде жасалады.



Костюм силуэті иық сызықтары, бұйым кескіні, жеңбасы, белдік, төменгі жақ деңгейіне байланысты. Сән үлгісінде, әсіресе иық сызығы ең басты рөл атқарады (дөңгелектенген, төмен түскен немесе тік иықтар, т.б.).

Кеуде сызықтары әрқыйлы сән кезеңінде әртүрлі белгіленеді: біресе белдіктің тарылған түрінеде, біресе тік силуэт түрінде.

Мықын сызығы да силуэтте үлкен рөл атқарады: кең пішіндегі белдемше нәзіктікті көрсетеді, ал жабысқан яки «сигарет»түріндегі белдемше пішін жеңілдігін көрсетеді.

Төменгі жақ сызықтары, иық сызығы сияқты, сәннің ең негізгі белгісі. Ол дене бітімнің барлық пропорциясын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет