утилитарлы-практикалық– адамның нақты әрекетіне байланысты киім қызметі;
бейімделушілік – қоршаған ортаға ыңғайлы, әрі үйреншікті киім қызметі;
нәтижелік – жеке тұлғаның , қоғам мүшелерінң өз қабілетін жүзеге асырып, мақсатына жетуі үшін нәтижеге жеткізетін киім қызметі;
ықпалдастылық – біртұтас бұйымдардың мәдени сапасының мазмұны материал мен пішін үйлесімділігі арқылы беріледі. Сондықтан, киім – адамның қоршаған ортасы мен тіршілігі бейнесінің көрінісі.
Дизайн – қоғамның бұқаралық қарым-қатынас құралы. Өйткені ол сауда өнімі арқылы өндіріс пен тұтынушыны байланыстырады, жалпы көпшіліктің тұтынушылық белсенділігін арттырып, сұраныспен тұтынушы талабының өзара әсерін реттейді.
Костюмді дайындау жұмыстарына көп мамандық иелері қатысады: киім пішуші, тігінші, сәнгер, етікші, тері илеуші, технолог, құрастырушы, кестелеуші және тағы басқалар. Киімді жобалауда және дайындауда әрқайсысының атқаратын қызметі бар. Жаңа модельді ойлап табушы, жасаушы автор сәнгер (модельер) деп аталады
Достарыңызбен бөлісу: |