ІҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Адам денесінің пропорциясы



бет11/21
Дата01.06.2020
өлшемі285,93 Kb.
#71950
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Дизайн және модельдеу

9 Адам денесінің пропорциясы

Костюм пішіні адам денесі мен оның бөліктерінің пропорциясымен, құрылымымен тікелей байланысты.



Дене пропорциясы – оның жеке бөліктерінің өлшем бірлігі, үйлесімділік пен эстетикалық айқындылық беріп тұратын дене өлшемі және оның жеке бөліктері жобасының келісілген жүйеге қарым-қатынасы. Дене пропорциясы жайлы білім канон түзу барысында қолданылады, яғни практикалық қолданысқа ыңғайлы барлық өлшем мен дене бөліктерінің жүйелі қатынасы. Канон түзу кезінде суретшілер әр кезде натураға қарамай, дене бітімі оңай жасалатын қарапайым құрал тауып алуға тілекті болды, бірақ барлық бөліктері бір-бірімен үйлескен адам бейнесін жасауға деген талпыныс та болды.

Адамның бой өлшемі (дене ұзындығы) ретінде ені жаққа созылған қол саусақтарының ұшы аралығының тең ара қашықтығы алынды.

Егер екі көлденең сызық (біреуі бастың жоғарғы бөлігіне тигізіліп, ал екіншісі-табанға) жүргізілсе, онда бұл саусақтар екі жаққа созылған қолдың саусақтарының ұшы тигізілген сызықпен қиысып квадрат құрайды.

Суретші- архитектор Витрувий пропорция жайлы ілімінде дене бөліктерінің мынадай қарым-қатынасын көрсетті: бас –1/8,бет - 1/10 дене ұзындығы, бастың жоғарғы жағы мен кеудеге дейінгі ара қашықтық - дене ұзындығы, қолды созу дене бітімінің биіктігіне тең.

Сурет мәселесімен Қайта өрлеу дәуірінің ең жақсы шеберлері Альберти, Леонардо да Винчи, Дюрер және басқалар айналысқан.

Дене пропорциясын жасау үшін Леонардо да Винчи, бәрінен бұрын дене бітімді дұрыс құру керектігін, тепе - теңдікосін табуды және қозғалыс сипатын дұрыс беруді анықтайды.

Адамның дене бітімінің бейнелеу ережесін жасай отырып, Леонардо да Винчи Витрувидің пропорция жүйесін – «ежелгі квадратты» дамытты. Оның қағидасы бойынша, жоғары көрсетілген екі жаққа созылған қол, екі жаққа созылған аяқ,орталығы кіндік боп саналатын дене бітімі шеңберге оңай кіреді. Өлшем бірлігі –бас биіктігі денеден сегіз рет өлшеп алынған. Леонардо да Винчидің қағидасы бойынша бейнеленген адам денесі ұзын аяқтарымен, сопақша бет пішімімен ерекшеленеді.

Мұнда арнайы суреттер көмегімен әр түрлі жастағы адамның дене бітімінің төменгі жағы (аяқтары) мен жоғарғы жағының пропорционалды өлшемі салыстырылып көрсетіледі.

Гармониялы принциптің мысалы ретіндегі ең белгілі принцип –ежелгі дәуір суретшілері мен сәулетшілері арқылы бүгінгі күнге жеткен «алтын қиылыс» принципі. Екі бөлікке бөлінген кесіндіде аз бөлігі көп бөлікке, үлкені барлық кесіндіге жатады.

Цейзинг адам денесінің кейбір өлшем қатынасы «алтын қиылыс» ережесімен дәл сәйкес келетінін атап өтті. Нақты айтқанда, адамның бойы кіндіктен табанға дейінгі, төбеден кіндікке дейінгі арақашықтыққа сәйкес келеді.

Балалардың пропорциясы әр түрлі өсу кезеңінде әркелкі болады. Мысалы, жаңа туған баланың басының биіктігі бүкіл денесінің биіктігіне (ұзындығына) қарағанда 1/4, аяғының жоғарғы жағы 2/5, төменгі жағының ұзындығы 1/3 дене ұзындығына қатысты. Балалар кіндігі – дене бітімінің орталығы, ал ересек адамдардың дене бітімінің ортасы боп шамамен қуық тұсы саналады.

Жас нәрестенің басының ені мықынының еніне тең болады. Жас ерекшеліктеріне қарай болатын өзгерістер, бір жағынан, барлық дене бөліктерінің абсолютті өсуінен, екінші жағынан, жеке бөліктерінің арасындағы қатынастың тез өзгеруінен болады. Бастың биіктігі тек екі есе үлкейеді, көкірек тұсы – 3есе өседі. Дененің төменгі бөлігі жоғарғы бөлігімен салыстырғандағы көбірек өседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет