Оқушының аты – жөні – Иргазина Карина
Жданов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
АННОТАЦИЯ
Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы рухани- адамгершілік құндылықтар тақырыбына жазылған жұмыстың мақсаты Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде туған сонымен қатар өзін -өзі тану сабағынан көбіне осы Ыбырай Алтынсарин шығармаларынан адамгершілік құндылықтарды үйренеміз, бүгінгі жастарда осындай ақын, жазушыларымыздың шығармаларын оқыса деп соны негізге ала отырып жасалған ізденіс жұмыс екені жазылған жұмыс мазмұнынан айқын көрінеді.
Бұл жұмыстың зерттеу бөлігінде оқушы Ыбырай Алтынсариннің Қостанай өңіріндегі музейіне барып ол кісі жайлы, оның өмірі мен шығармалары жайлы мәлімет алған. Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин мовзолейіне , Ыбырай Алтынсарин мектебіне барып мәліметтер жинаған, кітапхана кітаптарымен жұмыс жасап мақалаларынан шебер таңдап алған. Карина осы ғылыми зерттеу жұмысы барысында өзінің көзімен көргендерін де, шебер тілмен жеткізіп, осы жұмыстарды растайтын фотоларды да жақсы таңдап түсіріп, ғылыми зерттеу жұмысына дәлелді құжаттар ретінде шебер пайдалана алған. Тағы да бір маңыздысы осы жұмыстардың бәрі де, мультимедиялық қойылыммен қоса жасалған.
Ыбырай мен Абай ақындық, ағартушылық еңбектерінің үндестігі туралы да жазған. Өзін-өзі тану сабақтарында көбіне осы Ыбырай Алтынсарин шығармаларын мысал келтіріп, мектептік іс-шараларда да Ы.Алтынсарин өлеңдерін оқи отырып адамгершілік құндылықтарды ортаға салып отырады. Бұдан кейін де Ыбырай Алтынсарин туралы слайдтар, қызықты материалдарды келтіре отырып дайындаған. Казіргі өмірдің жастары мен бұрынғыны салыстыра отырып мысалдар келтірген.
Міне осы зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасай отырып, әрі оқушының өз таңдаған тақырыбының мақсатына сай жасаған жұмыстарын оқи отырып,
8 сынып оқушысы Ергазина Карина өз мақсатына жете – алған деп айта
аламын.
Ғылыми зерттеу жұмысының жетекшісі - өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:
Достарыңызбен бөлісу: |