ҚОРЫТЫНДЫ
Мен «Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтар» тақырыбында зерттеу еңбегімді қорытындылай келе, Ыбырай атамыздың шығармаларындағы рухани –адамгершілік құндылықтарды ашу.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда.
Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалған туралы түсінік беруге тырыстым. Біз өзін -өзі тану сабағында көбінесе Ы.Алтынсарин шығармаларын оқимыз. Ы.Алтынсариннің қай шығармасын алсақ та ол бізді тек әдептілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді.
Мұндағы мақсатым Ыбырай атамыздың шығармаларындағы рухани –адамгершілік құндылықтар туралы танысып біле отырып, басқалар үшін де, аз да болса көпке татыр мәліметтерді тауып топтастырып ұсынуға жұмыс жасадым.
Мен өз ғылыми - ізденістерім арқылы барлық баллалардың бойына әдептілік, адамгершілік болса , артымнан ерген сіңілдерім мен інілерім инабатты да ибалы болса деймін.
Осы жоспарларым жүзеге асырылды, таңдаған мақсатым орындалды ғой – деп мен өз - өзіме сенім білдіргім келеді.
Осыған қоса менің осы жасаған жұмысымды өзін –өзі тану сабақтарында пайдалануға болады және жас ұландарға айтарым халқымыздың жақсы қасиеттерін, өнегелерін өзімізге үлгі тұтайық себебі ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерімізді құрметтеу –ұрпақтық борышымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Алтынсарин Ы. Өнер - білім бар жұрттар. Алматы, 1989 ж.
2. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1985 ж.
3. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Алматы, 1962 ж.
4. Құнанбаев А.Шығарманың бір томдық толық жинағы. Алматы, 1961 ж.
5. Құнанбаев А. Шығармалар (Екі томдық). Алматы, 1968 ж.
6. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. Алматы, 1962 ж.
7. Ыбырай Алтынсарин тағлымы. Құраст.: Жармұхамедов М. Алматы, 1991ж.
Достарыңызбен бөлісу: |