Ыбырай Алтынсаринның қызметіндегі жаңалығы



Дата16.01.2022
өлшемі16,04 Kb.
#112211
түріСабақ
Байланысты:
Ыбырай


Ыбырай Алтынсаринның қызметіндегі жаңалығы

.\ Ыбырай Алтынсариннің жазушылық қызметі ХІХ ғасырдың 60-70-жылдарында қазақ халқының өмірінде болған тарихи-əлеуметтік үлкен өзгерістермен сабақтас, солармен тікелей байланысты. Ол өзінің əдеби шығармаларымен тіршіліктің өзекті проблемаларын көтеруге батыл бет бұрды.

Ұлы педагог-ғалым қазақтың жазба əдебиетінің, əдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Əдебиетке тың тақырыптар, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да өркендетті. Қазақ даласының сұлу табиғаты, ұшан-теңіз байлығы, еңбек пен еңбек адамдары туралы əсем лирикалық өлеңдер, қысқа да əсерлі əңгімелер, сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан жайларын шебер сипаттайтын публицистикалық мақалалар жазды. Оның шығармаларында философиялық пайымдаулар мен тұжырымдар молынан келтірілді. Орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген еңбектерді қазақ тіліне жеңіл аудара білді. Сөйтіп, ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек етті.



Ыбырай Алтынсаринның білім ғылымға қосқан үлесі

Ы.Алтынсарин екі түрлі ірі мәселен алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы, екіншісі – халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Өзінің алғашқы адымында-ақ ол мектептің рөлін бірінші орынға қойды. 1871 жылы 31 тамызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Қазақтардың білімге қол жеткізетін ең басты құралы – мектеп. Бірақ даладағы мектептер шашылыңқы, сондықтан әлі пайдалы бола алмай отыр, әйтсе де олардың үміт күтері – мектеп, тек қана мектеп және қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты», — деді. 

Ол кезде мектеп, оқу, оқыту мәселесіне әркім әртүрлі қарады. Қазақ ішінде мектептің, бала оқытудың пайдасын тез ұққандар да, баласын мектепке беруден тартыныңқырағандар да болды. Тіпті үстемтап өкілдері, феодалдардың өздері де бірыңғай болған жоқ. Ескілікті берік сақтағысы келгендер қадым оқуын қолдады. Кейбіреулері өздерінше жаңаға қарай бейімделіп, ел билеу үшін де, патша үкіметінің ұлықтарымен араласу үшін де орысша білу керек деп ұқты да, балаларын жаңа мектептерге беруді мақұл көрді. 

Ыбырай Алтынсаринның этнографияға қосқан үлесі

Қазақ этнография ғылымының қайнар көзі ХІХ ғасырдағы Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Ы.Алтынсарин еңбектерінен басталатыны мәлім. Аталмыш зерттеушілер ұлттық мәдениетті бойына сіңіріп, еуропалық білім алып, сол арқылы қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қатысты зерттеулерде тың тұжырымдамалар жасады. Әсіресе, ХІХ ғ. қазақ қоғамының Ресейдің отарлық саясаты нәтижесінде күрделі қарама-қайшылыққа түскенін өз көздерімен көрген зерттеушілер, пікірлерін ашық жаза білді. 

Ыбырай Алтынсариннің ұстанған ең басты ұстанымы этномәдени жолмен халықтың көзін ашу, кәсіпке, өнер- білімге үйрету. Соның негізінде алдыңғы халықтар қатарына жеткізу болады. Ағартушының ол арманын және оған жету жолдарын «Қазақтың болыстық мектептері туралы записка» деп аталатын мақаласынан көз жеткізе аламыз. Онда « Біріншіден олардың қазіргі экономикалық және саяси жағдайының өзі аяқтарын аттап басқан сайын дерлік, мысалы орыс тілін, орыс жазуын білуді қажет деп отыр; екіншіден бұл халық өзінің табиғи жаратылысында әр нәрсені білуге құмар және ұғымпаз зерек халық.

Ыбырай Алтынсаринның өлеңіне талдау

Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – деген   өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек  байлықта деп  ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге мін  бермейтін кертартпа көзқарасқа  соққы береді. Өмірде сарқылмас мол  байлық  – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –  жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.      Өнерді   үйрен, үйрен де жирен деп  санаған  халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер  тамған шебер  болуына  да мән берген.



Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік , нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер – білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім  мен өнерді игерудің  төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту  мен  тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту  мен тәрбие процесін  жүргізуші мұғалім деп  таниды.Ы.Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе  «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерімен көрінеді.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет