Ибраева магрипа курманбековна



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата16.03.2020
өлшемі2,1 Mb.
#60229
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
disser ibrayeva m


– 
ерте 
жастағыбалаларды 
халық 
шығармашылығы  негізінде  оқыту  мен  тәрбиелеу,  танымдық  белсенділігін 
дамыту,  педагогтардың  осы  бағытта  біліктілігін  арттыру,  ата-аналарды  халық 
шығармашылығын балалар тәрбиесінде пайдалануға үйрету.  
Міндеттері  
Дамытушылық:  
- зиятты, есте сақтауды, зейінді дамыту; 
танымдық белсенділік ретінде қызығушылықты дамыту;  
музыкалық талғамды, қабілетті, эмоциялық сезімді дамыту; 
сөйлеуді және тыңдауды, қиялдауды дамыту, 
қолдың ұсақ моторикасын және жалпы қозғалыс үйлесімділігін дамыту. 
Тәрбиелік: 
ерте этникалық әлеуметтену; 
көркем-эстетикалық талғамды тәрбиелеу; 
отбасында және ұжымда қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; 
өмір  сүрудің  және  мінез-құлықтың  ізгілікті-адамгершілік  нормаларын 
меңгеру; 
патриоттық сезім; 

95 
 
қайырымдылық,  өзара  көмек,  тек  өзі  үшін  ғана  емес  жақындары  үшін  де 
жауапты болуға, төзімділікке тәрбиелеу 
өз еңбегін ұйымдастыра білуге үйрету. 
Білімділік: 
дыбыстарды қайталау(жануарлардың, құстардың, т.б.); 
ұлттық ырғақты әндерді айтуға дағдылану; 
халық муызкасы ырғағымен қозғала білу; 
орыс фольклорының түрлі әдеби және музыкалық жанрларын үйрену; 
ұлттық қолөнермен танысу және үйренуге бейімделу. 
Бала  дамуы  кеңістігіндегі  «педагог  –  ата-ана  –  бала»  жүйесіндегі  өзара 
байланыс динамикасының тиімділігін  теориялық негіздеу: 
Бұл бағдарлама дербес және білім беру мен мәдени мекемелерде, сондай-
ақ  дәстүрлі  мәдени  мектептерде,  ерте  жастан  дамыту  мекемелерінде,  жеке 
мәдени  орталықтарда,  түзету  мекемелерінде  жүзеге  асуы  мүмкін.  Ол  әртүрлі 
типті  мекемелерде  ары  қарай  оқыту  мен  тәрбиелеу  саласындағы  алғашқы 
дайындық бөлігі болып табылады. 
Ерте  балалық  шақ  –  баланың  әлеуметтенуінің,  мәдени  өмірге  жалпы 
адамзаттық  құндылықтарға  араласудың,  тіршіліктің  басты  салаларымен: 
адамдар  әлемімен,  құралдар  әлемімен,  табиғат  әлемімен  және  өзінің  ішкі 
әлемімен танысуды қалыптастырудың алғашқы кезеңі. 
Физиологиялық, 
психикалық, 
әлеуметтік-тұлғалық 
қайталанбайтын 
ерекшеліктер  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  танымдық  іс-әрекетін 
дамытудың  өзіндік  тәсілдері  мен  формалары  және  олардың  қабілеттерін 
құралдық-манипуляциялық,  коммуникативтік  іс-әрекеттерін  ындаландыру 
арқылы пайда болады. 
Осыған 
байланысты 
бағдарламаның 
ерекшелігі 
қазақ 
халық 
шығармашылығы  негізінде  күнтізбелік-салттық  жүйені  қалыптастыратын 
балалардың  ата-аналары  мен  педагогтар  үшін  бірыңғай  коммуникативтік 
кеңістік құру болып табылады. 
Бағдарлама  халық  күнтізбесінің  негізіндегі  мерекелер  мен  салттарға, 
өзіндік  бірлігі  бар  әрі  оның  мазмұндық  және  әдістемелік  бөлігін 
қалыптастыратын 
шаруалар 
тіршілігінің 
заңдылықтарына 
сүйенеді. 
Бағдарламаның  тірегі  –  белгілі  ойындарды,  әндерді,  билерді,  тақпақтарды, 
үйренуге,  сондай-ақ  мерекеде  қолөнер  түрлерін  дайындауға  негізделген 
күнтізбелік мерекелер. Барлық бағдарламалар дидактикалық жүйелілікпен жас 
ерекшеліктерін  ескере  отырып  құрылған:  ата-аналармен  бірге  қазақ  халық 
шығармашылығының  жеңіл  жанрларын  үйрену,  ұлттық  ойын  құралдары 
арқылы  жануарлармен,  құстармен  танысу.  Күнтізбелік  фольклор,  ұлттық 
хореография,  ән.  Ертегілер  бойынша  халық  театры.  Сонымен  қатар,  сабақта 
қолданылатын  барлық  практикалық  және  аудиоматериалдар,  ұлттық  аспаптар 
сүйемелдеуіндегі  музыкалық-әндер.  Өткен  материалды  отбасылық-тұрмыстық 
жағдайында  қайталауға,  бекітуге  және  соның  арқасында  дәстүрлі  мәдениетті 
толығымен  қабылдауға  мүмкіндігі  пайда  болады.  Ата-аналар  мәтіндер  мен 

96 
 
әуендерді жаттау арқылы өздерінің тәжірибесін байытады, бұл алдағы уақытта 
педагогтің сабақ өткізу үдерісіне көмектеседі.  
Оқудың  бірінші  жылында  балалар  тақпақтарды,  өлеңдерді,  қарапайым 
саусақ ойындарын, қозғалмалы ойындарды меңгереді, дыбыстарды қайталауды, 
заттарды  көлеміне,  түсіне  қарай  сұрыптауды  үйренеді,  шеңберге    ілесіп  жүре 
бастайды,  жеңіл  ұлттық  би  қимылдарын  жасауға  талпынады,  сазбен  жұмыс 
істеумен,  сурет  салумен  (алғашында  саусақпен,  кейіннен  бояғышпен),  жеңіл 
кестелік жапсырмалармен жұмыс істеумен танысады.  
Оқудың  екінші  жылында  ән  айтуға,  шеңберде  жүруге,  рөлдік  және 
театрландырылған  ойындарға,  саусақпен  ойнайтын  фигуралы  ойындарға, 
шығармашылық  сабақтарға,  әсіресе,  өздік  жұмыстарға  көп  көңіл  бөлінеді. 
Бірінші жылы өткен ойын түрлері қайталанады, күрделенеді, педагогтің назары 
ойын мәтіндерін балалармен қайталауға, айтуға бағытталады.  
Дамытушы әсерлер мен алынған нәтижелерді бағалауды болжау 
Бағдарламаның  ғылыми-әдістемелік  негізі  «педагог  –  ата-ана  –  бала» 
арасындағы өзара іс-қимылдың жүйелі принципіне негізделген. Ата-аналардың 
көмегімен педагог бала дамуының диагностикасын жүргізе алады, сол арқылы 
балаға  көбіне  не  ұнайтынын,  үй  жағдайында  нені  асқан  қызығушылықпен 
қайталайтынын  біледі.  Ата-аналардың  көмегімен  әртүрлі  жағдаяттардағы 
балалардың  мінез-құлқына  талдау  жасауға  қол  жеткізеді.  Ал  халық 
шығармашылығының  көп  жанрлығы  мен  сан  қырлылығы  педагогқа  ата-
аналармен  бірлесе  отырып  баланың  мінез-құлқын  түзетуге  мүмкіндік  береді. 
Нәтижесінде  біреуінде  шыдамдылық,  екіншісінде  еркіндік,  үшіншісінде  өзін 
ұжымда  көрсете  білу  мүмкіндігі,  т.б.  пайда  болады.  Бағдарлама  ата-аналарға 
баламен  жақын  болуға,  сенімділік  қарым-қатынас  орнатуға,  мінез-құлқын 
тануға  қажетті  тәсіл  табуға  көмектеседі.  Бірыңғай  коммуникативті-тәрбие 
кеңістігінің әсері туындайды.  
Бағдарламада  оқыту  технологиясын  ұйымдастыру  топтың  барлық 
мүшелерінің (ата-ана мен бала) және педагогтің үздіксіз байланысу принципіне 
құрылған. Ата-аналар педагогпен бірге ән шырқайды, ойынның мәтінін айтады, 
ойынның  әр  бөлігінен  кейін  шапалақ  соғу  арқылы  балаларды  марапаттайды, 
балалардың жетістігіне эмоционалды түрде өз сезімін білдіреді, сауалнама мен 
диагностика  жүргізуге  көмектеседі.  Мерекелерде  ата-аналар  ертегілерді 
сахналауға,  балалардың  әкелері  бейнелейтін  кейіпкерлерді  қарсы  алуға, 
мерекелік  дастарханға  көмектеседі.  Сондықтан  ата-аналардың  араласуы 
тәрбиелік-дамытушылық  міндеттерді  шешуде  тиімді  нәтиже  көрстетінін 
байқатады.  
Тағы  бір  маңызды  кезең  –  ата-аналардың  өзара  ынтымақтастығы, 
балалардың  жетістіктері  үшін  жарысу,  тек  өз  балаларының  жетістігі  мен 
жеңілісі  үшін  ғана  емес,  басқа  балалар  (топтағы)  үшін  де  уайымдауы.  Оқу 
сабақтарының  табысты  не  табыссыз  кезеңдерін  бейресми  жағдайда  талқылау, 
тәрбие,  тамақтандыру,  баланың  денсаулығы,  отбасы  ішіндегі  қарым-қатынас 
туралы кеңесу.  

97 
 
Бағдарламада барысында жалғыз басты аналарды қолдау есепке алынады, 
ол  толық  емес  отбасымен  өте  жағымды  қарым-қатынас  жасау  арқылы  көрініс 
табады.  Оларға психологиялық  қолдау,  әртүрлі  сұрақтар  бойынша  кеңес беру, 
материалдық көмек көрсетіледі. Ақыл-кеңес беру көлемінің, көтерілген мәселе 
мазмұнының тиімділігінің маңызды индикаторлары бар. Сабақ барысында жаңа 
балалар  қосылуы  мүмкін.  Соған  орай  бағдарламаның  әмбебаптығы  сонда  – 
жаңадан келген оқушы бағдарламаның кез келген кезеңінде қосыла алады.  
Үнемі  қатысып  жүрген  балалрмен  салыстырғанда  бұл  балаларда 
әдеттегідей  бастапқы  кезеңде  эмоциналдық  жетіспеушілігі,  шығармашылық, 
қиялдау  қабілетінің  төмендігі  байқалады,  барлық  қатысушылармен  бірге  жаңа 
ойындарды  үйрену  барысында  «жаңа  баланың»  қабылдауында,  түсінігінде, 
образға енуінде проблема туындайды.  
Бағдарлама  бойынша  оқу  балаларда  сапалы  қасиеттерді  меңгеруге 
мүмкіндік  береді:  ұжымда  жұмыс  істеуге  үйренеді,  ересектердің  жағымды 
жақтарына еліктейді, бір-бірін құрметтейді, қолында барымен бөліседі, жеке іс-
қимылда өзін еркін ұстайды, қысылмайды және т.б.  
Дәстүрлі мәдениеттің бағдарламада қолданылған жалпы принциптері 
Дәстүрлі  мәдениеттің  ерте  жастағы  балаларды  дамыту  үшін  қолданылған 
негізігі принциптеріне мыналар жатады:  
-балалар фольклоры жанрының ауызша сипаты;  
-салт-дәстүрлер жүйесінде күнтізбелік-дәстүрлі цикл жұмыс істеуі;  
-халық 
күнтізбесін  тәрбиелік-дамытушылық  үдерісті  ұйымдастыру 
негізінде қолдану;  
-сабақтарда  ойындарға,  мерекеге,  салт-дәстүрге  барынша  жағдай  жасау; 
дәстүрлі  мәдениеттің  синкреттілігі  сабақ  үдерісінде  халық  шығармашылығы 
түрлі жанрлары арасындағы байланысты анықтайды;  
-тәрбиелік 
дәстүрлерді 
беру 
мен 
оны 
қабылдауда 
ұжымдық 
шығармашылық  пен  суырып  айтудың  сабақпен  тығыз  бірлігі;  адамгершілік-
құлықтық аспектіде үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу;  
  -музыкалық 
жанрлардың, 
ауызша 
диалектілердің, 
ұлттық 
би 
қимылдарының түпнұсқалығы.  
Балаларды  дәстүрлі  мәдениет  құралдары  арқылы  тәрбиелеуде 
қолданылатын әдістер: 
-ортаға эмоциялық сіңіру әдісі;  
-дәстүрдің халықтық аспектілері негізінде оқыту;  
-мәдени-көркемдік  кешен  ретінде  оқытуды  күнтізбелік-дәстүрлік  цикл 
айналасында құру;  
-тәрбиелеу мен дамытуда отбасылық дәстүрлерді пайдалану;  
-оқытудың  ойын  негізі;  -дәстүрлі  және  кәсіби-педагогикалық  оқытудың 
арасындағы өзара байланыс әдісі. 
Отбасымен өзара тиімді байланыс орнатудың негізгі формалары: 
-сабаққа ата-ананың біреуінің міндетті түрде қатысуы; 
-мерекелерді бірлесіп дайындау және өткізу;  

98 
 
-ерте  жастағы  балаларды  дамыту  мен  әлеуметтендіру  мәселесі  бойынша 
ата-аналарға жеке ақыл-кеңес беру;  
-отбасы мүшелерінің өз қалауы бойынша мерекелерге қатысуы; 
-сауалнама және әңгіме; 
-арнайы мамандардың ата-аналар үшін ай сайын дәрістер өткізуі (өткізетін 
дәрістердің жоспары төменде келтірілген). 
Оқу-ойын сабақтарын ұйымдастырудың оңтайлы құрылымы 
Бағдарлама  балалардың  академиялық  жетістіктеріне  емес,  олардың 
танымдық  белсенділігін  дамытуды  қамтамасыз  етуге  бағытталған,  бұл 
педагогтер барынша шығармашылық белсенділікті талап етеді. Балалардың жас 
ерекшелігіне  байланысты  жоспар  жасауға  қатаң  талап  қойылмайды.  Педагог 
топтағы  балалардың  даму  ерекшеліктерін  және  алдыңғы  сабақтың  нәтижесін 
ескере  отырып,  нақты  педагогикалық  міндеттерді  шешуге  ықпал  ететін 
дидактикалық  материалдарды,  ойындарды  немесе  қойылымдарды  таңдайды 
(кесте 11). 
Кесте  11–Ұйымдастырылатын  іс-әрекет  (оқу-ойын  сабақтары)  төмендегі 
сызба бойынша өткізіледі  
Сабақ 
құрылымы 
Сипаты 
Іс-әрекет түрі (мысалға) 
 



 
1. Сәлемдесу   - эмоциялық тұрғыда ықпал ету; 
-  балалардың коммуникативтік қарым-
қатынасын орнату, жағымды жағдай құру 
 

әр бала бір-бірімен не 
педагогпен не ұлттық 
нышандағы қуыршақпен қол 
алысып амандасады  
 
2. Саусақ 
ойындары 
-  жеке, топтық түрде балалардың дербес 
белсенділігін ұйымдастыру; 
-   ойын жағдаятын құру; 
-  ұсақ моториканы дамыту. 
 
- саусақтарды бүгу және 
олардан түрлі фигуралар 
жасауға байланысты ойындар 
-  ата-аналармен ойын 
(санамақтар, қаламақтар) 
3. Негізгі 
бөлім 
- тақырыптық ойын жағдайын құру 
- диалогтық қарым-қатынас; 
- балалардың қимыл, ойлау белсенділігін 
ұйымдастыру; 
- ата-аналармен өзара іс-әрекет (жеке және 
топта) және басқа балалармен 
 
 
Ойындарды, биді, өлең, 
ертегіні сахналастыру, 
қуыршақ театрын 
және  т.б. алмастырып отыру, 
ұлтттық би элементтерін, 
ұлттық музыкалық 
аспаптарды пайдалану,   
 
 
музыкалық аспа 
 
4. 
Шығармашыл
ық бөлім 
-  балалардың қолын қолөнер  
түрлерінің іс-әрекетіне айындау; 
-  - ата-аналармен бірлескен қолөнер 
жұмыстарын ұйымдастыру; 
-  - мадақтау, марапаттау 
Саусақпен сурет салу; 
мақта таяқшалармен; 
құрақ оюларды 
жапсырмаларды желімдеу   
ермексаздан мүсін жасау; 
 
 
 
 
 

99 
 
11 – кестенің  жалғасы 
 



 
5. Қоштасу 
 
 
 
 
 
 
-  тақырыптық ойын жағдайын 
аяқтау; 
- ата-аналарға нұсқау 
әр бала бір-бірімен не педагогпен не 
қуыршақпен қол алысып қоштасады 
 
Кәсіби-педагогикалық  дағдылармен  байланыс  педагогикалық  тәсілдерді 
пайдалану жолдары мен сабақ құрылымы барысында жүзеге асады, тұрмыстық 
шаруалар жағдайында бірнеше ата-ананы балаларымен бір мезгілде жинау және 
оларды дамыту  жұмыстарын  жүргізу  мүмкін  емес  екені белгілі.  Бұл ретте сол 
кезеңнің  балаларында  қазақ  халқының  дәстүрлік  тәрбиесін  бақылау,  өз 
бастарынан  өткізу  жағдайлары  болды.  Қазіргі  ата-аналар  осы  бағдарламаның 
дәстүрлі  әдістермен  тәрбиелеудегі  өзектілігі  мен  қажеттілігі  айқын  біле 
бермейді. 
 
Кесте  12  -  2–  3  жасар  балаларды  ұйымдастырушылық  іс-әрекетін  өткізуге  
арналған тақырыптық жоспар 
 
Бағдарлама бойынша оқудың екінші жылы 
Аптасына 35-40 минуттан (5 минуттық үзілісімен) 2 сабақ 
Тақырыптың атауы 
Бір жылға сағ. саны 
Танысу, білімдерін тексеру. Қазақ тілі мерекесіне дайындық 
6 с. 
Саусақ ойындары және олардың қолөнермен байланысы 
12 с. 
«Тәуелсіздік күні» мерекесіне дайындық және өткізу 
8 с. 
Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары мен ұлттық би элементтері 
8 с.  
Қазақ фольклорындағы үй жануарлары мен жабайы жануарлар 
8 с. 
Ертегілерді сахналау  
10 с. 
«Наурыз» мерекесіне дайындық және өткізу 
8 с. 
Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер жаттау 
4 с. 
Ертегілердегі, ойындардағы, ойыншықтардағы және қолөнердегі 
құстар бейнесі 
 
8 с. 
Ауыз әдебиеті мен музыка (шағын тақпақтар, күәлпештеу жырлары, 
сәбилік-ғұрып  жырлары) 
6 с 
Ұлттық мұражайға экскурсия (Ұлттық киімдер, ұлттық бұйымдар) 
2 с. 
Ұлттық қуыршақ театрына бару 
4 с. 
Қорытынды сабаққа дайындық және өткізу 
4 с. 
Барлығы 
88 с. 
 
Үлгерімді бақылау және есептеу 
Бала  іс-әрекеті  жетістіктерінің  дамуы  педагог  пен  ата-аналардың  жеке 
бақылауы  арқылы  есепке  алынады.  Ол  үшін  ата-аналарға  арналған 
сауалнамалардан  тұратын  диагностикалық  кешен  құрастырылған,  онда  ата-
аналармен  әңгіме  өткізудің,  халық  мерекелерін  ұйымдастырудың  нітижесін 
байқаудың диагностикалық өлшемдері белгіленген. 

100 
 
Тақырыптың қысқаша мазмұны 
Әр  тапсырма  балаларға  арналған  халық  шығармашлығының  түрлі 
жанрларын  қамтиды.  Бұл  жанрлар  сабақтың  тақырыбына  сай  іріктеліп 
алынады. Сабақтың негізгі формасы – ойын. 
Ол  саусақ  жаттығуына,  тақпақтарға,  қуыршақ  театрына  және  қолөнер 
сабағына  құрылады.  Ұлттық  ойындар  әмбебап,  олар  оқыту  үдерісінде  әр  жыл 
сайын күрделеніп отырады. Сабақтың ойын формасының білімділік міндетінде 
бала  ойын  жағдайында  жаңа  сабақтан  не  игеру  қажеттілігін  және  іс-әрекет 
тәсілдерін өзі түсіне алады. Ойын барысында педагог толығымен жеке тұлғаға 
бағыттаған, балаға деген жеке-бағдарлық қатынасқа негізделген ересектер мен 
балалардың  арасындағы  байланыс  орнайды.  Ойынның  маңызы  сонда  –  бұл 
жерде нәтиже міндетті емес, ойын әрекетімен байланысты болған үдерістің өзі 
маңызды.  Бала  ойын  барысында  жеңіліске  ұшыраса  да,  олардың  соны  бастан 
кешіру шындық болып табылады. Ойынның мазмұнын басқару және ойынның 
сюжетіне белгілі рөлдерді енгізу арқылы педагог ойынға қатысушы балалардың 
жағымды сезімдерін бағдарлай алады.  
Шағын  тақпақтар–  әр  ата-ана  өз  баласына  жеке  айтады  және  кіші 
топтарда  көп  қолданылады.  Бұл  баланы  тербеткенде,  әлдилегенде  арқасынан 
сипалай  отырып  арнайы  мәтінмен  айтылады.  Баланың  жалпы  қимылын 
дамытуды,  өзінің  физиологиясымен  таныстыруды  және  бала  мен  ата-ананың 
арасындағы тікелей байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. 
Әндер– жануарлар немесе балалар туралы шағын әндер, оны ұжыммен не 
болмаса ата-анасының алдында отырып айтуға болады. Баланың қоршаған орта 
туралы  түсінігін  қалыптастырады,  сөздік  қорын  молайтады,  жағымды  эмоция 
береді, қимыл үйлесімінің  жақсаруына  көмектеседі,  вестибулярлық  аппаратын 
нығайтады. 
Мазақтамалар  (күлдіргі,  әзіл  өлеңдер)–қазақ  фольклорының  ауызша 
айтылатын өлең түріндегі шағын жанры, сабақта көбінесе саусақ жаттығулары 
ретінде  қолданылады.  Қолдың  ұсақ  моторикасын,  тілді,  есте  сақтауды, 
шыдамдылықты, зейінді дамытуға көмектеседі. 
Жұмбақтар    сабақ  барысында  балаларды  жануарлармен,  құстармен, 
сондай-ақ  ағаштармен,  аспан  белгілерімен  т.б.  «таныстыру»  мақсатында  кең 
түрде қолданылады. 
Жаңылтпаштар  –  балалардың  тілін  дамытуға  көмектеседі,  баланың  өзін 
көрсетуіне, белсенділігін дамытуға ықпал етеді. 
Саусақ  ойындары–  шағын  әзілдердің,  әндердің,  тақпақтардың,  өтірік 
өлеңдердің  мәтіні  және  саусақ  жаттығуына  арналған  жинақтан  алынған  ойын 
мәтіні бойынша қолдың саусақтарын және қолдың өзін қозғалту. 
Қуыршақ  театры–  педагогтің  балалармен  қарым-қатынас  жасауына 
көмектесу,  баланың  қиялын  және  коммуникативтік  қызметін  күшейту,  ойлау 
қабілеті мен есте сақтауын дамыту үшін әр сабақта қуыршақтар қолданылады. 
Әндер–  бұл  педагогтің,  сонымен  бірге  ересек  топ  балаларының  немесе 
екінші  жыл  оқитын  балалардың  орындауындағы  белгілі  балалар  жанры.  Олар 

101 
 
да  сабақ  тақырыбына  сәйкес  болады.  Салт  әндері  арнайы  мерекелерде 
орындалады. 
Рөлдік  ойындар–  топ  мүшелері  арасында  тактильді  байланыс  орнатуға 
көметеседі,  бірігуге,  қимылдың  жалпы  үйлесіміне  ықпал  етеді,  көп  жағдайда 
рөлдік ойындар алмастырады. 
Би  ерте  жастағы  балалардың  бейімделу  үшін  балабақшаларда 
балалайканың сүйемелдеуімен дамытушылық билер пайдаланылады. 
 
Кесте 13 - Ата-аналарға арналған айлық дәрістердің тақырыптық жоспары 
 
Ай 
Сабақ тақырыбы 
Қыркүйек 
Ерте жасар баланың физиологиялық және психикалық даму 
ерекшеліктері. Олардың туғаннан танымдық белсенділігін дамытудың 
маңыздылығы.  
Қазан 
Отбасылық тәрбие және халық шығармашылығы. Ұлттық тәрбиенің 
негізгі ережелері. 
Қараша 
Қазақ халық шығармашылығының балалардың танымдық белсенділігін 
дамытуға ықпалы 
Желтоқсан  
Қазақ халық шығармашылығы құралдары: ауыз әдебиеті, музыка, ойын, 
қолөнер 
Қаңтар 
Қазақ халқының ұлдар тәрбиесі мен қыздар тәрбиесі 
Ақпан 
Бағдарлама бойынша ұлттық киімдер мен билерді көрсету, халық әндері 
Наурыз 
Балалармен бірге Наурыз мерекесін өткізу 
Сәуір 
Қорытынды сабақ 
 
Берілген  жоспар  ата-аналардың  қалауы  бойынша  өзгеруі  мүмкін.  Олар 
кейбір  тақырыпты  таңдаулары  немесе  дәрісте  өздері  не  тыңдағысы  келетіні 
туралы өз пікірлерін айтуы мүмкін. Мысалы, екінші жыл білім алатын балалар 
үшін  ұлттық  киімдер  тігуге  болады,  ол  үшін  ата-аналар  ұлттық  киімдерді  тігу 
туралы дәріс тыңдаулары және киімдерді үлгіге салып әрі тігіп үйренулері керек. 
Сонымен  бірге,  ата-аналар  ағаштан  немесе  балшықтан  ұлттық  заттар  жасауға 
қызығуы мүмкін, мұндай жағдайда мамандар олар үшін арнайы семинар өткізуі 
керек. 
Берілген  тақырыптар  орталыққа  қатысатын балалардың ата-аналары үшін 
барынша өзекті және қажетті деп ойлаймыз. 
Сонымен  ерте  жастағы  балаларды  қазақ  халық  шығармашылығы 
құралдарымен    дамыту  бағдарламасын  енгізу  заманауи  білім  беру  мен 
әлеуметтік-мәдени кеңістікте барынша өзекті болып табылады. 
Жасалған  бағдарлама  қазіргі  мектепке  дейінгі  білім  беру  мен  оның 
психологиялық-педагогикалық 
талаптарына, 
сондай-ақ 
ерте 
жастағы 
балалардың  үйлесімді  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  олардың  жас  ерекшелігі 
мен  қажеттіліктеріне  сай  нақтыланған.  Бұл  балалардың  қимыл,  сөз  және 
шығармашылық  белсенділіктерін  жетілдіру,  жаңа  білім  алуға  ұмтылу,  өткен 
материалдарды  қайталаудан  ләззат  алу,  психикалық  үдерісітің  тұрақтануы 
арқылы дәлелденген. 

102 
 
Бағдарламада  анықталған  артықшылықтар  мен  жағымды  мүмкіндіктер 
мынадай белгілерден көрінеді: ерте бейімделуді қамтамасыз ету, баланың жеке 
тұлғасын  этникалық  әлеуметтендіру;  өз  халқының  мәдени  дәстүріне  жағымды 
қарым-қатынас  орнату;  адамгершілік  нормаларын  қалыптастыру  мүмкіндігі; 
ата-аналардың өз балаларымен отбасындағы қарым-қатынасының жақсаруы. 
Осы  білім  беру  бағдарламасының  негізінде  ерте  жастағы  балаларды 
«педагог  –  ата-ана  –  бала»  жүйесі  бойынша  кешенді  дамыту  мен  тәрбиелеу 
жүзеге асады. Ол халық шығармашылығына отбасылық қызығушылықтың өсуі, 
өткен  материалдарды  отбасылық-тұрмыстық  жағдайда  бекіту,  ата-аналардың 
сабақ үдерісі мен мерекелерге белсенді қатысуымен дәлелденеді. 
«FasTracKids»  халықаралық    балалар  академиясының  балалар  санының 
қарқынды  өсуі  қазақ  халық  шығармашылығы  ықпалының,  сондай-ақ 
бағдарлама  бойынша  сабақты  жалғастыруға  деген  сұраныстың  жоғары 
көрсеткішінен  байқалады,  мұны  ерте  жастағы  балаларды  дамыту  мен 
тәрбиелеудегі  бағдарлама  ықпалының  тиімділігі  жайлы  сараптанушылардың 
пікірінен көруге болады. Ол туралы келесі параграфтарда талқыланды. 
Бағдарламаны  балабақшаларда,  мектепке  дейінгі  әр  түрлі  мекемелерде, 
клубтарда, аналар мектебінде,  ерте жастағы  балаларды  дамыту  мектептерінде, 
т.б. қолдануға болады.  
Ұсынылған үлгінің болашақта таралымын көбейтіп, оқу-әдістемелік құрал 
көмегімен шеберлік сыныптарын өткізу қарастырылады. 
 
 
2.2 
Тәжірибелік-эксперимент 
жұмысының 
анықтау 
және 
қалыптастыру кезеңдері 
Тәжірибелік-эксперимент  жұмысының  анықтау  және  қалыптастырушы 
бөлігінде  біз  тәжірибе  барысында  оң  нәтиже  көрсеткен  және  маман-
практиктердің  ұсынысы  бойынша  мектепке  дейінгі  ерте  жастағы  балалардың 
деңгейін  дамытудың  қолданыстағы  диагностикалық  әдісінің  элементтеріне 
сүйендік. 
Құрастырылған диагностикалық кешенге бастапқы, ортаңғы және бақылау 
сауалнамасы;  сұхбат;  үш  кесіндіден  тұратын  педагогикалық  бақылаудың 
нәтижесінің  диагностикасы;  эксперимент  тобын  бақылау  тобымен  (БТ) 
салыстыру кіреді. 
Біздің  зерттеуіміз  үшін  алдымен  экспериментке  балабақшадағы  топты 
немесе ерте дамыту орталықтарындағы топты таңдап алу негізгі мақсат болды. 
Сол  себепті  эксперименттің  анықтау  кезеңінде  ата-аналардан  осы  мақсатта 
сауалнама алынды.  
Анықтау  экспериментіне  Алматы  қаласының  «№105»  балабақшасының 
бөбек  тобына  баратын  балалары  мен  олардың  ата-аналары,  педагогтары  және  
«FasTracKids»  халықаралық  балалар  академиясының    ерте  жастан  дамыту 
студиясына баратын балалар мен олардың ата-аналары, педагогтары қатысты. 
Ата-аналарымен  жүргізілген  әлеуметтік  сауалнама  деректері  бойынша 
олардың ерте дамыту орталығын  таңдаудағы негізгі себебі: мекеменің жақын 
орналасуы, балаларды дамытуға қолайлылығы, балаларды арнайы бір уақытқа 

103 
 
алып  келіп,  алып  қайтуға  ыңғайлы  болуы,  топтың  баланың  жасына  сай  келуі, 
қызықты білім беру бағдарламасы болып табылды. 
Ал,  олардың  «FasTracKids»  халықаралық  академиясын  таңдаудағы  басты  
себебі  ерте  жастағы  балаларды  дамытуға  арналған  студиясында  сәбилерді 
дамытуда  еркін  тәрбиелеу  ұстанымын  ұстанатындығы  болды.  Бұл,  шынында, 
ата-аналардың қызығушылығын тудырған қосымша білім берудегі жаңа бағыт 
саналды.  Ал,  балаларын  балабақшаға  беретін  ата-аналардың  онда  балаларын 
бере  алмау  себебі    «балаларды  ерте  жастан  дамытумен»  айналысатын 
мекемелердің  қаржы  жағы  болды,  өйткені  жекеменшік  мекемелердегі 
ұйымдастырушылық іс-әрекет төлемақысы бәріне бірдей қолжетімді болмады. 
Сондай-ақ,  қазақ  халық  шығармашылығы  арқылы  баланы  дамыту 
сауалнамасына,  соңғы  уақыттарда  ата-аналардың  бұл  шығармашылыққа 
қызығушылықтарының  бар  екендігі,  тәрбиелеуде  халықтық  педагогикалық 
қағидаттарды  үйренуге  деген  тілек  пайда  болғаны  байқалды.  Бұл 
бағдарламаның қажеттілігінің жоғарғы көрсеткіші болып саналды.  
Бағдарламаның  «педагог-бала-ата-ана»  жүйесімен  жүзеге  асырылуы,    ата-
аналар 
мен 
балалар 
арасындағы 
қарым-қатынасты, 
ата-аналардың 
ұйымдастырушылық  іс-әрекетке,  балалардың  танымдық  қабілетті  дамытуға 
қатысуын,  педагогикалық  үдеріске,  қазақ  халық  шығармашылығын  балаларды 
дамытуда 
пайдалануға 
қызығушылығын, 
педагогтың 
ата-аналармен 
өзараәркеттестігіндегі  жұмыстардың    баладағы  жасырын  қабілетті  дамыту, 
эмоционалдық қарым-қатынасты арттыруды көрсетті. 
Ағасы не әпкесі жоқ, үлкен мегаполисте тұратын баладағы басты проблема 
бұл  –  құрбыларымен  қарым-қатынас  жасаудағы  жетіспеушілік  болып 
табылады.  Осы  мәселе  бойынша  қатысушылар  жауаптарында  «балабақшаны 
таңдау  себебі»  туралы  сұраққа  олардың  негізгі  талабы  «жағымды  эмоциялық 
жағдайдағы  балалар  қарым-қатынасы»  екенін  көрсетті.  «FasTracKids»  
халықаралық 
балалар 
академиясында 
балалардың 
қарым-қатынасын 
ұйымдастыруда  бірыңғай  коммуникативтік  кеңістіктің  тиімділігі  тек  сабақ 
барысында  ғана  емес,  бірлескен  серуенде,  отбасы  аралық  қарым-қатынаста  да 
қолданылуы тиістігі белгіленді. 
Келесі баланың «танымдық белсенділігін  дамыту» өлшеміне  қазақ халық 
шығармашылығының 
тәрбиелік-дамытушылық 
мүмкіндігінің 
көмегімен 
баланың  қабылдауын,  қиялдауын,  тілін,  зейінін,  есте  сақтауын,  ойлауын  
дамыту  жатады.  Бұл  мәселе  аса  өзекті  болып  табылып,  73%-ға  дейінгі  жауап 
берушілерді толғандырды. 
Біз  жоғарыда  көрсеткендей  баланың  танымдық  белсенділігінің  дамуы 
оның  психикалық  үдерістерінің  оң  дамуына  ықпалынан  талап  ететіндігін 
айтқан  болатынбыз.    Осыған  байланысты  біз  ата-аналардан  балаларының 
психикалық  дамуына  байланысты  да  сұрақтарға  жауап  алдық.  Олай 
дейтініміз,  соңғы  уақытта  балалар  невропотологтары  «гипербелсенді»  немесе 
керісінше «тұйықтық және инфантилизм» деген диагнозды жиі қояды. Осындай 
балалардың  ата-аналарына  қойылатын  негізгі  талап  баламен  жеке  қарым-
қатынас  болып  табылады.  Қазақ  халық  шығармашылығы  мүмкіндігінің 

104 
 
көмегімен  жоғарыда  атап  өткеніміздей  балалардың  психикалық  үдерісін 
тұрақтандыруға болады және алғашқы оқу жылының соңына қарай дәрігерлер 
мен  ата-аналар  осы  жүргізілген  жұмыстың  тепе-тең  нәтижесін  көре  алады. 
Сонымен бірге, гипербелсенді және белсенділігі төмен балаларды үйде дамыту 
барысында  түзету  тапсырмалары  ұсынылады.  Нақтырақ  айтқанда,  осы 
тапсырмаларды  орындау  мен  ұжымдық  оқытуға  жүйелі  түрде  қатысудың 
барысында біз екі айдан кейін алғашқы нәтижеге қол жеткіземіз. Мысалы, оқу 
жылының басында баланы бес минутқа қызықтыру қиындық туғызса, екі айдан 
кейін  баланың  зейінін  шоғырландыру  сабақтың  жарты  бөлігіне  жетеді,  ал  оқу 
жылының  соңында  ол  белсенді  қатысушыға  айналады,  тіпті  кейде  педагогтің 
сенімді  тірегі  болады.  Ең  басты  қиындық  кейбір  ата-аналардың  баланың 
проблемасын  мойындамау  болып  табылады.  Сондықтан  олар  дамытудың 
алғашқы  сатысындағы  сауалнамада  оны  көрсетпеді  (5,5%),  сондай-ақ  олар 
баланың жетістігін де көрмеуі ықтимал, бірақ жыл соңында баланың ілгерлеуін 
басқа балалармен қарым-қатынасы арқылы міндетті түрде байқайды.  
Біз  ұсынған  сұрақтардан  «басқа»  деген  көрсеткіш  бойынша  жауап 
берушілер  балалардың  тілінің  нашар  дамуын,  құрбыларымен  қарым-қатынас 
жасауға  құлықсыздығын,  агрессивтілігін,  туыстарын  басқадан  қызғануын 
көрсетті.  Ата-аналардан  «Балаңыздың  бойында  нені  дамытуды  қалар  едіңіз?» 
деген  сұраққа,  олардың  басым  көпшілігі  белсенділікті,  табандылықты, 
шығармашылықты  дамытуды,  музыкаға  бейімдеуді,  қимылды  үйлестіруді,   
ұжымға үйренуді атады.  
 
 
 
Сурет 7 - Жауап берушілердің балаларының проблемасы 
 
7-суреттен  байқалып  тұрғандай  «FasTracKids»  халықаралық  балалар 
академиясының  ерте  дамыту  студиясы  (әрі  қарай  ерте  дамыту  студиясы)  ата-
аналарының 
жауаптарына 
қарағанда 
 
балабақша 
ата-аналарының 
жауаптарының    көрсеткіші    жоғары  болды.  Өйткені  бұл  ата-аналар  баланың 
тілін,  есте  сақтауын,  ойлауын  дамытуда  жауапкершілікті  балабақшаға 
жүктейді.  Ертеректегі  бала-бақшадағы  тәжірибеде  балалардың  осы 
көрсеткіштерін дамыту бойынша жұмыс  арнайы бағдарлама негізінде тек орта 
топтардан  басталатынын  байқаймыз.  Ал  қазіргі  уақытта  сәби  тобындағы 
0%
20%
40%
60%
80%
100%
120%
Балабақща ата-аналары  Ерте дамыту студиясы ата-аналары 
Қарым-қатынастың 
жетіспеушілігі 
Психикалық 
тұрақсыздық 
танымдық 
белсенділігінің дамуы 
Басқа 

105 
 
бағдарламаларда  олардың  психикалық  үдерістерін  дамытуға  аса  мән  беріліп 
отыр.  
Сондай-ақ,  «психикалық  тұрақсыздық»  сипаттағы  бала  туралы  жауап 
берушілермен  болған  әңгіме  барысында  қызықты  жағдай  анықталды.  Олар 
өздерінің  гипербелсенді  балаларын  «өздері  оларды  ұстай  алмайтындықтан» 
немесе  тұйық  баланы  өз  құрбыларымен  араласуға  құлқы  жоқ  болғандықтан 
балабақшаға  беретіндігін  айтты.  Олар  баланың  мінез-құлқын  балабақша 
арқылы осылай түзетуді жөн көреді, ал біздің көзқарасымызша, бұл жағдайды 
қиындата  түседі.  «Басқа»  өлшем    бойынша  жауап  берушілер  балалардың  тым 
өзімшілдігін  және  ата-анаға  шектен  тыс  жақындықты  көрсеткен.  Бұл 
проблемаларды  балабақшаға  қатысу  көмегімен    шешудің  нәтижесі  баланың 
психикалық үдерісінің орнығуына кері әсер етуі мүмкін. 
Бізге  балабақшаның  жұмыс  істеу  мақсатын  анықтау  қызығушылық 
тудырды.  Алдыңғы  сұрақтардың  жауабы  осы  сұрақтың  қорытындысымен 
бекітілді.  
 
 
Сурет 8 - Ата-аналардың пікірі бойынша ББ жұмыс істеу мақсаты 
 
8  суреттен  көріп  отырғанымыздай  ата-аналардың  ойынша  балабақшаның 
негізгі  мақсатын  100%  баланы  қарау  және  тамақтандыру  деп  санайды,    одан 
кейінгі мақсаттарын физикалық сауықтыру мен ақыл-ойын өсіру  деп түсінген 
және адамгершілікке тәрбиелейді деп есептеген.. 
Осы  сауалнаманы  қорытар  болсақ,    балабақша  ата-аналарының  басым 
бөлігі  балаларын  уақыты  жоқтығынан  балабақшаға  беретіндігін,  балалар 
тәрбиесін көбінесе балабақшаға жүктейтінін, балалар тәрбиешісімен біргелікте 
жұмыстар  жүргізуге  уақыттарының  жетіспейтіндігін,  балаларының  танымдық 
белсенділігін  дамыту  бойынша  балабақшада  жүргізіліп  жатқан  жұмыстар 
оларды  қанағаттандыратынын    айтты.  Ал  ерте  дамыту  студиясының  ата-
аналары балаларын дамытуға өздерінің қатысуға тиістігін, студияға балаларын 
өздерімен  бірге  алып  келіп,  алып  кететіндігін  және  7-нші  суретте 
көрсетілгендей  олар  балаларының  танымдық  белсенділігі  төмен  екендігін 
көрсетіп  оны  дамыту  қажеттігін  айтады.  Сол  себепті  біз  эксперименттің 
бақылау  тобына  балабақша  тобын,  ал  эксперимент  тобына  ерте  дамыту 
студиясы тобын алдық  
0
50
100
Баланы қарау 
және 
тамақтандыру 
Физикалық даму, 
сауықтыру 
ақыл-ойын өсіру 
адамгершілік 
тәрбие 
100 
88 
56 
18 

106 
 
Келесі  біздің  сауалнамамыздағы  «Балаңызды  дамытуда  қазақ  халық 
шығармашылығын  пайдаланасыз  ба,  пайдаланғыңыз  келе  ме,  қандай  мақсатта 
пайдаланған дұрыс деп санайсыз, қандай түрлерін білесіз және т.с.с.?» сұрақтар 
арқылы  ата-аналардың  балаларын  дамытуда  қазақ  халық  шығармашылығын 
пайдалануға  қызығушылығын  байқадық.  Жоғарыда  айтып  өткендей  олардың 
бастапқы,  ортаңғы  соңғы  кесінділерін  (9  сурет)  ұсынып  отырмыз.    Сабақтың 
бастапқы  кезеңінде  ата-аналар  пікірі  бойынша,  олар  әлі  балаларының  неге 
қызығатынын  көруге  мүмкіндіктері  болмағандығын  айтты.  Оқу  жылының 
соңындағы  сауалнама  барысында  бұл  көрсеткіштер  барынша  объективті 
болады,  өйткені  онда  баланың  қызығушылығы  көрініс  табады.  Көріп 
отырғанымыздай  бастапқыда  ойын  шығармашылығына  қызығушылық  басым 
болған 
болса, 
соңғы 
қорытыныды 
кесінді 
де 
музыка, 
қолөнер 
шығармашылығын да тиімді пайдалану қажеттілігін түсінді. 
 
 
Сурет 9 -  Ата-аналардың  қазақ халық шығармашылғын балаларды 
дамытуда пайдалануға қызығушылығы 
 
Мәселен  музыкалық  шығармашылықты  алып  қарасақ,  бұл  балалар  әндері 
мен  тақпақтары  нотаға  түсірілген,  балалар  және  ересектердің  дәстүрлі  әндері, 
музыкалық ойындары, өлеңдер, хор әндері – барлығы халық музыкасының түрі 
болып саналады. Әдетте қазіргі балалар эстрадалық әндердің әуеніне үйренген 
және олар тек фортепианода ойнауға ғана бейім болатынына қарамастан, бірде-
бір  рет  домбыра  үнін  естімеген  баланың  онда  түрлі  әуен  ойналғанда  билей 
жөнелетіні  ата-аналарды  таң  қалдырды.  Мұны  генетикалық  жады  және 
эмоционалдық  сезімге  берілу  факторымен  түсіндіруге  болады.  Халық 
аспаптары  балаларда  жоғары  жағымды  эмоционалдық  сезім  туғызады, 
музыкалық  есту  қабілетін,  сонымен  бірге  ритмикалық  және  ырғақты 
жақсартады.  Баяу  және  жылдам  қимылды  ойындарды  алмастырып  қолдану 
ырғақты сезінуге, сезімді ауыстыра білуді жақсартуға көмектеседі. Баланы бір 
жастан  бастап  халық  аспаптарының  үніне  үйретуді  ұсынамыз,  аспаптың  үнін 
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
100%
2015 ж. 
2016 ж. 
2017 ж. 
 Ауыз әдебиеті   
Музыка 
Ойын 
Қолөнер 

107 
 
аса қатты шығармаса, балада қорқыныш тумайды, керісінше бала әуенді тыңдау 
арқылы белгілі  ырғақты  сезінеді  және әуенді  жылдам  есте  сақтайды.  Баланың 
тілегіне қарай аспапта ойнап үйренуді қай жаста болсын жүргізуге болады. 
Қолөнердің  маңызы  жағынан  жауап  берушілердің  27-ден56%-ын 
қызықтырады.  «FasTracKids»  академиясында  ерте  жастағы  балаларға  арналған  
сабақ өткізу үшін безендіруде ұлттық қолөнердің сан алуан құралдары қолданылды. 
Олар боялған тақталар, ағаштан ойылған заттар, қайың қабығы мен бұтақтарынан 
жасалған  бұйымдар,  саздан  жасалған  ысқырықтар  және  ойыншықтар,  құрақ 
көрпелер, ойыншықтар және сылдырмақтар, көне тұрмыстық құралдар, ұлттық 
киімдер,  шу  ретінде  пайдаланылатын  халықтық  аспаптар  және  педагогтың 
ұлттық костюмі. Осында қойылған  саз мүсіндер (ысқыруықтар, ойыншықтар); 
құрақ,  жапсырма  кесте    техникасымен    орындалған  бұйымдар    (көрпелер, 
доптар,  сылдырмақтар);  белдік,  шапан,  камзол  және  басқа  да  көптеген  заттар 
ата-аналардың  өтініші  бойынша  семинар-тренингке  қатысқан  мамандардың 
көмегімен игерілген болатын. 
Сондай-ақ,  9-суреттегі  ата-аналардың  балаларын  дамытуда  қазақ  халық 
шығармашылығын  түрлерін  пайдаланудағы  динамикалық  көрсеткіштерге    2.1. 
параграфта  айтылғандай  біз  ата-аналармен  2015  жылы  жүргізген  дәріс-
семинарлардың ықпалы болды деп, есептейміз.  
Осы  өлшем  бойынша  бақылау  тобы  мен  эксперимент  тобындағы  ата-
аналардың жауаптарын салыстырдық (10-сурет). Мұндағы бақылау тобындағы ата-
аналардың  жауаптарынан  балабақшадағы  «Алғашқы  қадам»  бағдарламасында 
қарастырылатын халық ауыз әдебиетіне негізделгенін байқадық. 
 
 
 
Сурет 10 – БТ, ЭТ ата-аналарының  қазақ халық шығармашылғы түрлерін 
балаларын дамытуға пайдалану қажеттілігі туралы көзқарастары 
 
Олар жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілер, мақал және мәтелдер. 
Соңғы  ғасырлық  даналық  қазіргі  балаларды  оқытуда  маңызды  болып  табылады, 
мұны педагогтар мойындайды және өз жұмыстарында кеңінен қолданады. 
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
Бақылау тобы 
Эксперимент тобы 
ауыз әдебиеті 
музыка 
ойын 
қолөнер 

108 
 
Бағдарламада қолөнер  элементтерін:  кескіндеме,  құрақ, кесте,  мүсін  және 
т.б.  пайдалану  өте  танымал  болып  есептеледі.  Сонымен  бірге  халықтық  стилі 
соңғы  кезде  сәннің  шыңына  айналды.  Көпшілікке  түсінің  ашықтығы,  өнімнің 
табиғилығы, ұлттық нақышы және әдет бойынша «көркемдік-бейнелеу бағыты» 
жақын  болып  келеді.  Ата-аналарға  бұл  бағыт  неғұрлым  таныс  болғандықтан, 
қызығушылық тудыруы сенімді деп айта аламыз. 
Келесі 
сауалнама 
арқылы 
балалар 
тәрбиесінде 
қазақ 
халық 
шығармашылығын пайдалануды қай жастан  бастау және уақытша немесе үнемі 
пайдалану бойынша ата-аналардың ойын білу қажет болды. Ол 11- суреттегідей 
көрсеткіштерді көрсетті.  2015 жылға қарағанда 2016 жылдағы көрсеткіште ата-
аналар  қазақ  халық  шығармашылығын  ерте  жастан  пайдалану  керектігін  
сезінген  және  үнемі  бала  тәрбиесінде  пайдалану  қажет  деп  санаған  ата-
аналардың пайыздық көрсеткіші артты.  
 
 
 
Сурет 11 - Оқушылардың қазақ халық шығармашылығына қатысы 
 
Баланы  қандай  да  бір  нәрсеге  қызықтыру  үшін  онымен  ата-ананың  өзі 
айналысуы  керектігін  түсінді.  Бұл  шындық  сабақ  барысында  көріне  бастады, 
ата-аналарда баласына өз қолымен киім тігу, ұлттық тамақ дайындау, қазақтың 
мерекелерінің негізгі дәстүрлерін білу, халық музыкалық аспаптарында ойнау, 
сабаққа  отбасының  әкесін  тарту  және  басқа  да  қажеттілік  пайда  болды.  Бұл 
бойынша көрсеткіш 3-тен 73%-ға дейін өсті. 
Халық  шығармашылығын  ерте  жастан  пайдалану  қажет  деп  санаған  ата-
аналардың саны 20-дан  97%-ға дейін көтерілді. Кейбір қатысушылар бұл әдісті 
уақытша пайдалану қажет дегендердің саны 80-нен 13%-ға дейін азайды. Ата-
аналар  қазақ  халық  шығармашылығын  ұмытуға  болмайтынын,  оның  біздің 
тамырымыз  екенін  және  оның  жандануының  қажеттілігін,  балалар  мен 
ересектерге  жеке  тұлғаның  мақсатты  түрде  ерте  жастан  дамуы  үшін  халық 
шығармашылығымен  қаруланудың  маңызын,  бұл  қажетті  дүниетанымның 
0%
20%
40%
60%
80%
100%
120%
2015 ж. 
2016 ж. 
2017 ж. 
Ерте жастағы балалар 
үшін маңызды   
уақытша пайдалану 
Біздің отбасымыздың 
қызығушылығы 
үнемі пайдалану 

109 
 
құрамдас  бөлігін  қалыптастыру  үшін  өзінің  ұлттық  құндылықтарын  саналы 
түрде  танудың  басты  элементі  екенін,  оның  бәрі  баланың  танымдық 
белсенділігіне,  яғни  қабылдауы,  қиялдауы,  тілінің  дамуына,  зейініне,  есте 
сақтауына, ойлауына ықпал ететіндігін атап өтті. 
 
 
 
Сурет 12 – БТ, ЭТ ата-аналардың қазақ халық шығармашылығын 
пайдалануға  қатысы 
 
12  суреттен  байқалаып  тұрғандай  біздің  ата-аналармен  өткізген  дәріс-
семинарлардың, «педагог-бала-ата-ана» бірлестігінде өткізілген мерекелік (ата-
аналардың қолөнер көрмесі, қазақ тілі мерекесі, Тәуелсіздік күні, Наурыз және 
т.б.)  іс-шаралар,  ата-аналардың  балаларының  сабақтарына  міндетті  қатысуы 
эксперименттік топтағы ата-аналардың көрсеткішінен байқалып тұр. Және олар 
өз  сұхбаттарында,  жауаптарында  қазақ  халық  шығармашлығы  балаларының 
танымдық  белсенділігін  арттырып  қоймай,  отбасының  қызығушылығына 
айналғандығын,  балаларымен  эмоционалдық,  достық  қарым-қатынастарының 
артуына  ықпал  еткендігін,  төл  мәдениетімізге  құрметтерінің  тереңдігін  айтты. 
Олардың  87%-ның  қазақ  халық  шығармашылығы  құралдарын  ерте  жастағы 
баланың  танымдық  белсенділігін  дамытуға  пайдалану  қажеттігіне  күман 
келтірмеді.   
Енді  біз  ерте  жастағы  балалардың  қазақ  халық  шығармашылығы 
құралдарымен танымдық белсенділігі дамуының   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет