Ибрагимова М. Н. 1, Нусупбаева С. А



Дата25.08.2017
өлшемі83,33 Kb.
#25982
ӘОЖ 378

Ибрагимова М.Н.1, Нусупбаева С.А.2
1Оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,

Алматы, Казақстан

е-mail: ibragimova.meruert@mail.ru

2Аға-оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,

Алматы, Казақстан

е-mail: N.Salta_82@mail.ru
ТАРИХ САБАҒЫНДА ТҮРЛІ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Annotation. Efficient application of different methods at history lessons is examined in this article.
Тірек сөздер: технология, инновация, тест, әдіс.

Білім саласында жастарды біліммен сусындатып қана қоймай, олардың көзі ашық, зиялы, адамгершілігі мол, жауапкершілікті мойнына ала білетін тұлға ретінде қалыптасуына көп көңіл бөлінуде. Республикамыз білім ордаларын компьютерлік технологиялармен жабдықтап, маман кадрларды даярлауды қолға алды. Жаңа технологиялар дамыған заманда түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып сабақ ұйымдастыру жетістікке жетелейді. Әсіресе талапкерлерді жоғары оқу орнына түсу үшін дайындық баланы жалықтырмайтын, шаршатпайтын тәсілдермен жүргізілуі қажет.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры»[1], - деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын.

Оқытушылардың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп атап көрсетілген.

Бірнеше жылдан бері қолданылып келе жатқан тесттік жүйе өз нәтижерелін беріп келеді. Бұл жүйе бойынша білімалушының білім, білік, дағды деңгейін объективті бағалауға, олардың даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады.

Ендігі кезекте «білімалушы тарихтан толыққанды білім алуы үшін не істеу керек?» деген мәселеге тоқталып өтейік. Жаңа технологиялар заманында мүмкіндігінше компьютерлік техниканы қолдана отырып, түрлі әдіс тәсілдер қолдануға болады. Бір сарынды дәріс өту білімалушыны жалықтырып жіберетіндіктен әр сабақты түрлендіріп өткізген жөн.

Тарихты оқытудың түрлі әдістеріне тоқталатын болсақ, ол оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен, білім берудің маңызды мақсаттарымен, сабақтың мақсатымен білімалушылардың мүмкіндігімен, пайдаланатын жүйенің ерекшеліктерімен анықталады. Оқытушы білім беріп қана қоймай, сол білімнің нәтижесін көруі қажет. Осы мақсатта түрлі тапсырмалар беру арқылы білімалушыдан оқытушы өз берген білімінің нәтижесін көреді. Осындай тапсырмалардың бірі – тесттік тапсырмалар. Тарих сабағында тесттік тапсырмаларды түрлендіріп беру білімалушының ойлау қабілетінің дамуына алып келеді.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде білім алатын шетел тыңдаушысын 8-9 ай ішінде кешенді тестілеуден жоғары нәтиже көрсетуге даярлау үшін көп күш жұмсау қажет. Шетел тыңдаушысына мектепте 3-4 жыл жүйелеп оқытылатын тарихты аз ғана уақыт ішінде меңгертіп, онымен қоса кешенді тестілеуге дайындау үлкен шеберлікті талап етеді. Сондықтан тыңдаушының дәрісті дұрыс меңгеруі үшін түрлі әдістер қолданылады. Тестпен білімін тексеру барысында қарапайымнан күрделіге дейінгі сұрақтарға жауап беру арқылы тыңдаушы өз білімін шыңдайды. Тыңдаушының білімін тексеруге арналған тест жүйесі белгілі бір тақырыпты немесе тарауды қорытындылау және пысықтау кезінде жүзеге асырылады. Тестілеу әдісі қазіргі таңда көптеген елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналған білімалушының дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде қолданылады. Тестке сапалы жауап алу үшін тестті де сапалы құрастырудың маңызы зор. Ол оқытушының шеберлігін, біліктілігін, шығармашылығын талап етеді. Енді тарих дәрістерінде пайдаланылатын сан алуан тесттерге тоқталып өтелік.



1. Тақырыпты қорытындылау кезінде қолданылатын тесттік тапсырмалар:

№ 01 Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі

А) Қола дәуірі

В) Тас дәуірі

С) Рулық тайпалық кезең

D) Андронов кезеңі

Е) Темір дәуірі

№ 02 Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі

А) Тобыр

В) Тайпалық

С) Қауымдастық

D) Көшпелілер

Е) Рулық

№ 03 Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай

А) Терімшіліктің дамуы

В) Аңшылықтың тууы

С) Тобырдың қалыптасуы

D) Темірді пайдалану

Е) Шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі

Жауаптары: № 01-В; № 02-А; № 03-Е.

Бұл тестілеудің тақырыпты қорытындылауда қолданылатын қарапайым түрі. Сұрақтың жауабын тыңдаушы тақырыпты дұрыс меңгерген болса бірден таба алады. Тестілеудің мұндай түрлері тыңдаушының көзбен көріп есте сақтау қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар тестілеудің алфавиттік, сандық түрлері де кездеседі. Мұндай тестілеу тыңдаушыны кешенді тестілеуге даярлау кезінде көптеп қолданылып жүргендігі белгілі.
2. Алфавит бойынша тесттік тапсырмалар:

Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс – хан билігі шексіз боды;

Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы – егіншілік;

Абылай хан дүниеге келген жыл – 1711 жыл;

Абылай хан жерленген қала – Түркістан.
3. Сандар бойынша берілген тесттік тапсырмалар:

100 метр қашықтыққа ұшатын, орақ тәрізді қару – бумеранг;

1041 ж. Хорезмді жаулап алған – Шахмәлік;

1043 ж. – Шахмәлік селжұқтар қолынан қаза тапты.


4. Ғасырлар бойынша берілген тесттік тапсырмалар:

Х ғасырда қимақ шонжарлары қабылдаған дін – Ислам;

Х ғасырда қимақтарда тараған дін – ислам;

Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент.


5. «Иә», «жоқ» тапсырмалары:

Тапсырма сұрақтары

иә

жоқ

Питекантроп 1891 жылы Ява аралынан табылған

+




Адам маймылдан пайда болды




+

10 мың жыл бұрын егіншілік қалыптасты

+




Сақ тайпалары қоныстануына қарай екіге бөлінді




+

Марафон шайқасында парсылар мен сақтар бірігіп, гректерге қарсы соғыста жеңеді




+


6. Бос орынға дұрыс жауабын қою:

1. Билікті 955 жылы ханның баласы алды.

А) Арслан

В) Мұса


С) Қарахан

Жауабы: В.

2. Бумын жылы қаза тапты.

А) 552


В) 542

С) 551


Жауабы: А.
7. Сөздің дұрыс жауабын табу:

1. РЫСБАБЕЙ

А) БЕКАРЫС

В) БАРЫСБЕЙ

С) БЕЙБАРЫС

Жауабы: С. Қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып барған Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны - БЕЙБАРЫС

2. ҚАСАЖ

А) ЖАСАҚ


В) САЖАҚ

С) ЖАҚСА


Жауабы: А. Монғол мемлекетінің басты заңы – ЖАСАҚ.
8. Ойша есептеу арқылы дұрыс жауабын табу:

1. (500*2)+(800:4)+(120:2)+2=

А) 1262

В) 1362


С) 1272

Жауабы: А. Алтын Орда ханы Берке хан Египет мемлекетіне құлдыққа сатылған Мәмлүк елінің 4-ші сұлтаны – Бейбарысқа өз елшілігін жіберді.

2. (3000:3)+(150*2)+(8*6)=

А) 1358


В) 1248

С) 1348


Жауабы: С. Тоғылық-Темірді Моғолстан ханы етіп тағайындайды.
Жоғарыда көрсетілгендей түрлі тесттік тапсырмалар қолдану арқылы дәрісті қызықты, әрі пайдалы етіп өткізуге болады. Және тыңдаушы өз бетінше осындай тесттер құрастырып логикалық ойлау жүйесін дамытады. Үнемі тест жаттап, кітаптан басын алмайтын талапкерлерімізді дұрыс бағытта дайындау қажет. Тарих пәні бойынша тиімді әдістер қолданудың орны ерекше. Кез келген пән бойынша бұрыннан қолданылып келе жатқан тесттік тапсырмаларды түрлендіріп қолдану білімалушыны сергітеді, белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытады.

Тесттік тапсырмаларды орындау тыңдаушыға не береді:

1. Тыңдаушы тестті құрастыру барысында жауаптылықты сезінеді.

2. Тыңдаушыларға қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу үдерісінде алған білімін қайталау арқылы нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Уақытқа бағынуды, үнемдеуді үйретеді.

Бұл тыңдаушының өзіндік жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен тыңдаушы тесттік тапсырмаларды орындау арқылы өз білімін жетілдіріп, шыңдауға мүмкіндік алады. Кез келген сабақ беру, үй тапсырмасын сұрау технологиялары оқытушы шеберлігіне байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана от 27 января 2012 года «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана»




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет