Зерттеу жұмысының сыннан өтуі . Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері
мен қорытындылары отандық және шетелдік басылымдарда 13 мақала түрінде
жарық көрді. Оның ішінде 1 мақала Scopus мәліметтер базасындағы журналда, 2
мақала шетелдік ғылыми конференцияның материалдары жинақтарында, 3 мақала
шетелдік ғылыми журналдарда, 3 мақала халықаралық ғылыми конференцияның
материалдары жинақтарында, 4 мақала ҚР БжҒМ жанындағы Қадағалау комитеті
бекіткен тізімге енген журналдарда жарық көрді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша бөлімнен
тұрады.