226
227
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады, - деген, сен сол ұлдың
қайсысы боласың? – депті. Сонда оның алдына жүгініп отыра кеткен
Айтық:
ораздының кәрісі,
Қартайғанда қазына болады.
Араздының кәрісі,
Қартайғанда қазымыр болады, - демекші, сіз өзіңіз
соның қайсысы боласыз? – деп қарсы сұрақ қойыпты. Қаз дауысты
Қазыбек Қаражігіттің батылдығына риза бопты:
- Е, жігітім, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, -
дейді. Қаражігіт:
Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер ұлы болармын, -
деп, орнынан тұрып Қазыбек ағасына қайта сәлемдесіпті, - дейді.
тапсырма:
а) ойдың көркемдік ерекшелігіне назар аудар.
ә) Өзіңе ұнаған тақырыпта сөйлеуге әзірлен.
43) Төле би мен Қаз дауысты Қазыбектің бір әділ билігіне риза
болған Әйтеке би көп адам отырған жиында:
Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,
Бай болар, кедей жігіт мүлкі болса.
Жақсылардың белгісі сол емес пе,
Қара қылды қақ жарған әділ болса, - депті.
тапсырма:
а) Қандай көркемдік құралдар қолданылған?
ә) Шешендік сөздің қай түріне жатады?
б) осыған ұқсас мақал-мәтелдер жина.
44) Әлім ауылының бір аяулы қариясының кенже баласы жау
-
мен шайқаста найзаға ілігіп мерт болады. Сонда көңіл айтуға баты
-
лы бармай тұрған көпшілікті Әйтеке би бастап барып, әлгі қарияға:
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда болса да,
Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
дүние деген фәни бұл,
Панасы жоқ, тұрақ жоқ.
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де сол қиын.
Түнде жанған шырақ жоқ,
Артта қалған тұяқ жоқ,
Шүкіршілік етіңіз, - дегенде, ол кісі: Әйтекембісің?
– деп, басын көтеріпті деседі ел.
тапсырма:
а) Шешендік сөздің қай түріне жатады?
ә) Бір сөздің қайталануының қандай әсері бар?
б) ойдың құрылымы мен бейнелілігі қалай көрінген?
в) осы мәтінге сай өз ойыңды жазып кел.
ІІ. Шешен сөйлеу сапасын бағалау үлгісі
Тегі, аты-жөні ________________________________________
Мерзімі _____________________________________________
Сөйлеу тақырыбы ____________________________________
Достарыңызбен бөлісу: