196
197
Айдалада айтылған уағыз айдалаға кетер.
Көп сөз көңілден шықпас.
Курд халқының мақал-мәтелдері
Жалған сөз жаратқанға да жау.
Жұмсақ тіл жолбарыстан түлкі жасар.
Жылы сөз – жүректің көктемі.
Ішсең, тұнықты іш, жесең, піскенді же, сөйлесең, шындықты айт.
Мыңға татыр бір сөз бар.
Қырғыз халқының мақал-мәтелдері
Көп батырдан жау безер,
Көп шешеннен дау безер.
Кеште жат та, ойла,
Ертең тұр да, сөйле.
Мың шешенді бір мылжың жеңіпті.
Сіңер жерге су жай, тыңдар кісіге сөз айт.
Қатын, қыңсылап сөйлеп, қыз болмас.
Тесік ауыз тек тұрмас.
Жақсы сөз тасты жібітер,
Жаман сөз басты шірітер.
Ауыр істен қорықпа,
Ауыр сөзден қорық.
Маңдайы жарылған батыр,
Таңдайы жарылған шешен.
Қатты сөз жанды қара тастай езер.
Батырдың көркі маңдайда,
Шешеннің көркі таңдайда.
Шешеннің сөзі тілді де жолға салар.
Тауып сөйлесең, тегін береді.
Достарыңызбен бөлісу: