Мордва халқының мақал-мәтелдері Айқайлайтын жерде ауыз ашпау – айып.
Естігің келмегенді есіңе алма.
Мақал – ойдың інжуі.
Шым-шытырық көп сөздің ішіне шындық батып кетеді.
Ұзын тіл жалауға ғана жарайды.
ойлы сөз ұзақ болмайды.
Артық салған тұз асты бүлдірер,
Артық айтқан сөз тілді бүлдірер.
Жағымсыз сөз айтсаң, жағымсыз сөз естірсің.
Ең әдемі сөз – шешен сөз.
Неміс халқының мақал-мәтелдері Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.
Көп сөз кісі өлтіреді.
Есектің сөзін есепке алма.
Парызың сөйле деп тұрғанда үндемей қалу –
қып-қызыл қылмыс.