валсартан +++ E.нифедипин
220. Әйел 32 жаста. Жүктіліктің 26-27 аптасы. Алғашқы жүктілік. Кезекті тексеруде гликемия 6.2 ммоль/л анықталды. 2 жыл бұрын гликемия - 4,8 ммоль/л. Осы жағдайда бала үшін мүмкін болатын болжам қандай?
A.жоғары массалы ұрықтың болуы қаупі жоғары +++ B.құрсақ ішілік даму артта қалуы мүмкін
C.ТПА даму қаупі жоғары
D.2500 г дене салмағымен туылуы мүмкін
E.Уақыттан бұрын босану қаупі жоғары
221. Ер кісі 46 жаста. Төс артындағы ашу сезіміне,эпигастридегі дискомфортқа және жұту кезіндегі төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Кейде ұйықтап жатқанда ұстамалы жөтел, дем алудың қиындауы, эпигастридің толу сезімі пайда болады.Объективті: қалыптыдан ауытқулар анықталған жоқ. Қандай зеріттеу жүргізу маңызды?
A.Спирометрия
B.бронхолитикпен пикфлоуметрия
C.Бронхоскопия
D.Эзофагогастроскопия+++ E.Электрокардиография
222. Д. есімді, 22 жастағы науқас 1 дәрежелі семіздікпен ауырады. ( ДМИ-33 кг/м2), қантты диабет бойынша тұқым қуалайды. (әкесі). Ата-анасы толық. Шөл қысатындығын және полиурия пайда болғандығын айтып шағымданады. Тексергенде ашқарындағы гликемия 7,2 ммоль/л, тамақ ішкеннен 2 сағаттан кейін 11,5 ммоль/л құрайды. Науқасты емдеудің ең орынды тәсілі?
A.оральдық глюкозотолеранттық тестіні тағайындау
B.1 айдан кейін көмірсу алмасуынын бақылау зерттеу
C.2-типті қантты диабетті диагностикалау ,гликазид тағайындау
D.2-типті қантты диабетті диагностикалау ,метформин тағайындау+++ E.1200 ккал/тәулік құрайтын №9 диеталық үстелді тағайындау және 1 айдан кейін бақылау
223. Ер адам 49 жаста. Бір жыл бұрын тұтас гастрэктомия опрациясы жасалған. Операциядан кейін азапты қыжылдау науқастың мазасын алады. Осы көрініске қандай препарат көмектесе алады?
A. омепразол
B. рамепразол
C. мизопростол
D. итоприд+++ E. ранитидин
224. 1 айлық қыз бала педиатрмен эндокринологқа жіберілді. Бала 1-ші жүктіліктен,41 аптада 4100г салмақпен, 54 см бойымен туылды,физиологиялық босану. Туылғаннан бастап емізулі. Соңғы кезде емуі солғын, кеудеде тез ұйықтап қалады, қыз бала тыныш,жақсы және көп ұйықтайды. Обьек: дене салмағы- 4800 г, бойы -57 см. Қарау кезінде мазасыз, дауыс тембрі төмен. Тері жабындары таза, иктериялық реңкі бар, құрғақ. Бетінің домбыққандығы, жалпақ ершік тәрізді кеңсірік, көздерінің гипртелоризмі, құлақ қалқандарының төмен орналасуы анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ минутына 100 соққы.Ішінің көлемі ұлғайған, кіндік жарығы, бұлшықет гипотониясы анықталады. Үлкен дәреті тәулігіне 1 рет, ботқа тәрізді. Сыртқы жыныс ағзалары әйел жынысы түрінде қалыптасқан. Алдын ала диагноз қойыңыз:
A.