урсодезоксихолевая кислота +++ 170. Ер адам 78 жаста. Соңғы уақытта күні бойы кіші дәртке шығуы жиілеген және түнде 2-3 рет кіші дәретке шығу үшін тұрады. Зәрдің струясы әлсіз және үзіліп шығады. Қуықтың толық босамағанын сезеді. Саусақпен тексергенде простата көлемді ұлғайған , тығыз консистенциялы. Қандай зерттеу диагнозды нақтылайды?
A.Альфа-фетопротеин
B.ракоты-эмбриональды антиген
C.СА 125
D.Простато-спецификалық антиген+++ E.СА19-9
171. Ер адам, 54 жаста, аздаған іріңді қақырықтың бөлінуімен жөтелге, жүктемеде ентігуге шағымданып келді. Анамнезінде 16 жастан бері темекі шегеді. Қарауда еріндері цианозданған, кеуде клеткасы бөшке тәріздес, бұғанаүсті кеңістігі үрленген. Перкуссияда қораптық дыбыс. Аускультацияда әлсіреген везикулярлы тыныс аясында құрғақ сырылдар, форсирленген тыныс шығаруда күшейеді. Сыртқы тыныс қызметін тексеруде ФВД: ОФВ1- 65%, ПСВ - 70%. Бронхолитиктерге тест теріс. Сіздің болжасды диагнозыңыз?
A.Бронхтық демікпе
B.Бронхоэктатикалық ауру
C.Идиопатиялық альвиолит
D.өкпенің созылмалы обструктивті ауруы+++ E.Облитерациялық бронхиолит
172. Әйел 39 жаста. Іштің төменгі жағындағы, өршитін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі таңертең пайда болған, төсектен тұру кезінде есен жоғалтқан. Пальпацияда оң жақ төменгі квадратта ауру сезімі анықталады. ЖСЖ 95 рет/мин, АҚҚ 90/60 мм.с.б. Температурасы – 36,4°С. ЭКГ – патологиясыз. Гематокрит – 36%. Орнынан тұру кезінде – есін жоғалтқан. Ары қарай қандай тактика БАРЫНША маңызды ?
A.Құрсақ қуысының КТ
B.24 сағатқа бақылауға қалдыру
C.Кіші жамбас қуысының мүшелерін УДЗ жасау+++
D.Электроэнцефалограмма түсіру
E.Эхокардиограмма түсіру
173. 3 жастағы балада бірнеше апта ішінде құсу, кейде құрысу ұстамалар , жоғары дене қызуы, сопор. Анамнезінен: туберкулезбен байланыс -тәтесімен, фтизиатр бақылауында болмаған. Емдеуге байланысты БЦЖ-мен вакцинацияланбаған. Диагнозды нақтылау үшін дәрігер бірінші кезекте келесі тексерулердің қайсысын жүргізуі керек?
A. Жалпы қан және зәр анализі
B. Өкпе рентгенографиясы
C.