Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Тамаша екен!» әдісі
Топқa бірігу:
Суреттер арқылы сынып 3 топқa бірігеді
Б. «Серпілген сауал» әдісімен үй тапсырмасы тексеріледі:
1. Мыс кенінің ежелгі орталығын атаңыз? Жезқазған.
2. Ғалымдар Жезқазған өңірінен неше тонна мыс өндіретінін айтқан? 100 мың.
3. 48 мың тонна мыс өндірілгенін қалай анықтаған? Имантау кен орнындағы қалдықтарға қарап.
4. Мыс пен қалайы кені қандай құралдармен қазып алынған? Қайла, балта, тесе.
5. Тау жыныстары қызған кезде үстіне не құйған?Су.
6. Шахталардағы төтенше, қайғылы жағдайлардың орын алғанына қандай дәлел келтіресің? Кен толтырылған тері қап арқалаған адам қаңқаларының табылуы.
7. Қолөнер кәсібінің ең дамыған түрі? Зергерлік бұйым жасау ісі.
8. Шеберханалар қайда орналасты? Қоныстарда.
9. Әшекей бұйымдары негізінен қандай әдіспен дайындалды? Қақтау, сығымдау, шеку.
10. Ерте металл дәуірінің тұрғындары қандай шаруашылықпен айналысты? Мал шаруашылығы, балық және аң аулау.
(Б) Түрткі сұрақ
Ширaту жaттығуы:
Іс-әрекет: «Қоныстың» суретін тақтадан көрсетіп, оқушыларға:
Бұл не?
Қандай мақсатта жасалған?
Кімдер жасаған?
Қазіргі адамдар қолдана ма? Неліктен?
Ал алғашқы адамдар қолданды ма?
Олардың не қолданғаны туралы білгілерің келе ме?-деген сұрақтар арқылы сыныптық талқылау ұйымдастыру.
Мақсаты:
сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру;
оқушылардың қызыгушылығын оятып, зейінін сабаққа аудару;
жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Ширaту жaттығу aрқылы сaбaқтың тaқырыбын aштым және мақсатын таныстырып өттім:
Тыңдaлым бaрысындaғы тaпсырмa:
(Б) «Саусақ ұшы» әдісі
Іс-әрекет: Интерактивті тақтаға Андронов және Беғазы-Дәндібай терминдері жазылған алақандардың суретін ұсынып, оқушыларға екі мәдениеттің ерекшеліктерін саусақ ұштарына жазуды ұсыну.
Дескриптор
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің негізгі ерекшеліктерін анықтайды.
Екі мәдениеттің белгілеріне сипаттама жасайды.
ҚБ «Бас бармақ» әдісімен оқушылар өзін-өзі бағалау.
Тыңдалымнан кейін:
Ж/Т Мәтінмен жұмыс. Графикалық органайзер «Ақпаратты сүзу» әдісі.
1-топ «Қазақстанның солтүстік-батысынан табылған артефактілер»
2-топ «Қазақстанның орталығынан табылған артефактілер»
3-топ «Қазақстанның оңтүстік-шығысынан табылған артефактілер»
Графикалық кескін-суреттер жапсырылған кестемен жұмыс жасап, осы суреттер негізінде Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама жасауды ұсыну.
Дескриптор
1. Тақырыпқа қатысты кескін суреттермен жұмыс жaсaйды.
2. Андронов пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін дәлелдейді.
3. Дәлелдер келтіріп, талдау жасайды.
ҚБ «Бағдаршам» әдісімен топтағы оқушылар көршілес топтарды бағалау.
Б/Т «МИКС» әдісі арқылы 3 топқа 3 түрлі тапсырмалар беріледі.
Т 1- топ: Тапсырма. Картамен жұмыс.
-Тақырыптық картаны пайдалана отырып, 1-контур картаға Андронов мәдениетінің ескерткіштерін белгілеп көрсетіңіз;
-2-контур картаға Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін белгілеп көрсетіңіз;
Дескриптор:
1. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің орналасқан жерін картада көрсетеді;
2. Қола дәуірі тұсындағы басқа мәдени ескерткіштерді картада белгілейді.
Т 2- топ: Тапсырма. Кестемен жұмыс.
Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетін салыстырады, ерекшеліктерін анықтайды. Өз жауаптарын дәйектер келтіре отырып қорытындылайды.
Андронов мәдениеті
|
ұқсастығы
|
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
| |