Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет77/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Қайғының тазартушы қасиеті
Бірнеше жыл бұрын мінәжат уақытында менің басымда «қайғының тазартқыш қасиеті» деген тіркес туды. Бұл сөздер неге меңзейтінін түсінбедім, бірақ оны Құдайдың бергенін білдім, яғни бұл маңызды болатын. Екі апта өткен соң менің анамның жүрегінің ұстамасы ұстап, үш айдан кейін қайтыс болды. Сол кезде бұл Құдай айтқан қайғы деп ойладым. Анамның ауруы маған ауыр қайғы әкелді. Осы азаптың үш айында Құдай бізді тазалап жатқанын айтты. Біздің өмірімізде тазарту үрдісі жүріп жатты.

Сол кезде қайғының шешемнің өлімімен аяқталмайтынын тіпті болжай алмадым. Менің өмірімде бірінен соң бірі келесі төрт жылымды тұтас қиыншылыққа айналдырған оқиғалар болды. Бірақ қазір артқа қарағанда, мен шынайы түрде: «Құдай мені бірнеше дүркін және көп бейнеде тазалағанын білемін», – деп айта аламын. Құдай маған көп нәрсені ашты. Ол маған көп нәрсені үйретіп, мені күштірек, ақылдырақ және жақсырақ етті. Ол бәрін игілікке айналдырды.

Қазір мен Құдайдың жүрегімді қалай жұмсартып, санамды жаңартып, қиналып, азап шегіп жүргендерге жаным ашуға үйреткенін көремін. Мен бұл тәжірибені дүниенің ешбір жақсылығына айырбастамас едім. Басқалардың көзінше талқандаушы болған нәрсе мен үшін қалыптастырушы болды. Өмірдегі барлық қайғылы жағдайларды қарғыс деп атауға асықпаңыз. Оларда жарылқаулар жасырынған. Бізге осыны есте ұстау қажет.

Мұның мағынасы барлық жағдайдың мақсаты мен себептерін түсіндім деген сөз емес. Біз үшін Оның алдына барғанша кейбір нәрселер құпия болып қала береді. Бұдан науқас ауру болуын доғармайды. Бірақ менде Құдай әрекет етіп жатыр дегенді түсіну маған ашулануға, торығып қасарысуға жол бермеді. Мен мынандай ойды ұстануға тырыстым: «Бұл ауруды мен көтеремін, сөйтіп Құдайға бұдан да жақын боламын. Бұл уайымдардан ең жақсыларды аламын. Мен ашуланбаймын, қайта қуанамын!»

Егер біз өкпеміз қара қазандай болып, күйреу және жүректегі аурумен өмір сүрсек, жеңісті көру мүмкіндігі болмайды. Егер біз айналадағылар салған жараны ұмытсақ, онда біз өзгере аламыз және Құдай бізді көргісі келетіндей бола аламыз.


Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет