Бұл жарылқаулар азап шегуге тұрарлық
Құдай шыдамды. Ол біздің азаптарымыздың қашан аяқталатынын және бізге дайындап қойған жарылқауларды күтуге тұрарлық екенін біледі. Егер біз Құдайдың еркін орындасақ, онда күйреуден кейін келетін жарылқауды қабылдай бастаймыз, сөйтіп «Мен осы сынақтар үшін алғыс айтамын. Құдайға шүкір, бәрі артта қалды! Құдайға тәуба, Ол маған қамқорлық жасап, осы жолмен жүргізді. Мен осы күйреулер арқылы алған жарылқауымды ештеңеге айырбастамаймын», – дейміз.
Иса Өзінің айқыш ағашқа шегеленген күніне қарап: «Қап, қандай өкінішті! Бұдан қашып құтылуым керек еді», – деуі мүмкін деп ойласыз ба? Жоқ, тағы да жоқ! Ол Өзінің тапсырмасын және Өзінің айқышқа шегеленуі мен даңқты қайта тірілуінің қандай жарылқау болатынын білді.
Біз де Иса сияқты істей аламыз. Егер біз өз азабымызды болашақ жарылқаудың нұрында көретін болсақ, Құдайдың бізді күйретуіне әрқашан алғыс айтар едік. Тіпті біз сезінуге тура келген қайғы үшін де алғыс айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |