Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


-тарау Сауығу дегеннің мағынасы не?



бет24/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
5-тарау
Сауығу дегеннің мағынасы не?
Адамдар денсаулық туралы ойлаған кезде, олар әрқашан дерлік тәннің саулығы туралы айтады және олардың барлық әңгімелері ауру, дененің жарақаты немесе өлім төңірегінде болады. Бірақ шынайы денсаулыққа дене, жан және рухтың үйлесімділігі жатады. Дені сау, тұтас адамның өмірінің барлық салалары мен қырлары бір ғана үйлесімді, өмірді нығайтқыш аккордта бір-бірімен байланысқан.

Құдай бізді күйреуге әкелгенде, Ол мұны бір мақсатпен – біз бұрынғыдан да жақсы, тұтас тұлға болып, біздегі Өзінің жоғалған бейнесін қайта қалыпқа келтіру үшін істейді.

Елші Пауыл Салоникадағы мәсіхшілер үшін сиынғанда былай деді:

«Тыныштықты сыйлайтын Құдай сендерді Өзіне толықтай бағышталдырып, қасиетті өмір сүргізсін. Иеміз Иса Мәсіх қайтып келгенде мінсіз болуларың үшін рухтарың мен жан-тәндерің кіршіксіз пәк сақталсын» (1Салон.5:23).

Біздің тұтастығымыз бен кемелдігімізді тілейтінін біле отырып, Құдайға әрқашан сенім арта аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет