Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет40/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Құдай күйрету нысанын таңдайды
Құдай біздің өмірімізде күйрететін нәрсені үнемі тауып алады.

Біздің әрқайсымызда өзіміздің күшті және әлсіз жақтарымыз бар. Ал Құдай біздің ең күшті дегенімізді күйретеді. Неге? Өйткені біз өз күшімізді сезінетін жерде Құдайдың басымдығын мойындауға онша бейім емеспіз. Біз әлсіздікті сезінгенде Құдайға: «Құдай, менің күшім жоқ, сондықтан Сен менің күшім болшы», – дейміз. Бірақ өз пікірімізше күшіміз жетеді деген жерімізде біздің айтатынымыз: «Енді мұны өзім-ақ істей саламын». Сөйтіп көмек және кеңес үшін Құдайға жүгінбейміз.

Мысалы, дарынды педагог немесе шешен адам Құдайдан жексенбілік мектепте сабақ беруге немесе қауымдағы уағызға дайындыққа көмек сұрай қоймас. Егер сабақты өткізу немесе жиналыста уағыздау туралы ұсынысты ешқашан уағыздап немесе сабақ жүргізіп көрмеген адамға айтсаңыз, сол адам Құдайға көмек туралы ұсыныспен келуге асығады. Біздің әрқайсымыздың өз әдеттеріміз және дүниетанымдарымыз бар. Ал егер ол Құдайдың ниетіне қарама-қайшы болса, Құдайдың күйрету нысаны сол болады. Дәл осы нысанды Құдай күйрететін болады. Мысалы, Құдай әрқашан пұтқа табынушылыққа, сараңдыққа, тәуелділіктің әр түріне және нәсілшілдікке қарсы тұрады.

Біздің әрқайсымызда арман-тілек бар. Егер біз бір нәрсені қалағанымыз сондай, оны Құдаймен қарым-қатынасымыздан жоғары қойсақ, мұндай тілек күйретудің нысаны болады. Мұндай тілектің бар екенін мойындау қиын болуы әбден мүмкін. Сол кезде өзіңізден былай сұрауыңыз керек: «Мен нені бәрінен көп және жиі армандаймын?». Біздің арманымыз бен ойларымыздың қайнар көзі болған нәрсе сондай нысан болары сөзсіз. Егер біз сондай ойларға беріліп, Құдайды танып-білуді және қызметті ұмытсақ, онда Құдай міндетті түрде араласады. Біздің өміріміздің кез келген сәтінде Құдай Өзімен қарым-қатынасымыздағы ең қауіпті қатер болып табылатын нәрсені бөліп алады. Ол бізді тірегіміз бен сүйіспеншілігіміздің нысаны болып табылатын нәрседен айырған кезде, біз әрдайым үмітсіздікке салынамыз. Бірақ Құдай бізді теріс жақсы көруді тудыратын нәрседен айырады. Істің мәнісі – Құдай біздің біреуге сенгенімізді және бір нәрсені жақсы көргенімізді қаламайтынында емес, жоқ! Құдай тек Өзінен гөрі басқаға сенім артып, жақсы көргенімізді қаламайды. Киелі Жазбада «Құдайдың қызғанышы» деген тіркес бірнеше дүркін қолданылады. Оның қызғанышы біздің құмарлығымызға, арман - тілегімізге, нені жақсы көріп, уақытымызды не нәрсеге арнауымызға бағытталған. Ол барлық артықшылықты Өзіне бергенімізді қалайды.

Қызғаныш – бізге өз құқығымыз бойынша тиесіліні қорғаудың жалынды тілегі. Күйеуі өзінің некесіне қол сұққысы келген жаннан әйелін қызғанады, себебі оның әйелі оған құқық бойынша тиесілі. Әйел де өз күйеуін дәл сол негізде қызғана алады. Біз өзімізге тиесіліні тартып алғысы келгендерден қызғанамыз.

Ал күндеу болса, керісінше, біздікі емес нәрселерге бағытталған. Біз басқаға тиесіліні тілей бастаған кезде күндейміз.

Біз Құдайға тиесіліміз. Ол – біздің Жаратушымыз, ал біз – Оның жаратылысымыз, Оның баласымыз. Ол бізді Өзінен тартып алғаннан және біздің өміріміздегі Оның орнын иемденіп алатындардан қызғанады.

Тәңір Ие біздің Өзіне толықтай сенім артуымызды қалайды. Ол бізді Өзінен бір нәрсенің ажыратып тұрғанын қаламайды. Құдай біздің өмірімізден барлығын – тіпті біз үшін өте бағалы және қымбаттыларды – Оның сүйіспеншілігінен ажыратып, Өзімен арамызда бөгет болатын нәрселерді талқандап, күйретіп, аластатады.

Біз әрқашан Құдайдың нені көздейтінін білеміз. Сіз қазір осы жолдарды оқып отырған сәтте, өз өміріңіздегі: «Құдай бұған көне қоймас және күйрету жоспарын ниет етіп қойған болар» деп айтуға болатын нәрсе туралы шамамен біліп отырған боларсыз. Біз Мәсіх туралы куәлік етуге немесе күнәны жеңуге кедергі келтіретін нәрселерді білеміз. Өз назарымызды аударатын, тыныштығымызды бұзып, анық ойлауға кедергі жасайтындарды білеміз. Әлбетте, Құдай да мұны біледі. Тек Құдай бізден гөрі алысырақ көреді.

Иса Петірдің өміріндегі бірнеше мәселелерді көрді.

Матай жазған Ізгі хабардың 14-тарауында біз Исаның Өз шәкірттеріне су бетімен қалай келгені туралы оқимыз. Исаны көрген шәкірттердің бәрі зәрелері ұша қорықты. Ал Петір болса, былай деді: «Мырза, егер бұл Өзіңіз болсаңыз, маған су бетімен қасыңызға баруды бұйырыңызшы».

Иса:«Кел!» – деді. Бірақ Петір қайықтан түсіп, су бетімен Исаға қарай жүргенде, оның назары буырқанған желмен толқыған толқынға ауды да, оны қорқыныш жеңіп, бата бастағанда ол: «Ием, құтқара гөр!» – деп айғайлады (Матай14:22-30).

Иса Петірдің болмысы қызуқанды және табиғатынан құбылмалы екенін және біресе сеніммен бал-бұл жанса, біресе қорқынышқа бой алдырғыш екенін білді. Петірдің өзінің соңынан еш бұлғақсыз еруі үшін Исаға сол қорқыныштың құрсауын талқандау керек болды.

Матай жазған Ізгі хабардың 16-тарауынан Исаның Петірге және басқа шәкірттеріне Өзінің Иерусалимге баруы керектігін, халық көсемдері, дінбасылары мен заң мұғалімдерінің қолынан азап шегіп, сосын Оған өлуге тура келетінін, бірақ үшінші күні қайта тірілетінін айтқаны туралы оқимыз. Петір Исаны былай алып шығып үгіттей бастады: «Мұндай жағдай сіздің басыңызға түсе көрмесін!» Мұны естіген Иса: «Менен аулақ кет, әзәзіл! Маған тұзақ құрып жатырсың: сен Құдайдың емес, адамның қалауын ойлап тұрсың», - деп тыйым салды (Матай 16:21-23).

Иса Петірдегі Құдайдың емес, өз қалауымен істеген тілекті күйретуге тура келетінін білді.

Бір күні Петір Исадан былай сұрады: «Мырза, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе?» Бірақ Иса оған: «Саған айтамын: жеті емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін», – деп жауап берді.

Иса, Петірдің өз-өзіне деген ризашылығын күйретіп, шексіз мейірім және кешірімділікпен алмастыру керектігін білді.

Жохан жазған Ізгі хабардың 13-тарауында Иса Петірдің аяғын жууға тырысқаны жайында әңгімеленген. Петір сол кеште Исаға: «Мен сізге аяғымды еш уақытта жуғызбаймын!» – деді.

Сонда Иса: «Егер сені жумасам, онда Менімен тығыз қатынаста бола алмайсың», - деп жауап берді.

Иса Петірдің тәкаппарлығын күйрету керектігін білді.

Матай жазған Ізгі хабардың 26-тарауында Иса шәкірттеріне: «Бүгін түнде бәрің де басыма түсетін жайттарға бола Менен безіп кетесіңдер», – деді. Ал Петір болса: «Бәрі Сізден безіп кетсе де, мен ешқашан безіп кетпеймін», – деп жауап қайырды.

Иса айтқан сенімсіздік туралы пайғамбарлық сөзі өзіне қатысы жоқ деп ойлаған Петірдің өз-өзіне деген сенімділігін күйрету керектігін білді.

Лұқа жазған Ізгі хабардың 22-тарауында Исаны тұтқындау үшін қаруланған адамдардың тобы қалай Гетсиман бағына келгені туралы баяндалған. Міне, Яһуда опасыздықпен Исаның бетінен сүйді, содан кейін Исаны тұтқындады. Петір Исаны қорғауға бел байлап, қынынан семсерін суырып алды да, діни қызметкердің құлының құлағын шауып түсірді. Бірақ Иса оны тоқтатып: «Жетер», – деді. Сосын Ол құлдың құлағына қолын тигізіп, оны сауықтырып жіберді.

Сөйтіп, Петір тағы да күйретілді. Әр сәт сайын Иса Петірдің тәкаппарлығын, өзімшілдігі мен өзіне деген сенімділігін сындырып отырды.

Біздің өмірімізде де Иса осылай әрекет етеді. Құдай біздің өмірімізде Өзіне толық сенім артуға бөгет жасайтын нәрселерді тауып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет