Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Жоғарыдан белгіленген қызмет толық өзін арнауды талап етеді



бет38/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Жоғарыдан белгіленген қызмет толық өзін арнауды талап етеді
Азап-бейнеттің қайнаған ортасынан шыққан адамдар өздерін құрбан етуге дайын. Қызмет ету қабілетінің бөлінбес бөлшегі құрбандық жүрек болып табылады. Жоғарыдан белгіленген қызмет ешқашан немқұрайды және қалай болса солай істеле салмайды. Ол толық адалдықты, сүйіспеншілік пен іске шексіз берілуді талап етеді.

Исраил халқы шын мәнінде Құдайдың Өзіне қарсы көтеріліс болып табылатын бас көтерумен Мұсаға қайта-қайта қарсыласты. Сөйтіп, Мұса бірнеше рет жанұшыра: «Мына қырсық тасжүрек халыққа не істесем болады?» – деп айғайлады. Бірақ Құдай Мұсаны да, халықты да тастамай, бастаған істі ары қарай жалғастырды. Ол Мұсаға торығуды жеңіп, өзінің соңынан адамдарды ертуге күш берді.

Егер өзіңізді жақындарыңызға арнағыңыз келмесе, жоғарыдан белгіленген қызметті аяқтай алмайсыз. Қызметтің мұндай түрі бізді өз сүйіспеншілігімізді беруге, жанашырлық танытуға және өз ісіне берілгендікке шақырады. Ол өзімізге еш нәрсені қалдырып қоймауды талап етеді.

Құдай біздің өзімізге басқалардың қызмет еткенін күтіп отырмай, қайта басқаларға қызмет еткенімізді қалайды. Иса кім өзінің басқарушы болғанын қаласа, қызметші болуы керек деп анық үйретеді. Қызмет ету біздің өмір салтымыз болуға тиіс.

Қызметтің мағынасын құмыра мен шелектің мысалы арқылы өрнектесек болады. Мың доллар тұратын, ең бір көрнекті жерге қойылған өте қымбат құмыраны елестетіңізші, оны көрген қонақтар: «Түу, қандай керемет!» – деп тамсанады. Ал енді шөлдеген адамдардың шөлін қандыру үшін су таситын жеті литрлік шелекті елестетіңізші. Қызмет барысында да біз соны байқаймыз. Әлдекім бәрінің назарын өзіне аударып, өзінің әдемілігіне масаттанып, өзіне табынушылардың құмарта қараған көзқарастарын сезінуге ынтызар. Ал басқа біреу эгоцентризмнен бостандық алып, сүйіспеншілікке кенеліп, басқаларға қызмет ету үшін «шелек» болғысы келеді.

Біз лас жұмыстан қорықпауымыз керек.

Біз қиындық пен мәселелерден қорықпауға тиіспіз.

Біз жеңімізді түріп тастап, жұмысты бастауға дайын болу керекпіз.

Біз басқалар үшін азап шегуге дайын болуымыз қажет.

Қайғы мен қиыншылықсыз рухани өсу мүмкін емес. Жоғарыдан белгіленген қызметті ынта-ниетсіз, кез келген қиындықты жеңуге дайындықсыз жүргізуге болмайды. Бірақ оларды жеңген кезде, біз қуанышты сезінеміз – Құдай бізбен бірге. Тәңір бізде және біз арқылы әрекет етуде және Құдайдың бізге риза екенін түсіну үлкен қуаныш. Достарым менің, бұл қуанышпен еш нәрсе теңеспейді.

Мұсаның қызметі жеңіл болған жоқ. Оған перғауынға келіп, Мысырға төніп тұрған кезекті апатты жариялау үшін көп батылдық керек еді. Мысыр әскері өте жақын екенін біле тұра, Қамысты теңіз жағасында, ешқандай өткел көрмеген кезде, одан ұлы сенім талап етілді. Одан Исраил халқының үздіксіз күңкілі мен бажылын жеңу үшін де ұлы шыдамдылық талап етілді.

Егер Мұса күйреу мен азап жолынан өтпеген болса, ол ешқашан да Құдай өзін шақырған қызметті атқара алмас еді.

Егер біз Құдай алдында тізе бүгіп мойынсұнбайтын болсақ, маңызды еш нәрсе істей алмаймыз. Құдай ерекше қызметті бізге тағы да өз күшімізбен істеуге тырысу үшін бермейді. Жоқ! Құдай біздің өмірімізді Оған үнемі, күн сайын арнауымыз үшін шақырады. Біз Құдайға толық мойынсұнып, Оған тұтастай берілуге тиіспіз.

Әлдебіреу былай деген екен: «Құтқарылсам болды, маған сол жетеді. Жұмақтың қақпасына жетсем болды».



«Қап, әттеген-ай! – деп ойладым мен. – Қандай қайғылы адасу!» Бізді Құдай Өз Патшалығына қолымыздың ұшын жеткізу үшін құтқармайды. Жоғарыдан белгіленген қызметтің жағымды жағын біздің өмірімізді сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімге, ерекше мән мен мағынаға толтырады.

Көптеген адамдар өмір бойы өздеріне: «Мен не үшін өмір сүремін?» деген сұрақты қоюмен болады. Егер Құдай сізді күйреткен болса, егер Оның сізді сауықтырғанын және рухани өсуге көмектескенін сезген болсаңыз, онда бұл сұрақтың жауабын білесіз. Біз Құдай Өз даңқына пайдалана алуы үшін дүниеге келеміз! Құдай бізді Өзінің бүкіл адамзатқа қатысты ниетін іске асыруына көмектесетін ерекше қызмет жолына шақыру үшін өмір сүреміз. Біз Құдайдың жарылқауын қабылдап және маңайымыздағыларға бата болу үшін өмір сүреміз.

Егер біз өз тағайындалуымызды сезініп, оны орындауға тырысатын болсақ, бізді күнде таңертең оятудың қажеті болмайды. Біз Құдайдың алдымызға қойған мақсатына жетуді жақындату үшін, жаңа күнді асыға күтетін боламыз. Әр қадам нәтижесінің қамын Құдайдың Өзі ойлайтынына сенім арта отырып, Құдайдың ісіне бағышталуға деген қалауымыз қуаныш әкелетін болады.

Алайда бізге алдымен азап-бейнет арқылы өтуге, күйретілуге, өзгеріп және өсе бастауға келісу керек. Құдай бізді толық пайдаланбас бұрын, Оған толықтай тиесілі екенімізді білуі керек.




Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет