Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Құдайға қарсыласу күйреу үрдісін созып жібереді



бет48/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Құдайға қарсыласу күйреу үрдісін созып жібереді
Егер бізді күйретуге тырысқан кезде, Құдайға қарсыласатын болсақ, бұл біздің жағдайымызды қиындатып жібереді. Керісінше, егер біз Құдайдың еркіне көнетін болсақ, күйреу үрдісі тезірек аяқталатын болады. Осылайша біз бұл үрдістің ұзақтығына әсер ете аламыз. Күйреудің нысанын анықтайтын, өмірлік жағдайды тудыратын және күйреудің құралдарын таңдайтын да біз емес. Бірақ біз әсер ету күші мен оның ұзақтығына ықпал ете аламыз. Қалайша? Құдайға бағынуды қалап, немесе Құдайға бағынбаушылықты таңдау арқылы. Құдайдың біздің өмірімізде іске асырғалы жатқанын ертерек түсінсек, жақсы болар еді.

Біз күйреуге қарсы тұруға тырыссақ, Құдай бізге әсер етуді күшейтуге мәжбүр болады.

Егер адам Құдайға ұзақ уақыт қарсыласса, ол өлмейді, бірақ ол жардың шетіне таяп

келеді. Оны байқау тоқтатылады. Оны ешкім қажет етпейді. Ол өзінің рухани өсуінде тоқтап қалады. Сөйтіп, қауіпті жағдайда болу үзілмейді.

Бір күні бір әйел маған былай деді:


  • Құдай мені шынымен қызметте пайдаланғанына көп жыл өтіп кетті. Бұрын мен қауымда өте белсенді болдым, бірақ соңғы уақытта қызмет етпейтін болдым. Менің қызмет еткенімді Құдай қалар ма екен?

Мен одан:

  • Ал сіз Құдайдың сіздің өміріңізде бір нәрсені өзгертуге тырысқанын қашан сезіндіңіз? – деп сұрадым.

Ол былай деп жауап берді:

  • Мұны Құдай қашан істеуге тырысты екен? Тіпті білмеймін де.

Мен сұрауды жалғастырдым:

  • Сіз өміріңізде эмоциялық, рухани немесе физикалық жағынан салмақты мәселелер кесірінен қасірет шекпедіңіз бе?

Ол:

  • Иә, бірақ оның бәрі өтіп кетті – уақыт емдейді ғой, – деп жауап қайтарды.

Мен тағы да:

  • Сол мәселелердің кесірінен сіздің өміріңізде бір нәрсе өзгерді ме? – деп сұрадым.

  • Жоқ, - деп жауап берді ол. – Мен өте тұрақты адаммын. Ештеңені өзгерткен жоқпын: бұл менің өмірлік ұстанымыма сәйкес келмейді.

Сонда мен оған:

  • Мәселенің бәрі осында шығар. Сіз өзіңізді Тәңір итермелеген рухани өсудің жолын көріп қабылдағанша, Ол сізге қандай да бір қызметті сеніп тапсырмайды. Құдайдың сізді жақсы көргені соншалық, сіздің өзгеруіңізді қалайды. Ол сіздің Иса Мәсіхке ұқсауыңызды қалайды. Құдай сізге ғажап болашақ дайындап қойған, бірақ егер сіз өсуге және өзгеруге қарсыласатын болсаңыз, Ол Өзінің сіздің өміріңізге қатысты барлық ниетін іске асыра алмайды, – дедім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет