Құдайға қарсы бүлікті ақтауға тырысу
Әрбір сәт сайын біздің әрқайсымыз өзіміздің Құдайға қарсы бүлігіміздің мәнін азайтуға тырысамыз. Сөйтіп өз шешімімізді ақтау үшін, көптеген сылтаулар табамыз.
Кейде біз бәріне басқаларды кінәлаймыз – біздің басымыздан өткен жағдайлар немесе қайғы-қасірет. Біз: «Егер ол болмағанда, мен ешқашан да осындай қиын жағдайға душар болмас едім. Егер олар мені осыған мәжбүрлемегенде, мен мұндай тәлкекке ұшырамас едім», – деп айтамыз.
Кейде біз өткен және қазіргі жағдайларды кінәлаймыз. Біз: «Әттең, менің басқа амалым жоқ, өйткені мен осындай жағдайда өстім және басқа ештеңе білмеймін! Құдай менің өткенімді біледі, сол себепті менің қалай істейтінімді де біледі», – деп күрсінеміз.
Біз ақталып, қашып, Құдайға қарсыласудан танбаймыз. Ал адамдар үнемі ақталып, бәріне басқаларды кінәлай берсе, бұл олардың күйрету үрдісіне қарсыласуға тырысуларының және Құдайға қарсы тұруларының анық белгісі.
Мен мәсіхші психотерапевтке кеңес алуға барып жүрген бір әйелді білемін, дәрігер әр жолы Киелі кітапта не жазылғанын нұсқап көрсетсе де, әйел әр жолы қарсыласудың амалын табатын. Ақырында ол дәрігермен кездесуден бас тартты. Оған психотерапевтің айтқаны ұнамады. Шындығына келгенде, ол ақиқатты естігісі келмеді. Онда өзін ғана тыңдап тұрса екен деген қалау бар еді. Осының өзі – бүлік.
Тәубе етіп: «Мен Құдайға қарсы тұрып жатырмын», – деп айту дұрысырақ болар еді. Біз өзіміздің халімізді тезірек сезінсек, соншалықты тезірек өз мәселеміздің шешімін көреміз және біздің қасіретіміз тезірек аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |