Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет64/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Мәсіхтің бейнесіне ұқсау
Пауыл елші айтқан Киелі Рухтың жемісі – бұл Иса Мәсіхтің Өзінің қасиеттері. Біз нақ Оған ұқсауға тиістіміз. Мәсіхке тән қасиеттер мыналар:

Сүйіспеншілік. Құрбандық сүйіспеншілік – Иса Мәсіхті ерекшелейтін қасиет. Сүйіспеншілік – құрбандық ете білу қабілеті. Біз өзіміздің өзімшілдігіміз бен тәкаппарлығымызды күйретпей, мұндай сүйіспеншілікке ие бола алмаймыз.

Қуаныш. Күнәнің тұтқынындағы адам шынымен қуана алмайды. Қуаныш өзіңнің құтқарылғаныңды сезінуден келеді. Құдай бізді күйрете отырып, азаптан өткен әр жолы біз күнәні жеңіп, қайғымыз қуанышқа айналады. Құдайдың күйретуін басынан шынымен өткізген жан менің қандай қуаныш туралы айтып тұрғанымды біледі.

Егер адам бәрін өзінше жасағысы келсе, онда ол адамдық қателік, кемшілік және әлсіздік тұзағында деген сөз. Ондай адам өзінен көңілі қалып, басқалардың табыстарын күндейді. Онда қуаныш болмайды. Ол көңілділіктің бір сәтін ғана – үстіртін сезімді бастан кешеді, бірақ нағыз қуаныштың не екенін білмейді.

Күйреуді бастан өткізген адам ерекше қуаныш – күту қуанышын сезінеді. Құдай біздің өмірімізді толықтай бақылауына алған кезде, ол қызықты оқиғаға толы болады.

Тыныштық. Күйреу Мәсіхтің тыныштығын алып келеді – біздің бүкіл болмысымызды толтыратын тыныштық. Біз өз өмірімізді Құдайға берген кезде былай дейміз: «Тәңірім, мен Сенікімін. Менің өмірімде Өз қалауыңды іске асыр. Менің өмірім мен уақытым – Сенің қолыңда». Біз толық қауіпсіздікте боламыз, өйткені Құдай біздің бойымызда және біз арқылы өзіміздің мәңгі игілігіміз үшін қызмет ететіндерді іске асырады. Біз Оған толықтай және тұтас сенім артамыз. Нәтижесінде тыныштыққа ие боламыз. Бізге енді күресудің қажеті жоқ. Өз күшімізбен алға ұмтылудың, табысқа қол жеткізіп, өз ісіміздің барлық нәтижелері үшін жауапкершілікті арқалаудың қажеті жоқ. Құдай бәрін Өз бақылауында ұстайды. Біз Оның қолында тыныштық табамыз.

Құдайдың тыныштығы біздің батамыз болып табылады. Пауыл елші Тімотеге жазғандай: «Расында да Құдайға ұнамды өмір сүріп, барға қанағат ету зор рухани байлыққа жеткізеді» (1Тім.6:6).



Шыдамдылық. Біз өзіміздің атақ-даңқымызды көтеру үшін басқалармен бәсекелескенде, барлық шыдамдылықты жоғалтамыз. Біз бәрін тезірек істеуге тырысамыз. Құдай бізді күйреткен кезде, біз өз жоспарымыз бен Оның нұсқауына жаңаша қарай бастаймыз. Біздің өмірімізге қатысты Оның жолдары мен Оның ниеті біз елестете алатыннан әлдеқайда жоғары. Біз Оған мәңгіге тиесілі екенімізді түсінген кезде, Құдайды және Оның бізге сыйлағандарының толыққандылығын күту оңайға түседі; Құдайдың Өз әдістері және Өз уақытында істейтінін білгендіктен, бізге жақын адамдардың өміріндегі Оның әрекетіне сенім арту да жеңіл болады.

Қайырымдылық. Бізге Киелі Рухтың емес, тәніміздің қалауы билік жүргізген кезде, бәрін өз дегенімізбен істейміз. Өз қалауымыздың табанды түрде дереу орындалуын қалаймыз. Айналадағылардың тілегімен санаспай, бізге тиесілі деп есептейтіндерді иеленуге тырысқандардың бәрін жаншып, басып тастаймыз.

Күйреу бізде ешқандай құқық жоқ деген түсінікке әкеледі. Біздің барлық құқығымыз Құдайға тиесілі. Біз бірінші орында болу, бәсекелестерімізді басып озу және өз қалауымызды алуға деген ұмтылысымыздан бостандық аламыз.

Көнігіп жол беру, әлсіз болу деген мағынаны білдірмейді. Біз әрқашан шайтанға қарсы тұруда мықтылық танытуымыз керек. Біз мінажат етуде батыл және Мәсіх туралы куәлік етуде қызғаныш таныуымыз керек. Бірақ күйреуді бастан кешіре отырып, біз елші Пауылдың Ефес қаласының тұрғындарына жолдаған сөздерінің мәнісін анық түсінеміз: «Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз» (Ефес.6:12).

Елші мұндай күресте «Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!»дейді (Ефес.6:10). Ал Қорынттағы сенушілерге «Сақ болыңдар, сенімдеріңде берік, ер жүрек әрі күшті тұрыңдар!» (1Қор.16:13) – деп жазады.

Біз күрестің адамдарға емес, бізді зұлымдық жасауға итермелейтін адам жанының жауына қарсы екенін білген кезде, маңайымыздағыларға жақсы қөзқараспен қарау оңай болады. Біз күнәні жек көріп, азғырушы қара күштермен рухани күрес жүргізіп жатсақ та, күнәкарды жақсы көре аламыз.

Кеңпейілділік. Күйреуді бастан кешіре отырып, біз кеңпейілділікті бойымызда өмір сүріп жатқан Киелі Рухтың арқасында көрсететінімізді түсінеміз. Ізгі және кеңпейілді Құдай біздің бойымызда және бізбен бірге тұрады. Оның біздің бойымызда болуы игі істер істеп, ізгі шешім қабылдауымызға түрткі болады, өйткені Құдай Өзінің болмысында ізгі және кеңпейілді.

Егер бізді күйреткісі келген Құдайға қарсылассақ, онда өзіміздің тәни болмысымызбен және жақсылық пен жамандық туралы, не жақсы, не жаман екені жөніндегі өз түсінігімізбен оңаша қаламыз. Бірақ біздің жоғары деп бағалағанымыз ақыр соңында көңілімізді қалдырады. Ажары өңді және дене бітімі сымбатты болса да, тартымды емес, ақылы дария болса да, дұрыс жауап таба алмайтын, жалақысы жоғары бола тұра, күн көруге жетпеуі, жақсы отбасында дүниеге келгенімен, өмірінде ешқандай жетістікке жете алмауы әбден мүмкін. Тек Құдай нені жоғары бағаласа, шынымен сол ғана нағыз игілік болып табылады.

Кеңпейілділік кешірімділікте білінеді. Біз күйреген шақта, өзімізге жақсы қарамайтын адамдардан қандай да бір сезімдік қарызды қайтаруды талап етпейміз. Біз адамдарды басып-жаншып, бақылап немесе олардың істеген, не істемеген нәрселері үшін жазалауға тырыспаймыз. Біз ешкімнен кек алмаймыз, қайта: «Бұл адам Саған тиесілі, Құдайым. Мен Саған толықтай сеніп, бұл адамдарды Сенің қолыңа тапсырамын. Қалай әрекет етуді дұрыс деп тапсаң, солай істей гөр» – деп, мінажат етеміз.

Құдайдың кеңпейілділігі мен ізгілігі бізді адамдарға жақсылық істеуге және басқаларды жақсылық жасауға ояту үшін барлық мүмкіндікті жасауға мәжбүр етеді. Кеңпейілділік бізді мұқтаждарға көмектесуге, Құдайды білмейтіндер үшін мінәжат етуге және езілгендер мен жәбірленгендерді қорғауға итермелейді.

Исаның істегендерінің бәрі ізгі болған. Біз бойымызда өмір сүріп жатқан Киелі Рухтың бізге қандай кеңпейіл және ізгі екенін сезген кезде, Исаға ұқсап кеңпейілділік істерін істей аламыз.

Сенім. Біз өзімізден бас тартып Құдайға бағынғанша, біздің тілегімізді қанағаттандыра алатын, бізге көмектесіп, бізді сүйетін біреуді әр кезде іздеумен боламыз. Біз жолда кездескен әдемі әйелмен қылмыңдаса кететін жігіттерге ұқсаймыз. Біз өзімізді шынымен сүйетін, ешқашан тастап кетпейтін Құдайға сенімді болмай шығамыз. Құдай ешқашан біздің көңілімізді қалдырмайды және сүюден еш бас тартпайды.

Күйреген біздер: «Мен шынында Сенікімін, Тәңірім. Сенен басқа ешкім де, ешқашан да менің өлмейтін жаныма құқығын жариялай алмайды. Сен – менің Құдайымсың!» деп айта аламыз. Бұл шынайы сенімділік жағдайы.

Иса Әкені бір сәтке де тастап кетпегені тәрізді, біз де өзіміздегі Киелі Рухтың арқасында Әкемен бірге болып, Оны бір сәтке тастамауды тілейміз.

Ілтипаттылық. Біз күйреп және Құдайдың алдында тізе бүкпейінше, мұқтаждығымызды Құдайдан емес, кез келген басқа нәрселерден іздейтін боламыз. Біз өзімізге қарап, өз мұқтажымызды ешқашан толтыра алмайтынымызды тезірек түсіне бастаймыз. Сондықтан біз басқа адамдардың көмегіне жүгінеміз. Өзімізді сүйгенін, біздің қамымызды жеп, бізге қамқорлық көрсетіп, қиын сәттерде жұбатқанын талап етеміз. Ақыр соңында маңайымыздағы адамдар біздің оларға көмектесе алмайтынымыз сияқты, бізге де көмектесе алмайтынын түсінеміз. Адамдар – көмектің нағыз қайнар көзі емес екенін және біздің қажеттілігімізді қанағаттандыра алмайтынын түсінеміз. Сосын не істейміз? Оларға өкпелейміз, ашуланамыз, ызаланамыз. Ал бұл сезімдер бізді жан алқымнан алғанда не болады? Біз ілтипаттылық туралы ұмытамыз!

Біз адамдарды жәбірлеп, оларға жағымсыз нәрселер айта бастаймыз. Дөрекіленіп, бәрінің көзінше оларды кекетіп, мысқылдаймыз. Олармен қарым-қатынасымызды үземіз.

Мұндай қылықтардың негізінде қарапайым нәрсе жатыр: адамдардан көңіліміз қалады, себебі олар біздің күтулерімізді ақтамайды.

Ақиқат мынада: тек Иса Мәсіх қана біздің күтулерімізді ақтай алады. Тек Ол ғана біздің барлық арман-тілектерімізді қанағаттандыруға, барлық мәселелерді шешіп, біздің уайымдарымызды түсіне алуға қабілетті. Тек Ол ғана біздің мұқтаждығымызды – осы өмірде де, мәңгілікте де қанағаттандыра алады.

Күйреудің арқасында біз қоршаған ортаға кеңпейілді және ілтипатты бола аламыз, өйткені біз Құдайдың өзімізге кеңпейіл және ілтипатты екенін сезінеміз.

Біз Құдайдың айналамыздағы адамдарды өзгертіп және олармен жақсы қарым-қатынас орната алатынымызға сенеміз. Бұл қарым-қатынастар бізді титықтатпайды, бізді байытатын болады.



Ұстамдылық (өзін-өзі бақылау). Біз өз өмірімізді бақылауды Құдайға тапсырсақ, Ол оны бізге қайтарып береді. Ол бізге шайтанның кез келген азғыруына «жоқ» деп айтуға күш береді. Біздің бойымызда құтқарылмаған адамдарда жоқ қасиет – зұлымдыққа табысты түрде қарсы тұру қасиеті пайда болады.

Құдайдың біздің бойымызда әрқашан күйрететіні – біздің өз қажеттіліктеріміз бен қалауларымызды қанағаттандырудың тойымсыз ашкөздігі. Құдай бізді Өзінің тілегін тілеуіміз үшін күйретеді. Біз мұқтаждық сезінген және қуаныш әкелетін нәрсені Құдайдың бергісі келетінін анықтаймыз. Көп жағдайда біз ойламаған нәрселер біздің ең тереңде жатқан тілегімізді қанағаттандырады. Күйреу біздің арман-тілектеріміздің өзгеруіне әкеледі.




Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет