Құдай – біздің барымыз
Күйреу бізді «Мен үшін ең маңыздысы – өмірімде Құдайдың құзыры» деп айтатын жағдайға әкеледі. Бұл біздің Құдайдың толық билігінде тұрғанымыздың сенімді айғағы. Біздің қалауымыз: Құдайдың біздің бойымызда достарға көрсетіп, айналадағыларға мақтанатын сыртқы өзгеріс емес, ішкі жемістерді өсіруі.
Құдайдың ұлы жарылқауы – Оның бізде жүргізген өзгерістері, ал соның ішіндегі ең бастысы – Мәсіхтің бейнесіне ұқсау.
Құдайды және Оның бізге істе деп бұйыратындарын ойлап оянатын адамдар сирек кездеседі. Біз ұйқыдан тұрғанда өзіміздің не істегіміз келетіні жайында ойлай бастаймыз. Тек өзіміз туралы ойлаймыз – өзіміздің қажетіліктеріміз, кездесулеріміз бен жоспарымыз, өз арман- тілектеріміз. Құдайдың бізді күйрететін себебі – біздің Ол және Оның еркі туралы ойлануымыз. Біз былай сиынуға тиіспіз: «Тәңірім, Сенің даңқың үшін не істегенімді қалайсың?»
Достарыңызбен бөлісу: |