Құдайға қарсы бүліктің бағасы
Жүністің өз бүлігінің бағасы қандай? Ол біздің бағамызбен бірдей.
Отбасын жоғалтты. Жүніске өз халқын тастауға тура келді. Ол өз халқынан 4000 шақырым қашықтыққа қашып кету үшін билет сатып алды. Біздің Құдайға қарсы бүлігіміз де сол нәтижеге әкеледі – біз өзіміз жақсы көретіндермен қарым-қатынастан айырыламыз. Тарсиске қашуға бел байлаған Жүніс сондай-ақ...
Жұмысын жоғалтты. Жүністің жұмысы қандай болса да, ол оны бөтен елде өмір сүру үшін тастап кетуге бел байлады.
Жалақысын жоғалтты. Жұмысын жоғалтқан Жүніс жалақыдан да қағылды. Бірақ сонымен бірге ол тағы...
Өзінің барлық жиған-тергенін жоғалтты. Жүністің Тарсиске кемемен саяхаты, еш күмәнсіз, өте қымбатқа түсті. Дауыл кезінде теңізшілер батып бара жатқан кемеден барлық жүкті суға лақтырғанда олар, шамасы, Жүністегі барды да тастаса керек. Тіпті егер Жүністің жүгі суға түспесе де, оның өзі соған түсті.
Бірақ Жүніс тек материалдық, көзге көрінетін нәрселерді ғана жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар оның басынан кешіргені:
Ар-ұят азабы. Жүніс өзінің Құдайдың еркіне қарсы шығатынын білді.
Құдайдан алыстау. Жүніс Құдаймен қарым-қатынастан өзі бас тартты.
Теңіздегі дауыл мен алып киттің құрсағындағы үш тәулік өте қорқынышты болуы керек. Сіз бұл хайуанның асқазанындағы иістің қандай екенін білесіз бе? Ал оттегінің жетіспеуі ше? Жүніс ажалға біртіндеп жақындай берді.
Оның жоғалтқандарының барлығы бір-бірімен тығыз байланысты болған, алайда осының бәріне қосымша Жүніс өзінің тұтқынға түскенін сезінді.
Сезімдік құлдық. Ыза, жек көру және күйіну сезімдері біз үшін байлап қойған жіптей. Біз оларды маңайымыздағыларға бағыттаған кезде, өз сезіміміздің тұтқыны боламыз. Ашу-ыза бізді іштен жегідей жейді. Ол біздің жанар отымызды сөндіріп, қуаныш пен өмірге деген сүйіспеншіліктен айырады. Күйіну сезімі біздің сүю және сүйікті болу қабілетімізді тұншықтырады. Кекшілдік пен жек көру біздің сезімімізді талқандайды. Жүніс жан-дүниенің күшті толқуын бастан кешті. Ондағы қайнап жатқан сезімдер оны «жегідей жеп жатты», дәл бір Құдай отырғызған бұтаны жеген құрттай. Сөйтіп оны олар солдырып тастады.
Біз Жүністің отбасы туралы ештеңе білмесек те, Жүністің бүлігінің нәтижесінде ол да кесірін тартты деп болжай аламыз. Егер біз Құдайға қарсы бүлік шығарсақ, біздің отбасымыздың мүшелері және сүйікті адамдарымыз әрқашан белгілі бір шамада азап шегеді.
Құдайға қарсыласып, сол үшін құн төлемей қалуға болмайды. Егер біз бүлікті ары қарай жалғастырсақ, Құдай бір күні бізге былай дейді: «Ал, қалағаның болсын. Бірақ сен жеңілдің». Құдай біз өзіміз үшін таңдаған жағдайда қалдырады.
Егер біз Құдайдың құтқаруға шақыруын қабылдамасақ, біз сол жағдайда құтқарылмай қаламыз.
Егер біз Құдайдың киеліленуге шақыруына жауап қатпасақ, онда бізде ештеңе өзгермейді – біз азғыру және күнәмен, қате таңдау мен асығыс шешімдердің салдарымен үнемі күресте боламыз.
Егер біз Құдайдың қызметке шақыруын елемей қойсақ, онда өмірдің мәнін иеленудің сәті түспейтін қанағаттанбайтын адамдар болып қаламыз.
Құдайға қарсы бүлік біздің рухани өсуімізді тоқтатады. Ол бізді талқандап, өз рухани қуатымызды іске асыруға мүмкіндік бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |