Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет55/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82
Қорқыныш
Біздің бүлікшілдігіміздің екінші себебі –қорқыныш. Жүністің Ниневиге баруға қатты қорыққан болуы әбден мүмкін. Бұл қаланың тұрғындары пұтқа табынған және зұлымдықпен, тасжүректікпен аттары шыққан. Олар өте опасыз еді. Бәлкім, Жүніс яһуди болғандықтан көп құдайға сиынған осы қаланың көшелерінде көрініп, Исраилдің жауларына жалғыз шынайы Құдайды уағыздауға батылы бармаған болар. Ол Құдайдың ниневиліктерге жаны ашуынан қорықты. Сондай-ақ Құдай Өзінің халқы Исраилді күйрету үшін Ниневи тұрғындарына мейірі түсуінен қорыққан шығар.

Тәкаппарлық пен қорқыныш – біздің Құдайға қарсы бүлік көтеруіміздің негізгі екі себебі.

Өзіңізге: «Мен неге Құдайдың еркіне қарсыласам? Неге өмірімде Құдайға ұнамды емес нәрсені қалдырып, оны өзгертуге тырыспаймын?» – деген сұрақ қойыңыз.

Неден қорқасыз? Өз өміріңізде тәкаппарлықтың көмегімен нені алып қалғыңыз келеді?

Тәкаппарлық пен қорқыныш сіздің жүрегіңізде неғұрлым көп болса, Құдайға деген қарсылығыңыз соғұрлым күштірек болады.
Ерік-жігер күші
Тәкаппарлық көбінесе күшті тұлғада байқалады. Олардың ерік-жігерлері мықты. Олар сынды естуге ғана емес, тіпті қоғамның өздерінен теріс айналуын да көтеруге қабілетті. Олар маңайындағылардың сүйіспеншілігінсіз де өмір сүре алады. Мұндай адамдар кедергі мен дағдарысқа қарамастан, алдыға шығады. Оларда ештеңеге қарамай Құдайға қарсыласуды жалғастыру үшін мақсатшылдық, табандылық және өзіне деген сенімділік жетеді.
Ақыл-cана күші
Басқа бүлікшілдер әдеттен тыс ақылды. Олар өте зерек және мақсатқа қалай тезірек жету керектігін әрқашан біледі. Олар Құдайдың күйрету үрдісімен бірге қайта түзеуге түспеудің жолын да жақсы түсінеді. Құдай оларға неғұрлым күштірек қысым жасаған сайын, олар өздерінің «қосымша нұсқаларын» соғұрлым тиянақты құрады. Құдай не істесе де, олар тіпті таудағы ирек-ирек бұралаң жолға ұқсаса да, өз жолдарымен жүруді жалғастырады. Бірақ ақыр соңында біздің әрқайсымыз өз өмірімізді басқарған ақылдық, сезімдік және рухани қабілетіміздің шегіне жетеміз. Кейбіреулер үшін бұл сәт өлер шаққа келеді. Ал кез келген жағдайда өлімнен ешкім қашып құтыла алмайды.

Құдай біздің өз тәкаппарлығымыз бен қорқынышымызды сезіну үшін Өзіне: «Мен бәрін өзім реттей алмаймын. Менің нағыз қуаныш, үміт және қанағат сезімінің жолындағы барлық кедергілерді жоюға шамам жоқ. Құдайым, Сен маған керексің. Саған толықтай сенем және Сен маған шынымен бағалы және маңыздының бәрін беретініңді білемін», – деп келгенімізді қалайды.



Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет