Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Біздің бүлікшілдігіміздің себептері



бет54/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Біздің бүлікшілдігіміздің себептері
Біздің Құдайды тыңдауға деген тілегіміздің жоқтығы бірнеше себепке ие.
Тәкаппарлық
Біздің бүлікшілдігіміздің ең негізгі себебі – тәкаппарлығымыз болып табылады. Біз өз дегенімізді істеп, Құдайдың еркіне қарсы тұрғанда, «Мен Құдайдан гөрі жақсы білемін», - деп тұрамыз.

Адам Құдайдың құтқарылуға шақыруына қарсыласу арқылы: «Құдай, мен өзімнің қалай құтқарылуым керектігін Сенен гөрі жақсы білемін. Мен Иса Мәсіхке сенуден гөрі жақсырақ жолды білемін. Маған Исаны қажет етпейтін мәңгілік өмірге апаратын жолдар белгілі», – деген қарапайым ойды дәлелдейді.

Адам Құдайдың киеліленуге шақыруына қарсыласу арқылы: «Құдай, мен осы дүниеде өмір сүріп, қалай құтқарылған болып қала беруді Сенен жақсы білемін. Қандай шешім қабылдап, өз мәселемді қалай шешу керектігін де білемін. Нағыз әділдіктің не екені маған жақсырақ мәлім», – дейді.

Адам қызмет етуге Құдайдың шақыруына қарсыласу арқылы: «Маған қандай қызмет пайдалырақ болатынын жақсы білемін. Қалай табысты және беделді болу керектігін, де білемін. Өзімнің рухани болашағымды өзім білемін», - дейді.

Осы жағдайлардың әрқайсысында адамдікі дұрыс емес. Мәңгілік өмірге апаратын жалғыз жол – Иса Мәсіх. Иса былай деген: «Жол, шындық және шынайы өмір – Менмін. Мен арқылы болмаса ешкім де Құдай Әкеге бара алмайды» (Жохан14:6). Ол көп жолдың біреуімін деген жоқ. Құдай біз үшін құтқарылу жолын ғана қамтамасыз етіп қойған жоқ, Киелі Рухтың қатысуымен бізге киеліленуге және Өзінің алдында жүруімізге көмектеседі. Біз өз дегенімізбен өмір сүруді артық көріп, Құдайдың түзету әдістеріне қарсыласқан кезде, өз бүлігімізде тәкаппарлық көрсетеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет