Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет58/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Бүліктегі адам үшін мінажат

Егер біз әлдекімнің Құдайға қарсыласқанын сезінсек, біздің мінажатымымыз былай болуы керек: «Құдайым, бұл адамға Саған жалбарыну үшін көп мәселе жібере гөр». Бұл сол адамдарды жаралау немесе оның бар өмірін біржола талқандау емес, Құдай мұны қаламайды. Бізге де соны тілеудің қажеті жоқ. Бірақ біз Құдай сол адамның еркін күйретуге және Құдайға мойынсұнуға әкелетін жағдайды қарастыруы үшін сиына аламыз.

Бізге өткен шақта жасаған жамандықтары үшін есесін қайтарсын деп сиынбаймыз. Біздің мінәжатымыз – кек қайтару емес. Біздің күйреу туралы мінажатымыз – адам ұлы батаға ие болу үшін өтініш.

Егер адам күйреу жағдайында тұрса, біз оған көмекке ұмтылуға асығуға тиіс емеспіз, оны жұбатып немесе қайғының көзін жоюға тырыспаймыз. Өйтсек біз Құдайдың жолына кесе көлденең тұруымыз мүмкін ғой! Біз былай деп сиынуға тиіспіз: «Құдай, Сен біздің көтере алатынымыздан артық сынақ жібермейтініңді білемін. Осы адам өз игілігіне бола Сенің әрекетіңді көре алуы үшін көзін аша гөр. Шындықты бұрмаламай, маған не айтып, не істеу керегін үйрете гөр! Саған кедергі жасамауға көмектесе гөр!»

Маған адамдар Құдайдың қандай да бір мәселеден арылтуы үшін сиынуыма өтініш етіп жиі келеді. Әдетте әңгіменің сарыны былай өрбиді. Өтінішке мен сұрақ қоямын:


  • Құдайдың сіздің өміріңізде не болып жатқанын білетініне сенесіз бе?

  • Иә, – деп жауап береді сол адам.

  • Ал сіз Құдайдың өзіңізді сүйетініне сенесіз бе?

  • Иә.

  • Онда біз сіздің Құдайдың алдында көніп мойынсұнуыңызды сұрап сиынамыз. Құдай не ойласа да, бастаған ісін аяқтауға мүмкіндік беріңіз. Біз Оның сізді нығайтып, осы жағдайдан рухани күшті және рухани бай болып шығуыңызға көмектесуі үшін сиынайық. Құтылуды емес, Құдайдың рақымы сіздің өміріңізде әрекет етіп, сізге батылдық беруі үшін мінажат етеміз. Құдайдың осы жағдайды сіздің игілігіңіз үшін жібергеніне сенуіңізді сұрап сиынайық.


Батаны жоғалту
Егер адам бүлікті жалғастырса, бұл өзіне жауғалы тұрған Құдайдың жарылқауынан айырылуға әкеледі. Бүлік Құдайдың бізге белгілегенінің бәрін алуға кедергі жасайды. Бүлікшіл адам қуаныш сезіне алуы мүмкін, алайда ол оның толықтығын еш танып-біле алмайды. Ол осы өмірде бір нәрсеге сенім артуы мүмкін, алайда ешқашан Құдайдың шартсыз сүйіспеншілігін сезіне алмайды. Ол осы өмірде бір нәрсеге сенім артуы мүмкін, дегенмен ешқашан да Құдай бізге беретін мәңгілік өмірге деген үмітті иелене алмайды.

Құдайға деген қарсылық бізге Оның күшіне, даналығына кенелуге және Оның аясында рахаттануға кедергі жасайды. Ол бізді Құдайдың батасынан айырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет