Көмекші сөздердің мағыналық ерекшелігі.
Көмекшілердің сөз екендігіне дау жоқ, тым болмағанда барлық тілші ғалымдар түркі тілдеріндегі көмекші сөздердің тұлға жағынан тұрақты түбір морфема екендігін мойындайды. Ал қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ басқа түркі тілдерінде де, түбір морфемалар сөзге тең болады. Бірақ кез-келген дыбыс не дыбыстар тізбегінің сөз екендігін мойындау үшін оның құрылымдық элементтерін де мойындау керек. Екінші сөзбен айтқанда сөз екі элементтен тұрады: 1) мағынасы, 2) дыбысталуы. Сөздің мағынасы —оның ішкі жағы, яғни мазмұны болса, дыбысталуы — сыртқы жағы. Бірақ тілшілеріміздің кейбіреулері көмекшілердің сөз екендігін мойындаса да, оның мағынасының бар екендігін мойындамайды. Дұрысы кей ғалымдар көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ деп есептейді. Жалпы сөз мағынасы дегенде, біз лексикалық мағынаны ойымызға аламыз, ал грамматикалық мағына дегенде лексикалық мағынаға ілесе жүретін грамматикалық формалар арқылы берілетіи мағынаны түсінеміз. Егер көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ дейтін болсақ, онда олардың сөз екендігін де мойындамаған болып шығамыз. Мағынасы жоқ, тек дыбысталудан тұратын сөз болады деген теорияны қолдаған боламыз.
Жалпы сөздік құрамындағы сөздерді лексикалық мағына дербестігіне қарай (бар, жоқтығына қарай емес) екіге бөлу — дәстүрлі гармматикамызда ертеден келе жатқан құбылыс. «По степени лексико-семантической полнозначности и самостоятельности и по способности выступать на уровне синтаксиса в качестве отдельного члена предложения или словосочетания части речи объединяются в два разряда; первые девять (зат есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөз, модаль сөз, одағай-О.А.) частей речи составляют знамемательные слова, последние три-служебные слова (септеулік, жалғаулық, демеулік—О.А.)»,— деп ажыратады башқұрт тілінің академиялық грамматикасының авторлары[27,95]. Басқа түркі тілдерінің материалдары негізінде жазылған оқулықтарда атауыш (толық мағыналы) және көмекші сөздерді ажыратудың басқаша принципін ұсынады. Мысалы, қазақ тілінің академиялық грамматикасының авторлары (тарауды жазған проф. А.Ысқақов) «Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық (формальдік) белгілеріне қарай ең әуелі атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп аталынатын үш топқа бөлінеді», — дейді[2,39]. Сөздерді семантикалық және морфологиялық белгісіне қарай үшке бөлу А.Ысқаковтың басқа еңбектерінде де бар[1,126-134]. Қазақ тілінің, сондай-ақ басқа түркі тілдерінің, материалдарының көрсетуінше, көмекші сөздердің морфологиялық түрлену үлгісі бірдей емес. Мысалы, көмекші сөздер тобына кіретін көмекші есімдер мен көмекші етістіктер зат есім не етістік үлгісінде түрленіп қосымшалар қабылдаса, шылау көмекшілер атымен топтастьтрылып жүрген септеулік, жалғаулық, демеуліктер қосымша қабылдамайды, түрленбейді. Демек, көп түркі тілі грамматикасының авторлары септеуліктерді, демеуліктерді, жалғаулықтарды жеке-жеке сөз тобы ретінде бөліп алғанда осы грамматикалық сипатының сәйкес келмеуін негіз етеді. Нәтижеде олар 12 сөз тобы бар деген пікірді қолдайды.
Түркі тілі грамматикасының барлығында да басқа сөздерден көмекші сөздерді ажыратып бөліп алу бар. Бірақ ғалымдар арасында көмекші сөздерге кандай дәреже беру керек; атауыш сөздермен арақатынасын қалай ашу керек деген мәселеде пікір алалығы бар. Бұл тек түркітаным пәнінде ғана емес, жалпы тіл білімі көлемінде де бар. Мысалы орыс тілшілерінің өздері көмекші сөздерде лексикалық мағына бар ма, жоқ па деген мәселеде аралары ашылып, бірнеше топқа бөлініп жатады. И.И.Мещанинов «Прежде всего ни предлоги, ни союзы не являются носителями выраженнй понятия или наименования предмета и по_этому самостоятельного лексического значения не имеют»,— «деп лексикалық мағынасы жоқтығын көрсетсе»[7,356], А.М.Пешковский көмекші сөздерді «бос сөз» деп атанды[7,356]. Екінші бір топ орыс тілшілері көмекші сөздерде тек грамматикалық мағына бар да лексикалық мағына жоқ деп есептейді. Л.Л.Шахматов «Некоторые слова имеют исключительно грамматическое значение: эти слова служебные»,- деп ашық айтады[28,432]. Үшінші топ орыс тілшілері көмекші сөздерде әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағына бар деген пікірді қолдайды. Мысалы, «В семантическом отношении служебные слова, например предлог в хотя оно и не употребляется самостоятельно, без имени, обладает тем не менее помимо своей грамматической функции известным минимум лексического значения...»,— деп В.М.Жирмунский көмекшілердің мағынасында аз болса да лексикалық мағынаның барлығын мойындайды[15,23]. Түркі тілдерінің материалдары негізінде көмекші сөздермен байланысты айтылып жүрген пікірлерді де осындай үш топқа бөліуге болады. Біздіңше, бұл үш пікірдің біреуіне қосыла салу даулы мәселенің басын ашуға себебі тимейтіндігі анық. Бір пікірге қосылғандағы мақсат — ол пікірдің басқалардан дұрыстығын көрсету.
Азербайжан ғалымы Ф.Зейналов пен қазақ тілінің маманы Н.Оралбаева көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ деушілердің пікірін қолдайды. Мысалы, Н.Оралбаева «Көмекшілерде лексикалық мағына жоқ, бұл олардың бәріне ортақ...». «Лексикалық мағынасы жоқ көмекшілер — сөйлемде дербес сөзге түрлі мағына қосатын грамматикалық көрсеткіштерге ауысқан элемент»,— деп қорытынды жасады[29,147]. Көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ деген пікірді Ф.3ейналов танытады. Ф.Зейналов өз пікірін ғылыми негізде дәлелдеуге әрекет етіп, лексикалық мағынасы бар деушілерді грамматикалық мағынаның табиғатын түсінбейді деп айып тағады[15,23]. Қазіргі тіл білімі пәнінде лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналардың ара-жігін ажыратуда қиыңдықтың бар екендігін, ғылымдардың арасындағы пікір таласының тамыры терминде екендігін біз басқа жұмысымызда айтқан болатынбыз. Біз лексикалық мағынаны түбір морфемалар арқылы берілген мағына, грамматикалық мағынаны грамматикалық формалар арқылы берілген мағына деген тезисті қолданамыз.
Н.Оралбаеваның пікірінше көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ. Оның жоқ екендігін, біріншіден, сөз тіркесінің сыңары бола алмауынан, екіншіден, сөйлемнің дербес мүшесі болмауынан, үшіншіден, грамматикалық дамудан өткендігінеи білеміз дейді. Бұл үш қасиеттің де көмекші сөздердің табиғатында бар екендігі даусыз, бірақ авторға қарсы дау айтуға да болатын сияқты. Сөз тіркесінің дербес сыңары болмауы, өз алдына тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беріп, сөйлемнің жеке мүшесі болмауының сыры көмекшілердің дербес лексикалық мағынасының болмауынан, мағынасының солғындауынан туған қасиет емес пе? Монғол тілінің маманы Т.Бертагаевтың көмекші сөз бен толық мағыналы сөздердің тіркесін сөз тіркесі деп есептеуі дұрыс деушілер де бар[15,23]. Белгілі бір тілдің грамматикасының аясына түспеген, грамматикалық жақтан тұлғаланбаған сөз бола ма? Кез келген сөз белгілі бір тілдің грамматикасының аясына түсіп, лексикалық және грамматикалық мағыналардың бірлігі ретінде ғана өмір сурмей ме? Бұны қазақ тілі материалы негізінде (нольдік формамен байланысты) автордың өзі де анықтаған болатын.
Көмекші сөздерде лексикалық мағына бар ма, жоқ па деген сұрауға бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Оған себеп семантикалық категориялардың күрделігінде жатыр. Екінші нәрсе лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналардың ара жігін ажыратып жататын белгілердің өте анық болмауында. Үшіншіден, лексикалық мағынаға да, грамматмкалық мағынаға да барлық кезде бір өлшем негізінде баға беруге болмайды. Бір тілдің грамматикалық мағына деп есептелінетін тілдің екінші бір тілде лексикалық мағына есебінен берілетіндігі тіл білімінде анықталған мәселелерден болып саналады. Мысалы, орыс тілінде жыныстық белгіні білдіретін род катогориясы бар. Сондықтан жыныстық белгіні білдіретін оларда арнайы қосымшалар қолданылады. Қазақ тілінде жыныстық белгіні білдіретін арнайы қосымшалар жоқ, ондай грамматикалық категория жоқ. Рас, азын-аулақ кірме сөздердің құрамында ондай қосымшалар қолданылуы мүмкін. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |