Іі- тарау. Орхон-енесей жазба ескеркіштеріндегі көмекші сөздер



бет4/9
Дата07.02.2022
өлшемі161 Kb.
#88446
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дип.-Көмекші-сөздердің-тіл-білімі

Одағай сөздер деп адамның әр қилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді айтамыз. Өздерінің шығу ерекшеліктеріне қарай одағайлардың өзге сөздермен, мысалы, атаушы сөздермен де, көмекші сөздермен де семантикалық байланыс қатынасы болмайды және сол себептен, сөйлемнің мүшесі болмайды. Бірақ олар бүтіндей сөйлемнің орнына балама есебінде жүре береді.
Бұл аталған үш топ (атауыш, көмекші және одағай) сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Оған, өзгені былай қойғанда, атауыш сөздердің кейбіреулерінің көмекші сөздер мен одағай сөздерге ауысып, үнемі оларды толықтырып отыратыны да айғақ болады. Мысалы: біресе, қарай, өйткені, шейін деген көмекші сөздерді алсақ, бұлар ол бастағы бір ерсе, қарай олай еткені, шекейін деген атауыш сөздерден шығып ауысқан. Ал, мәсаған, әттегенай, бәрекелді, ойпырмай одағайлары бастапқы мә саған, ойт деген ай, барақа аллаһу (арабша), ой пірім ай деген тіркестерден ауысып қалыптасқан. Осылайша өз ара байланысты бола тұра, бұл үш топ сөздің әрқайсысы, жоғарыда айтқандай, өзді-өздеріне тән ерекшеліктері бар алды-алдына топтар. Әрине, бұл үш топ сөздердің тілде алтын орындары бірдей емес. Мысалы, олардың ішінде сан жағынан да, соған лайық тілдің бүкіл лексикасына негізгі ұйтқы болу жағынан да атауыш сөздердің алатын орны мен маңызы төтенше зор. Ал, осы атауыш сөздердің өздері де, жоғарыда көрсетілгендей, жалпы сипаттары бола тұра, іштей, алды-алдына тән ерекшеліктері мен жалқы сипаттарына қарай, әр қилы лексика-грамматикалық топтарға бөлінеді. Мысалы, оларды алдымен есімдер мен етістіктер деп аталатын екі үлкен салаға бөліп алған дұрыс болады. Бірақ бұнымен тыну да жеткілікті емес, өйткені есімдер деп аталатын сөздерді алсақ, олардың өздері де лексика-грамматикалық өзгешеліктері жағынан іштей біркелкі емес. Егер, зат есімді, сын есімді, есімдіктерді алсақ, бұлардың бәріне тән өзінше жалпылық болса, үстеу сөздер мен еліктеу сөздердің өздеріне тән әрі жалпы, әрі жақын қасиеттері бар. Осындай жалпы қасиеттері мен өз ара жақындықтарын ескере келіп, атауыш сөздерді екі жікке бөліп, олардың біреуін атауыш есімдер деп, екіншісін үстеуші есімдер деп саралауға болады. әрине, етістіктердің өз алдына ерекше топ құрайтыны ешқашанда және ешқандай да шәк (күдік) келтірмеске тиіс.
Сөйтіп, атауыш сөздерді атауыш есімдер, үстеуші есімдер және етістіктер деп бөлудің өзінше негізі бар екенін көреміз. Ал, әдетте осындай тілдік құбылыстарды бір-бірінен ажыратуға, оларды айқындауға және тануға таяныш етілетін негіздер тіл білімінде принцп деп аталады. Сөздерді осылайша топ-топқа бөлгенде, сол сөздердің лексикалық мағыналары ескеріліп отырған жоқ, олардың әр тобының категориялық семантикалары негізге алынып отыр. Олай дейтін себебіміз – атауыш есімдерге қатысты сөздер әр алуан заттардың немесе ойша зат деп түсінілетін я зат есебінде қабылданатын ұғымдардың аттары ретінде қызмет етеді, демек, олар заттардың ұдайғы я тұрақты белгілері мен қасиеттері жайындағы заттық ұғымдар мен түсініктердің аттарын білдіреді. Үстеуіш есімдерге қатысты сөздер, әдетте, қимыл-әрекеттердің әрқилы белгілері мен «белгінің белгілерін» білдірсе, етістіктер әр алуан амалдар мен күй-жайдың немесе ойша әрекет есебінде қабылданатын олардың көріністерінің атаулары ретінде қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет