Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығы
Мақсаты: педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығының ғылыми негізлеріне сипаттама беру.
Міңдеттері:
а) Әлеуметгік ортаның компоненті ретінде балалар ұжымының
феноменін негіздеу.
ә) Педагогикалык процестегі окушылар ұжымын дамытудың мәнін, кезендерін және зандарын анықтау.
б) Тұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесін ашып көрсету.
Жоспар
1. Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері.
2. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби
маңызды қасиеттері.
3. Балалар ұжымынының жағдайын диагностикалау әдістемесі.
Балалар ұжымы дамуының кезеңдері мен заңдары, оқушылардың өздерін-өздері басқаруы, оқушы ұжымының қалыптасуының диагностикасы.
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымнын педагогакалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепеппшский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді; ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық манызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті карым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару оргаңдарының болуы.
Мектептің балалар ұжымы бастауыш ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардын мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты кқызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің манызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамнын моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кенейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.
Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымынын үлкендер ұжымына қарағандағы ерекшеліктері:
- қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның манызды мақсатына
бағытталған бірлескен іс-әрекеті;
- ұжым мүшелерінін еркін қарым-қатынас жасауы;
- ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және
тәуелділігі;
- өзін-өзі сайлау органдарының болуы.
Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқа да ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең құқықтық өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б.
Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін бітуі қажет.
А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Оның пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандықтан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Ұжым дамуының негізгі заңдылығы — перспективалық бағыттарының болуы оның мәні ұжымынын дамуы тек перспектива (мақсат, іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік манызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалық бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.
Перспективаларды-ертеңгі куанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатқа жету куанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінін канағат сезімін тудырады. Ұжымнын іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, онын стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-құлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ықпалында тікелей емес, жанама түрде, оның оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін. Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін баскару ұжымның дамуының келесі заңы — параллельді ықпалдар заңы.
Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсеңділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық - тұлға аралық (достық, ұнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткендей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш модельі қалыптасады:
1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;
2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы
(И.П.Подласый).
3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.
Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғанын даралығын,өзін-өзі көрсете білу кабілетін калыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғанын ара қатынасын, білуі қажет.
Ұжым даму заңдылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады.
Әрине, осы кезендердін арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуте болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезеңінін барлығын педагогтардын дұрыс менгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.
Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақталған "кұрама сынып" оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Бұл кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымнын қалыптасуы кезенінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.
Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.
Әрбір оқушы бұл кезеңде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің қоғамдық маныздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылган мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушынын рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек.
Оқушы ұжымының дамуының үшінші кезенінде тек мұғалім мен белсеңділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердін ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруынын жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.
Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізулегі мұғалімнің кәсіби қасиетері. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиеттері қажет. Кәсіби маңызды қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б.) көңіл бөлді. Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі зандарын басшылыққа ала отырып (Н.Д. Хмель), педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктер жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, тұтас педагогикалық процестін нәтижелілігі "педагогтар-оқушылар" жүйесіндегі өзара қатынастың ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. "Оқушы" жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. "Оқушылар" жүйесінде қарым-қатынас "педагогтар-оқушылар" жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби манызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретінде қарастырылатын қжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке ұасиеттерін қалыптастыруға қатысты.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дқрыс өзара қарым-катынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас, өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырлығына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінін жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына (Н.К. Крупская, Т.Е. Конникова, А.С. Макаренко, Л.И. Новиков, ВА Сухомлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:
1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің
және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестін мәні мен құрылымы туралы теориялық білімдер.
2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және
оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас
түсініктің болуы.
3. Оқушы ұжымынын қалыптасу жағдайы мен деңгейін
диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестін негізгі
көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын
болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.
4. Педагогикалык ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және
оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.
5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен кабілетіне сәйкес жалпы
мақсатқа (сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың
ықпалдасу жүйесі) жетуте бағытталған оқудағы және оқудан тыс
іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу.
6. Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің
педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды ұштастыра алуы.
7. Алғашкы ұжымды мектепте және мектептен тыс басқа ұжым
түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.
Балалар ұжымынын жағдайын диагностикалау әдістемееі.
Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында "оқушылармен ынтымақтастықта бола алу кабілеті" критерийі –қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінін ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың мүмкіңдіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудін әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева).
Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қазіргі кезеңде бұл қасиет ерекше манызға ие болады, өйткені ол қоғамадқ іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардын оған жауапкершілік, белсеңділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын ұмтылуын қамтиды.
Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға он көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі сепбебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы форммальдылық, жұмыстың пайдасыздығынын айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұраныска ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.
Қоғамдык тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс. Тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағандары орынды. Орындалған тапсырма мен онын орынласу сапасы жөнінде ұжым алдыңда есеп берілуі қажет.
Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі. әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің манызы өте зор.
Жинақталған және талданған материалдарын сынып жетекшісі "балалар ұжымының қалыптасу жағдайынын графигі" түрінде беруіне болады. Оқушылар ұжымынын жағдайы: оқушылар, балалардың өзара пікірлесуі, формалық, формальды емес лидерлерінің болуы. Бұл графикті талдау кқажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушылар мен ата-аналар арасыңда талқылануы тиіс.
Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және оқушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып жетекшісі осы ұжымнын қалыптасу денгейін көтеруте бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |