Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығы Жоспар



бет1/6
Дата11.09.2024
өлшемі2,93 Mb.
#204154
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығы


Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығы
Жоспар:
  • Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері
  • Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері
  • Балалар ұжымының жағдайын диагностикалау әдістемесі

Ұйымдастыру кезеңі


Алған рет ұжымды қалыптастыру сатыларын ғылыми түрде анықтап негіздегендірдің бірі А. С. Макаренко болды. Ол тәрбие ұжымын дамытуда педагогтың міндетті талаптарынан ұжымның талаптары тұсында жеке тұлғаның еркін талаптарының қалыптасу процессі жатады деп атаған. Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудң басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді; ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық манызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті карым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару оргаңдарының болуы.
Оқушылардың ұжымын қалыптастыру күрделі педагогикалық процесс, оны терең зерттеп,танып білу арқылы ғана оқыту және тәрбиелеу жұмысының басты мақсаттары іске асырылып, жан жақты дамыған және әлеуметтік ортада қызмет ете алатын жеке тұлға қалыптасады.

Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасының басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдықтарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін қарастырып және олар өзін ұжымда орнықты сезінуі қажет. А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Оның пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандықтан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Ұжым дамуының негізгі заңдылығы — перспективалық бағыттарының болуы оның мәні ұжымынын дамуы тек перспектива (мақсат, іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана болуы мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік манызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалық бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет