Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығы Жоспар



бет4/6
Дата11.09.2024
өлшемі2,93 Mb.
#204154
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығы

  • Сангвиник- (жеңілқанды). Қуатты, ширақ, қабілетті, беріліп істейді. Басқа адамдармен тез тіл табысады. Қимылы көп, ақжарқын, ашық мінезді болып келеді. Белсенділікті, тапқырлықты, зеректікті қажет ететін жұмыстарға қабілетті.
  • Холерик- (ыстыққанды). Қимыл қозғалысы өте тез, шапщаң. Олар күйгелек ұстамсыз болады. Белсенді, батыл, бастаған істі аяқтап шығады. Басшылық етуге құмар, өзін жоғары санайды, біреу қарсы сөйлесе ашуланып қалады. Ашық әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Қозу процесі күшті, тежелуі әлсіз, ұстамсыз тип.
  • Флегматик- (суыққанды). Көбіне салмақты, ұстамды сабырлы келеді. Қимыл қозғалысы баяу асықпайды, сезімі тұрақты. Бір сарынмен сөйлейді, сөйлеседі. Адамдармен жақындасып сөйлесуі жие емес. Жұмысты тияқнақты, байсалды орындайды. Флегматикті барлық уақытта құлшындырып отыру керек.
  • Меланхолик- (ауырқанды). Аса сезімтал, тұйық, олақ, оқшау болып келеді. Әр нірседен ауыр әсер алып,сол сезімнен көпке дейін арыла алмайды. Көңіл күйі жабырқау, кейде тіпті қайғылы да болады. Адаммен көп араласпайды, іс әрекетке бірден кіріспейді. Ол тыныш және қауіпсіз орында жұмысты нәтижелі орындайды.

Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби қасиеттері

  • Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиеттері қажет. Кәсіби маңызды қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б.) көңіл бөлді. 

Мұғалімнің ұйымдастыру

Мұғалімнің ұйымдастыру

қабілеті оның оқушылармен

және оқушылардың бір

бірімен дұрыс қарым

катынас жасауынан көрінеді.

Балаларды дұрыс

ұжымдастыра білуі

мұғалімнің құзырлығына

кіреді. Соған байланысты

мұғалім өзінің жинақтаған

білімінің негізінде балалар

ұжымының қызметін

ұйымдастыруға дайын

болуы керек.

 Мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет