І. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуының алғышарттары
1.1. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің даму
жағдайы
Білім беру жүйесі дегеніміз қазіргі тарихи кезеңде әлеуметтік-эконмикалық, ұлттық ерекшеліктеріне және еліміздің негізгі саяси–экономикалық міндеттеріне жауап беретін принциптер негізіде құрылған оқу-тәрбие мекемелері мен оны басқару органдарының жүйесін айтады.
Қазақстан Республикасының қазіргі білім беруді дамытуы және бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға қатысуы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауымен тығыз байланысты. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтарының бірі «осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауда ұдайы арттыру» деп нақты белгілеп береді. Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі білім беру реформасы деп атап көрсетті. /1/.
Достарыңызбен бөлісу: |