Бiлiм берудiң мазмұны дегенiмiз – оқушыларды жан – жақты дамытып, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiмнiң, iскерлiктiң, дағдының дәл белгiленiп алынған шеңберi. Бiлiм берудiң аса маңызды құрамды бөлiгi – бұл жалпы бiлiм. Жалпы бiлiм – табиғат, қоғам, адам баласының ойлауы туралы оқушыларда негiзгi ғылымдардың бiлiмдерiмен қамтамасыз етедi. Қандай да болсын, қоғамда мектеп бiлiмнiң мазмұны түгелдей тәрбие беру мақсатына байланысты және осы мақсаттың нақтылы көрiнiсi болып табылады./4/.