Ii бөлім Тарихи шығармалар тілінің лексикалық ерекшеліктері



бет7/14
Дата13.11.2023
өлшемі143,31 Kb.
#191284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
stud.kz-120461 2

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпты арқау еткен туындылардың тарихи танымдық маңызы, көркемдік ерекшелігі, тілдік қабатының қалындығы оларды басқа тақырыптағы көркем шығармалардан ерекшелендіріп тұрады. Қазақ қаламгерлерінің тудырған тарихи туындылары әдебиетімізде өз алдына жеке бір көш түзесе, олардың жанрлық, тақырыптық, тілдік т.б. өзгешеліктерін зерттеу нысанына айналдырған, ғылыми еңбектер көркем әдебиет тілін зерттеуге қосылған қомақты дүниелер.


Кез келген жазушы өз шығармасының тақырыбына, жанрына сай нені жазамын, қалай жазамын деген сұрақтардың алдында тұрары сөзсіз. Көркем сөзден кесте тоқитын сөз зергерлері өз бұйымдарында (шығармаларында) материалдың (әдіс-тәсілдердің) қандай түрлерін қолданды, әсемдік (бейнелілік, шынайылық) үшін қалай іске жаратады бұл әркімнің өзінің шеберлігіне, даралығына байланысты. Осы даралықтың, шеберліктің белгілерін дұрыс, дәл тауып, бағалай білу зерттеушілерге де үлкен жауапкершілік артады. Тарихи тақырыпта жазылған жаңа дүниелер жаңа сипаттағы зерттеулерге негіз болады. Яғни көркем шығарма әдебиет үшін де, тіл үшін де ортақ мүлік болғандықтан, зерттеудің филологиялық арнада жүргізілу қажеттілігі туады.
Қазақ филологиясында тарихи шығармалар тіліне күні бүгінге дейін әдебиет тұрғысынан да, тілдік тұрғыдан да әр қырынан жан-жақты зерттеу жүргізіліп келеді. Ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміз бұл салада нақты ғылыми тұжырымдар жасап, ортақ байламдарға келді. Тарихи тақырыптағы шығармалар тілін зерттеушілердің дәстүрі қалыптасып, зерттеудің белгілі бір амал-тәсілдері тұрақталды десек те болады. Солардың ішінде соңғы жылдары көтеріліп жүрген мәселелердің бірі-тарихи тақырыптағы шығармалардағы тарихи стильдік тез көрінісі.
Тарихи шығармалар тарихи стильдік тезге түсіріліп жазылса, оның тарихи шынайылығы, көркемділігі де жаңа қырынан ашылады.Тарихи стильдік тезге түсірудің тың арналарын анықтау мақсатында соңғы он жыл көлемінде жарық көрген тарихи тақырыптағы шығармаларға атап айтқанда, Қабдеш Жұмаділовтің "Прометей алауы", Мұқадес Есламғалиевтің "Әйтеке би", Шәміс Құмардың "Ер Жәнібек" атты тарихи романдарының лексикалық қабатына тарихи тез тұрғысынан талдау жүргізуді мақсат қойдық. Мұнда авторлар шығарманың стильдік сұранысы мен талаптарына сай қазіргі қолданысымызда жоқ немесе өте аз ұшырасатын сөздерді өз орнымен жұмсаған. Бұл шығарма авторларының алдарына қойған мақсатына жету жолында қолданылған тәсіл болу үстіне, тілдің қазіргі қабатын қалыңдатудың тағы бір арнасы.
Осыдан келіп тарихи шығарманың тілдік қабатын зерттеу өзектілігі шығады.
Талдауға алынған романдар ішінде қаламы жүйрік қаламгер Қ.Жұмаділовтің "Прометей алауы" романы соңғы жылдары жарық көрген романдар ішіндегі тарихи стиль тезіне түсіріп жазудың үлгісі боларлық шығарма деп айтуымызға әбден болады. Бұған шығармада кездесетін тілдік-стильдік қолданыстар дәлел болады.
Мұқадес Есламғалидің "Әйтеке би" романында да дәуір келбетін танытатын тілдік бірліктер бар. Тарихи роман жазуда өз қолтаңбасын танытуға тырысқан қаламгер шығармасында тарихи стильдік тезді белгілейтін тілдік амал-тәсілдер молынан қамтылған. Шығарманы тарихи тезге түсіру қазіргі кездегі көмескіленген сөздердің мол қамтылуы дегенді білдірмейді. Ал жазушы шығарма тілінде көмескіленген атауларды тек қазақ тілінде ғана емес, араб, парсы тілдерінде береді. Көркем дүние ең алдымен оқырман үшін жазылатындықтан, оның түсініктілігі де қамтамасыз етілу керек деп ойлаймыз. Бірақ шығарма тілінде кездесетін сөздер шығарма стиліне, көркемділігіне нұқсан келтірмейді. Автор мұндай сөздерді сілтеме жасау арқылы түсіндіріп отырады.
Шәміс Құмардың "Ер Жәнібек" романы архаизм сөздердің мол қамтылуымен ерекшеленеді. Тарихи стильдік тезге түсіруді кейде архаизациялау деп те атайтынын ескерсек бұл шығарма стиліне сай келеді. Архаизмдерді мол қолданған жазушы олардың шығарма тіліңде түсінікті болуын қамтамасыз етеді.
Аталған жазушылардың шығармаларында тарихи тезге түсірудің басқа да жолдары қамтылған. Тарихи роман тілдерін тарихи тез тұрғысынан топтастыра, салыстыра келіп, зерттеу нысанына алынған романдарда тарихи стильдік тезге түсірудің барлық шарттары сақталған, жолдары іске асқан деген тұжырым жасаймыз. Болашақта зерттеу көлемін, нысанын арттырып, тарихи романдардағы тарихи стильдік тезге түсірудің басқа да қырларын ашуға болады дейміз. Бұған романдар тіліндегі амал-тәсілдер, тілдік материалдар мүмкіндік береді.
Романдарды тарихи тез тұрғысынан зерттеуіміздің нәтижесінде мынадай қорытындылар жасаймыз:
-стильдік тез, соның ішінде тарихи стильдік тез амалдары, әдіс-тәсілдері қазақ көркем прозасында жақсы көрініс тапқан;
-стильдік тез және тарихи стильдік тез туралы теориялық таным мен түсінік әдебиеттануда да, лингвистикада да, бұрыннан қалыптасқан, дұрыс жолға қойылған;
-қазақ прозасындағы тарихи шығармалар тарихи стиль тезіне түсірудің үлгісі боларлық туындылар;
-тарихи романдардың лексикалық қабатын құрайтын сөздер, бірліктер, тіркестер қазіргі тілдің лексикалық құрамында да белсенділікке ие бола алатын тұлғалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет